Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:57, 23 июня 2013

Әуе қорғанысы күштерінде ұшу жаттығулары өтуде

Blog post imageАлматы авиабазасы әскери авиациясының ұшу құрамы Ми-26, Ми-17 әскери-транспорт ұшақтарымен ормандағы өртті өшіру жөніндегі жаттығуларға кірісіп кетті.

Ұшқыштар жаттығуларды таулы аймақта және жазық жерлерде «Бэмби» су төккіш қондырғысын пайдалану арқылы пысықтауда. Олармен қатар өз елімізде құрастырылған отандық «Еврокоптер» тікұшақтары да ұшу жаттығуларын бастап отыр. Экипаж жаралыларды қауіпсіз аймаққа көшіру, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдау жұмыстарын іске асыруда.

Майдандық авиацияның ұшқыштары да әріптестерінен тыс қалыс қалмай оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Су-27 және МиГ-29 жойғыш ұшақтарының ұшу топтары өз тәжірибелерін жетілдіруде. Алматы облысының «Қызылағаш» полигонында талдықорғандық және жетігендік авиабазаның тәжірибелі кәсіби ұшқыштары арнайы нысаналарға ракеталармен, бомбалармен шабуыл жасауда. Ұшқыштар әуеде әртүрлі жаттығулар жасап, алыстан және жақыннан ұрыс салу қимылдарын көрсетуде.

Қысқаша айтқанда Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде оқу-жаттығулар жауынгерлік  дайындық бағдарламасының жоспары бойынша аптасына үш рет жоғары қарқынмен жүргізілуде.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
257
0