Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:04, 21 июня 2013

«Барыстың» қақпасында – финн «қамалы»

Blog post image

 

Тіпті Германияда тұратын қазақ қақпашысы Данияр Жүнісовпен де келіссөздер жүргізілгендей еді. Бірақ оның «Гризли Адамс Вольфсбург» клубымен арадағы келісімшарты әлі бір жылға жарамды екен.

«Барыс» клубы өз құрамын финн қақпашысымен толықтырды. Маусым аяқталысымен, былтыр астаналық клубтың намысын қорғаған финнқақпашысы Теему Лассила «Авангард» клубына ауысқан.

Негізі, «Барыстың» өзі бұл қақпашыны өз құрамында қалдыруға мүдделі болмағандай. Содан кейін оның орнына тәжірибелі қақпашы іздестірілді.

Тіпті Германияда тұратын қазақ қақпашысы Данияр Жүнісовпен де келіссөздер жүргізілгендей еді. Бірақ оның «Гризли Адамс Вольфсбург» клубымен арадағы келісімшарты әлі бір жылға жарамды екен.

Содан сәрсенбі күні «Барыс» клубы Финляндия құрамасының қақпашысы Ари Ахоненмен бір жылға келісімшартқа отырғандарын жария етті. Бұл қақпашы соңғы екі маусымда «Металлург» (Магнитогорск) клубының сапында өнер көрсеткен.

Аталған команданың сапында 85 ойын өткізіп, 2193 соққыны тойтарған екен. Бірақ өз қақпасына 181 шайба жіберіп алыпты. Яғни ол өз қақпасына бағытталған соққылардың 92,4 пайызына тосқауыл болған.

Айтпақшы, 2012 жылдың көктемінде, ҚХЛ-дың плей-оф додасында «Барыс» «Металлург» (Магнитогорск) клубымен кездесіп, осы Ари Ахоненге гол соға алмай, дал болған кездесулері болған-ды. Сол жолы жеті матчқа созылған додада «Металлургтен» 3:4 есебімен ұтылып, плей-оффтың екінші сатысына шыға алмаған.

Сөйтіп, бір финн қақпашысы кетіп, оның орнына Финляндияның басқа голкипері келді…

Дәл сол күні ресейлік басылымдар Мәскеудің «Спартагы» өз құрамын Қазақстанқұрамасының қақпашысымен толықтырғанын жарыса жазды. Бірақ ол көпшілік ойлағанадай Виталий Еремеев те емес, Виталий Колесник те емес Алексей Иванов болатын.

Иванов 2009-2012 жылдары Қазақстан чемпионатында ойнаған. 2010 жылы елімізің ең үздік қақпашысы атанды. Тіпті ұлттық құрама сапына да шақырылған. Негізі, Омбы қаласының тумасы. Бірақ Қазақстан азаматтығын алған.


 
0
152
0