Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:42, 19 июня 2013

Әскери қызметшілердің бюджет қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілуге мүмкіндігі бар

Одан әрі сатып алумен жалға алу тетігі арқылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» тұрғын үй бағдарламасы бірыңғай тұрғын үй бағдармасына қатысу әскери қызметшілерге бюджет қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілу мүмкіндігін береді.

   

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бірыңғай бағдарламасы әзірленгендігі белгілі.

   

Осы бағдарлама көптеген қазақстандықтардың алдында қолжетімді әдістермен өздерінің меншікті тұрғын үйіне ие болу перспективаларын ашты. Бұның өзге де азаматтармен бірдей пәтер мәселесі өзекті болып табылатын әскери қызметшілерге де қатысы бар.

   

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілуімен әскери қызмет ету мерзімі 10 жылдан кем әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді.

   

Бюджет қаражатын тиімді жұмсау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілерге осы Бағдарлама бойынша тұрғын үйді одан әрі сатып алумен жалға алу тетігін пайдалануды ұсынады. Өйткені төленетін ақшалай қаражат ай сайынғы жалға алу төлемдерін өтеу үшін пайдаланылады. Осылайша тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін өтемақы алатын әскери қызметшілер қызмет ету кезеңінде біртіндеп бюджет қаражаты есебінен жалға алынған тұрғын үйді сатып алатын және жеке меншік тұрғын үймен қамтамасыз етілу мәселесін шешетін болады.

   

Қазіргі уақытта «Қолжетімді тұрғын үй» Бағдарламасының шеңберінде еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үй салынып жатыр. Ағымдағы жылдың соңына және келесі жылдың басына қарай осы бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілерден құжат қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланатын болады.

   

2013 жылдан бастап Бағдарламада барлық әскери қызметшілер қатыса алатын халықтың барлық санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше нұсқасы көзделген. Тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, сондай-ақ одан әрі сатып алумен жалға алу тетігі арқылы көзделеді.

   

Нақтырақ: http://mod.gov.kz/mod-kz/index.php/faq/1390-2015-02-09-04-49-36

0
181
0