Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:16, 21 июня 2013

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы: қорытындылар мен жоспарлар

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы танк бригадасының базасында Үшарал, Өскемен, Семей, Аягөз гарнизондары бөлімдері командирлерінің жиыны болып өтті.

   

Жауынгерлік оқудың өткен кезеңі ішіндегі қорытындысы және алдағы жоспарларды егжей-тегжейлі талқылау жиынның басты тақырыбына айналды. Жиын жұмысын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Василий Рысбаев  басқарды.

   

Аягөз гарнизонының жиын өткізу орны болып белгілені кездейсоқ емес. Қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери гарнизондары арасында жауынгерлік даярлықтың ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді.

   

Ең үздік бөлімдердің біріндегі жауынгерлік даярлық және тәрбие жұмыстары жүйесімен танысып, тәжірибе алмасу үшін жиын танк бригадасының базасында өткізілді. Оның командирі подполковник Тұралды Тұрғынбаев жиын өткізу үшін оқу-жаттығу орындарын дайындап қойды және жиынға қатысушылар бөлім қолбасшылығының жеке құраммен жұмыс істеу принциптерін және жауынгерлік даярлықты ұйымдастырылуын көзбе-көз көріп зерделеу мүмкіндігіне ие болды.

   

Жиын өткізу барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кейбір бригада және батальон командирлері мен сержанттарына қызметтегі табыстары, сондай-ақ түрлі жауынгерлік даярлық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін медальдар, мақтау қағаздары табыс етіліп, алғыстар жарияланды.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
404
0