место в рейтинге
  • 657817
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тайлақ көтерген балуан-студент

 

Сту­денттер күнде өздері көріп жүретін осы жігіт «түйе көтеріпті» дегенді естігенде сен­беген де. Қайдан сенсін, екі иығына екі кісі мінгендей алып емес, өздерімен бірге жүрген жігіт емес пе…

Бірер күннен соң қазақ күресі жанкүйерлерінің назары Астанаға ауады. Себебі «Сарыарқа» велотрегінде «Қазақстан Барысының» ақтық сыны өтеді. Осындай дүбірлі додаға іріктеу сындарынан іркілмей өткенімен, оқу-жаттығу жиындарында жарақат алып, қатыса алмай жүрген талантты жастар да баршылық.

Солардың бірі – Алматы қаласындағы Спорт және туризм академиясының ІІІ-курс студенті Олжас Қайратұлы. Жақында осы талантты жігітпен тілдесіпқайтқан едік.

Балуан жігіт Алматы облысы Алакөл ау­даны Жоңғар қақпасы деген жерде туыпты. Балуандық өнер ата-бабаларынан дары­ған секілді. Әкесі ат құлағында ой­наған, өз өңіріне танымал, белгілі шабан­доз болған.

Негізі, балуандық қасиет нағашыларынан да дарыған секілді. Нағашы атасы кезінде күрестен ересектер арасында СССР спар­такиадасын жеңіп алған екен. Аты-жөні – Қалиасқар Әбиев.

Күреске келуіне алғашқы бапкері Бағ­лан Айтақынұлы Ақташев себепкер бо­лыпты. Мектепте оқып жүрген кезінде ауыл бапкерінің көзі осы жігітке түседі. Де­не бітімі мығым, күреске де икемді екенін байқайды.

Содан Олжасты күреске баули бастайды. Жас балуан сол кезден бастап осы бапкердің қол астында жат­тығып келген.

Қазіргі таңда Сидней Олимпиада­сының қола жүлдегері Айдын Смағұлов­тың қол астында жаттығып, үлкен спорт­тың дәмін татып жүр. Олжас: «Айдын ағамныңсенімін ақтап, биік шыңдарды бағындырсам, өз өнеріммен бапкер ағама еңбегінің жемісін көрсетсем», – дейді.

Өздеріңіз білесіздер, Олжас түйе көте­ріп, бүкіл елді таңғалдырған. «Күш атасын танымайды» деген осы болса керек. Сту­денттер күнде өздері көріп жүретін осы жігіт «түйе көтеріпті» дегенді естігенде сен­беген де. Қайдан сенсін, екі иығына екі кісі мінгендей алып емес, өздерімен бірге жүрген жігіт емес пе…

Өзі болса күнделікті қарапайым кей­пінен арылмай:

– Киелі жануарды көтеріп қана қоймай, арқалап алып, 16 қадам жүру меніңтүсіме де кіріп шықпаған. Бұл сайыс – қазақтың қанында ежелден келе жатқан дәстүрлі спорт ойындарының бірегейі. Ал мен төрт түлікті бағып,қарап өстім. Бірақ оларды ешқашан көтеріп көрмеген екенмін. Сол бір Талдықорған қаласын­дағы ұйым­дас­тырылған шараға бапкер­лердің ұсынысы бойынша барған бола­тынмын. Бапкер­лерім маған сенімді болған болулары керек. Олардың ұсыныстарынан бас тарта алмадым.

Тәуекелге бел буып, ортаға шықтым. Сайысқа жеті жігіт қатыстық. Алғашқы шыққан алты балуан тайлақты орнынан қозғай алмады. Ең соңынан мен шықтым. Алғашқы екі мүмкіндігімде ыңғайсыздық жағдайларға байланысты тайлақты құлатып алдым. «Ер кезегі үшке дейін» демекші,үшінші мүмкіндігімде тайлақты мойныма салып алып, 16 қадам жүрдім. Осы еңбегімді бағалаған қала басшылары көтерген түйені маған сыйға тартты,– дейді.

Олжас – жыл сайын өткізіле бастаған «Қазақстан Барысы» жобасын қуанақолдайтындардың бірі. Қазақ күресін дамы­тып, жетілдіре түсудің бірден-бір жолы осы жоба деп есептейді. Аталған бүкіл­халықтық жобада бақ сынап, жүлде алу әрбір балуанның арманы ғой.

Олжас был­тыр «Қазақстан Барысының» іріктеу сын­дарынан іркілмей өтіп, «Жетісу Барысы» атанған болатын. Алайда жаттығу бары­сында белін жарақаттап алып, боз кілем­нен екі айға жуық қош­тасуға тура келіпті.

Ал биылғы жылғы іріктеу сынында бағы жанбай, дарынды Олжас «Қазақстан Бары­сының» ақтық сынына қатысу құқы­ғына қол жеткізе алмаған. Тіпті беделді бір бапкердің шәкіртімен белдес­кенінде, төрешілер қақпайлай бергендей. Бірақөзі бәріне өзін кінәлайды:

– Бар кінәні төрешілерге арта беруге болмайды. Кінә өзімнен. «Шын мықтыға тұсау жоқ» демекші, қарсыластарымның ап­шысын қуырып, бәрін де айқын ба­сымдылықпен жеңу керек еді. Ал олай таза жеңе алмаған соң, қысыр сөз айтып қажеті не? – деп қауесет сөздерге нүкте қойған.

Олжас «Қазақстан Барысының» биыл­ғы ақтық сынына шыққандардың бәрін сай­дың тасындай іріктелген талантты бал­уандар деп санайды екен. «Ұлан Рысқұл мен Бейбіт Ыстыбаев салған сара жолды былтырғы жылғы қола жүлдегер,қазақ кү­ресінен ел чемпионы Айбек Нұғымаров жалғастырып, топ жарады» деп ойлайды екен.

Қоштасарда алға қойған мақсаттары­ның өте көп екенін тілге тиек етті:

– «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, Алла сәтін салса, «Жетісу Барысы» атанып, «Қазақстан Барысында» жүлдеге іліксем деймін. Амандықболса, Спорт және туризм академиясын ойда­ғыдай бітіріп, күрес саласындаөзімнің ізімді қалдырып, күреске икемі бар ауыл балаларын қазақ күресіне баулысам деймін. «Өзім жете алмаған шыңдарды шәкірттерім бағындырса» деген арман әлден мазалайды – дейді.

Біз де тайлақ көтеріп жұртты таңғал­дырған шымыр жігітке «арманыңа жетіп,үлкен спортта өз ізіңді қалдыруыңа тілек­теспіз» деп қош айтыстық.


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
28 июня 2013, 10:01
237

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5369
  • 7
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 4296
  • 43
Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Только я дождался премьеры, как вдруг её отменяют. Откровенно говоря, у меня нереально бомбит от всего этого. Я, как и многие, очень люблю Дисней и его картины, и не против того, что они стали...
MrVladimirLV
17 марта 2017 / 16:03
  • 4107
  • 62
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки моя слабость наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 3797
  • 28
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 2926
  • 69
Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Это вообще что такое? Такой подарок молодым? Вот бытует мнение, что винят ведущего, кто-то говорит о людях. Я вообще такого не понимаю. Хотелось бы узнать ваше мнение, потому что я провел огромное...
fima
17 марта 2017 / 18:07
  • 2304
  • 12
Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Соседки в "апарте" были индианки и пакистанки, и я рада им, так как не уверена, что девочки из СНГ, с которыми кстати я сейчас живу на Шеринге, хоть раз спросили бы меня: "Кушала ли я?"
Sarasetek
17 марта 2017 / 18:03
  • 2143
  • 21
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
  • 2597
  • 99
Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Департамент юстиции Соединённых Штатов Америки провёл расследование кибератаки на поисковик Yahoo, которая произошла 3 года назад и по результатам которой было взломано больше 500 миллионов УЗП.
Seattle
17 марта 2017 / 18:32
  • 2109
  • 18