Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:33, 20 июня 2013

Рене Декарт

Адам ақылы туралы: оны тану денені тануға қарағанда оңайырақ

Кешегі ойларымнан кейін мен күмәннің тұңғиына түсіп кеткендеймін. Бірақ ол күмәндардан арылудың жолын да көре алар емеспін. Тап бір терең иірімге құлап кетіп, сонда не жүзе алмай, не аяғымды тіреп кейін серпілу үшін түбіне жете алмай шыр айналып жүргендеймін. Сонда да өзімді алып шыққым келеді, бірақ қайтадан кешегі жолға тап болам. Ол – титімдей болса да күмән туғызған нәрсені анық жалған нәрсе сияқты көріп жоққа шығару жолы. Мен осы бетіммен рас нәрсені тапқанша жүре бермекпін, мейлі ол ақыры рас ештеңе жоқ екендігінің растығы болып шыға берсін. Архимедке де Жерді орнынан қозғау үшін қозғалмайтын жалғыз нүкте қажет болған. Мейлі, болмашы болса да мызғымас, рас бір нәрсе таба алсам, мен де алдыма дәл сондай ұлы мұраттар қоя алар едім.

Олай болса, мен өзім көріп тұрған нәрсенің бәрі жалған деген ойдамын. Алдамшы жадым көрсетіп отырған заттардың ешқайсысы ешқашан рас болмаған деп сенем. Менде сезім жоқ; дене, бейне, кеңістік, қозғалыс, орын – бұлардың ешбірі шынтуайында жоқ. Сонда шын рас нәрсе не болмақ? Бәлкім, бір ғана нәрсе: әлемде рас ештеңенің жоқтығы ғана шығар?

Алайда жаңа тізіп шыққан нәрселерден басқа, күмән келтіру еш мүмкін емес нәрсе жоқ екендігін мен қайдан білем? Жаңағы ойларды маған салып отырған бір құдырет жоқ па? Мейлі, оны Құдай дейік, басқаша атайық, маған бәрібір. Бірақ ол ойларды шығарып отырған өзім болсам, маған ол құдіреттің қажеті не? Басқасы солай болғанда менің өзім ше, менің өзім бір нәрсе емеспін бе? Өзімдегі әлдебір сезім, әлдебір денеден бас тартқан өзім емес пе? Тоқтайық! Бұдан қандай қорытынды шығады? Мен дене мен сезімдерге оларсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеде мықты байлаулымын ба? Бірақ мен әлемде ештеңе жоқ, аспан да, жер де, ақыл да, дене де жоқ деп өзімді сендіріп қойдым... Сонда қалай, мен өзім де жоқпын ба? Тіпті де олай емес! Өзімді бір нәрсеге сендірген кезде мен бар болғам, ол анық. Сосын ылғи мені адастырумен келе жатқан бір аса құдіретті және айлакер алдаушы және бар. Сонда қалай? Ол мені ақымақ қылып жүреді, ал менің өзім жоқпын! Мен өзімнің әйтеуір бір нәрсе ретінде бар екенімді біліп, ойлап тұрғанымда, ол мені жоқ деуге ешқандай өтірігімен сендіре алмақ емес. Қазір осы нәрселердің бәрі әбден ақылға салынған кезде мынаны мойындауымыз қажет: егер «аз есмь», яғни «мен бармын» деген пайымды мен айтсам, немесе ол менің ақылымда тұрған болса, онда пайым рас, яғни мен бармын деген сөз.

Десек те, бар болып отырған «меннің» кім екенін әлі анық біле алмай отырмын. Енді мен өзім үшін барынша рас, барынша анық болуы тиіс білімге жетіп тұрып, өз орныма басқа біреуді қойып жібермеуді, соның салдарынан ақиқаттан ауып кетпеуді ойлауым керек. Сондықтан осы ойларға келмей тұрғанда өзімді кім деп санағаным туралы тағы ойланайын, сосын одан манағы дәйектер бойынша титтей де болса күмән тудыратын нәрселерді шетінен алып тастап отырайын, сөйтсем ақырында ең рас және ең нық нәрсе қалатын болады.

Ал мен бұрын өзімді не деп санаушы едім? Әлбетте, адам деп санадым. Бірақ адам деген не? Ақылы бар хайуан деуім керек пе? Жоқ, онда хайуан деген не, ақылы бар деген не деген сұрақт........................

http://nurmura.org/news/ekіnshі-tolganys

0
681
0