Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:53, 28 июня 2013

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты түлектерінің оқу бітіру салтанаты өтті

Бүгін Алматы қаласындағы 28 гвардиялық-панфиловшылар паркіндегі Даңқ Мемориалында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты түлектерінің оқу бітіру салтанаты өтті.

Курсанттардың оқу бітіру салтанатына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров, Әуе қорғанысы күштерінің, Ұлы Отан соғысы және Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті билік өкілдері қатысты.

Алғашқы «лейтенант» әскери атағын алуға институттың 133 түлегі ие болып отыр. Олардың тоғызы оқу озаты дипломы мен «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» кеуде белгісіне ие болды. Оқу орнын алтын медальмен лейтенант Владимир Иванченко бітірді.  Ол Астана күні қарсаңында елордада Елбасының қолынан диплом мен погон алу құрметін иеленді.
Бұл бітірушілер аталған институт курсанттарының жетінші түлектері. Институт тарихы Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери факультеттен бастау алған болатын.

2002 жылғы қыркүйекте Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының  сол жылдардағы бастығы  полковник Асылхан Сағанаевқа институттың Жауынгерлік туы тапсырылған болатын. Қазіргі кезде аталған оқу орнына полковник  Қайрат Садықов жетекшілік етеді. Бүгін институт бастығы және оқытушы профессорлар құрамы түлектерге  ақ жол тілеп, офицерлік қызметте табыстар тіледі.

Осы жылдар арасында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты барлық әскер түрлері мен тектерінің құрамалары мен бөлімдері, байланыс әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері үшін жоғары сыныпты мамандар дайындады.

Болашақ офицерлер институт қабырғасында зенитті-зымыранды әскерлер, Құрлық әскерлерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс, радиотехникалық әскерлер және радиотехникалық қамтамасыз ету, байланыс және автоматтандырылған басқару жүйесі факульттері бойынша 5 жыл білім алды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
1050
2