место в рейтинге
  • 644693
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жеткіншектеріміз Азиядан 14 жүлде олжалады

 

Пхукетте (Таиланд) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп, Қазақстан балуандары 14 медаль (4 алтын, 3 күміс, 7 қола) олжалап қайтты.

Пхукетте (Таиланд) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп, Қазақстан балуандары 14 медаль (4 алтын, 3 күміс, 7 қола) олжалап қайтты. Бірден айта кетейік, сары құрлық біріншілігіндегі әрбір белдесу үш минуттан тұратын екі кезеңдік жаңа ереже бойынша өткізілді.

Грек-рим күресі

 

Боз кілемге әуелі грек-рим күресінің жас шеберлері шықты. Күрестің бұл түрінен Қазақстан өрендері бір алтын, үш қола еншілеп, жалпы командалықесепте 54 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Еліміздің жас «классиктерінің» алдын Оңтүстік Корея (57 ұпай) және Иран жеткіншектері орап кетті.

Нұрым Дүйсеновтің шәкірттерінің ішінен ел намысын асқақтатып, алтынмен апталған 74 келі салмақ дәрежесіндегі Әбунасыр Өмірзақ болды.

Жақында ғана 66 келі салмақтан ауысқан Әбунасыр әуелі Қытай қыраны Зонгчанг Лиден басым түсіп (9:0), одан соң жапон Со Сокабеге де дес бермеді (7:0). Финалда қырғыз Самат Ширдаковпен белдесті. Жақында ғана ЖақсылықҮшкемпіров атындағы турнирде осы қырғыз балуанымен кездесіп, басым түскенӘбунасыр бұл жолы да қырғыздың қайсар жігітінен айласын асырды. Есеп – 4:3.Әбунасыр Өмірзақ – Азия чемпионы!

 

60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Данияр Қаленов қола жүлдегер атанды. Ол өз белдесуін 1/8-финалынан бастап, Иран балуаны Омида Гадирефариманиді тізерлетті (6:1). Ширек финалда жапон Рио Муракамиден ұтылып қалғанымен (0:2), үшінші орын үшін белдесуге мүмкіндік алып, шешуші кездесуінде қытай Лонг Жуды ұтып (4:3), қола жүлдеге қол жеткізді.

Көпшілікке танымал, 66 келі алмақ дәрежесіндегі Жәнібек Қандыбаев бұл жолықола жүлдені қанағат қылды. Осы жолы Жәнібектен те, Данияр Қаленовтен де алтын күткенбіз. Бірақ екеуіне де бұйырғаны қола болды. Жәнібек алғашқы белдесуінде тәжік Хурсрав Облобердыевтен ұтылып қалып (2:9), жігерімізді жасытқан. Бірақ ол да қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болып, барын салды. Үшінші орын үшін қытай Енченг Санмен белдесіп, бар «ашуын» содан алды. Есеп – 7:0.

Сондай-ақ 120 келідегі Болат Бекжанов та қола медаль еншілеп қайтты. Әлбетте, ең ауыр салмақтағы алыптар саны аз болады ғой. Сондықтан Болат Азия чемпионатын бірден ширек финалдан бастап, өзбек Шерзод Акбаовты асақиналмай ұтты (4:0). Алайда жартылай финалда оңтүстіккореялық Мин Сек Кимге есе жіберіп алды. Есесіне, қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде Иранның жас алыбы Мудареси Мухаммадты «алып жықты» (4:0).

Өкінішке қарай, тағы үш балуанымыз қола медаль үшін күресіп, жеңілістіңкермек дәмін татты. Бұл жерде 84 келідегі Рашид Кочиевке жүлде бұйырмағанын атап өткіміз келеді. Әуелі жапон Руйносоке Хаяшиді ұтқанымен, жартылай финалда кәріс Джун Хенг Чодан аса алмады. Негізі, 1:0 есебімен Рашид ұтып жатқан. Бірақ аяғын жарақаттап алып, белдесуді әрі қарай жалғастыра алмаған. Сөйтіп, бір жүлде (алтын ба, күміс пе) сынаптай сусып кете барды…

Ал Рашид жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Осылай алтынмен апталуға әлеуеті жетеді деп отырған бір жас талантымыз қатардан шығып қалған. Тіпті қола жүлде үшін өткен кездесуде кілемге шыға алмаған. ҚР күрес федерациясының баспасөз қызметі жексенбі күні түнде «қазір Рашидтің жағдайы жаман емес, айығып келеді» деп ақпарат таратты.

50 келі салмақта бақ сынаған Дәулет Дәрібаев алғашқы белдесуінде Иран балуаны Раз Хедраны жеңіп қуантып, одан соң жапон Наоки Кашиваданы да бұйым құрлы көрмеген (8:0). Алайда жартылай финалда Солтүстік Корея жеткіншегінен, ал қола медаль үшін өткен шешуші белдесуді үнді үмітіненұтылып, жүлдесіз қалды.

55 келідегі Ахмет Ізбасқан ширек финалда солтүстіккореялық Сонг Хек Кангудіұтқанымен (13:11), жартылай финалда оңтүстіккоерялық Сенг Хак Кимге төтеп бере алмады (0:8). Бірақ осы қарсыласы финалға шығып, үшінші орын үшін белдесуге мүмкіндік алған. Алайда қола жүлде үшін өткен белдесуде де Ахметтіңбағы жанбады.

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, жеті жеткіншегіміз жүлде үшін күресіп, төртеуі елге олжалы қайтты. Осы күрес түрінен Азияның бес жүлдесін иелену мақсат тұтылғандай еді. Оған сынық сүйем жетпедік. Бір балуанымыз жарақаттанып қалды. Әйтпесе бесінші жүлде да уысымызда тұрғандай еді.

Грек-рим күресінен тек 96 келі салмақ дәрежесіндегі Әлімхан Сыздықов алғашқы белдесуінде өзбек Джахонгир Турдиевтен ұтылып қалып (0:7), кілемнен тым ерте тыс қалды.

Қыздар күресі

Қыздар күресінен ел намысын қорғаған бойжеткендеріміз екі алтын, үш қола медаль жеңіп алып, 53 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Алдымызда – өткен жылғы Азия чемпионатындағыдай, біздің қыздардан екі ұпайлары артық Жапония және Үндістан бойжеткендері.

Болат Нұрмұхамбетов дайындаған қыздарымыз былтыр бір алтын, бір күміс, екіқола еншілесе, биыл сол көрсеткіштерінен сәл-пәл асты.

Бірінші болып, 67 келіде белдескен Ирина Казюлина Азия чемпионы атанды. Алғашқы бедесуінде Тайпэй қызы Чен-чи Хуангті жолынан тайдырып (9:1), одан соң үнді аруы Симағак үстемдік көрсетті (7:0). Финалда оңтүстіккореялық Чо Ли Кимді аса қиналмай ұтып, Азияның саф алтынын өңірінде жарқыратты.

Қыздар арасындағы екінші күнгі белдесулерде Екатерина Ларионова өзінің нағыз талантты балуан екендігін дәлелдеп шықты. Катя былтырғы Азия чемпионатында да финалға шыққан. Бірақ жарақатына байланысты ақтық сында кілемге шыға алмай, күміс жүлдені қанағат тұтуға тура келген. Биыл соның есесінқайтарды. 63 келідегі Азия біріншілігіне екінші айналымнан қосылып, Мьянма елінің үміті Тхазин Пуй Майды қиналмай жеңді (4:0). Содан соң маңғол қызы Нямгерей Бурнебатардан да айласын асырды (5:3). Ал финалда Қытай қызы Чуинг Тангты тізе бүктірді (5:2).

48 келідегі Залина Жапарова қола медаль олжалады. Әуелі кәріс қызы Джую Чонды жеңгенімен (8:4), одан кейін Үндістан аруы Мамтаға есе жіберіп алды (0:8). Әйтсе де қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алып, тартысты бедесуде Таиланд таланты Сурипорн Пинпактан басым түсті (5:4).

59 келіде кілемге шыққан Аяулым Қасымова да қола жүлдегер атанды. Алғашқы белдесуінде Вьетнам қызын ұтқанымен, одан соң маңғол бойжеткеніне есе жіберіп алды. Үшінші орын үшін кәріс қызымен кездесіп, 9:2 есебімен басым түсті.

Үшінші қолаға 72 келідегі Гүлмарал Еркебаева қол жеткізді. Ол Жапониядан келген Рио Макашимаға үстемдік танытқанымен (7:2), қытай қызы Кун Минг Вангке төтеп бере алмады (0:7). Бірақ үшінші орын үшін өткен кездесуде оңтүстіккореялық Хю Реюді жеңді (4:0).

55 келідегі Айгүл Нұрәлім әуелі Вьетнам қызынан басым түсіп (3:1), одан соңҚытайдан келген қарсыласына қарсылық көрсете алмады (0:7). Қола жүлде үшін Солтүстік Корея бойжеткенімен белдесіп, оған тура осындай есеппен есе жіберіп алды.

51 келідегі Кристина Яловенок алғашқы айналымда Қытай қызынан ұтылды. Ал 44 келіде ел намысын қорғауға барған Мадина Бақдәулет кілемге шықпаған…

Еркін күрес

Еркін күрестен де жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 55 ұпаймен үшінші болды. Манарбек Қыстаубаевтыңшәкірттері бір алтын, үш күміс, бір қола медаль жеңіп алып, Үндістан (68 ұпай) және Иран (63 ұпай) жеткіншектерінен кейінгі үздік үштікке орналасты.

66 келіде ел намысын қорғаған Болат Сақаев Азия чемпионы атанып, қазақтыңабыройын асқақтатты. Ол Вьетнам бозбаласы Зе Сао Нго (10:2), Қытай қыраны Лонг Гуо (7:0), Иран үміті Ярахмади Пейман (7:0) сынды жас дарындардықоғадай жапырды. Ал финалда үндіс Викас та қазақтың жас талантына қарсы тұра алмай, тас-талқан болып ұтылды. Болат оны 8:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

84 келідегі Азамат Дәулетбаев ширек финалда тәжік Салим Ходжаевты бұйымқұрлы көрмей (12:0), жатылай финалда жапон Юя Окаджиманы да оңай олжаға айналдырды (9:2). Өкінішке қарай, финалда Иран жеткіншегі Каримачиани Алирезден ұтылып қалып (2:10), күміспен күптелді.

96 келідегі Ермұхамбет Іңкәр да Азия біріншілігін екінші айналымнан бастап,қытай Аи Хангты үйіне ерте қайтарды (7:0). Дәл солай кәріс Хан Гел Кимді де шақ келтірмеді (8:0). Алайда финалда Ермұхамбет те қарымды қарсыласынақарсы айла қолдана алмады (0:7). Сөйтіп, ел қоржынына тағы бір күміс түсті.

120 келідегі Олег Болтиннің алғашқы қарсыласы оңай шағылатын «жаңғақ» емес екен. Олег оны, яғни Үндістан алыбы Сурджетті 9:7 есебімен ұтты. Одан кейінқырғыз Баград Мусаев пен қытай Ксинмен Дуға 7:0 есебімен үстемдік танытып, финалға шыққан. Бірақ финалда Иран алыбы Абдулла Гомиден 7:9 есебіменұтылып қалды. Негізі, Олегтің де Азия чемпионы болатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ белдесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда қателесіп,қарсыласының ұпай алуына мүмкіндік беріп қойды.

74 келі салмақ дәрежесіндегі Сәкен Айтжановқа бұйырғаны қола болды. Әуелі жапон Терумаса Осанайды кілемге аунатып (7:0), одан соң тәжік Баходир Кадировтан да басым түсті (8:4). Бірақ Иран халқы сенім артқан Гасичек Мустафаға шамасы жетпеді (2:0). Алайда қола медаль үшін өткен шиеленісті белдесуде маңғол Улзисайхан Баасантсогты 11:10 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Өкінішке қарай, үш балуанымыз жүлдеге маңайлай алмады. 50 келідегі Тасболат Жүрсінов Шри-Ланка шебері Сенадер Далусканы жеңгенімен (8:0), бұдан кейінөзбек Махмужан Савкаторға 2:8 есебімен есе жіберіп алды.

55 келідегі Владимир Кудрин тайпэйлік Чиа-Тсо Люді ойсырата ұтқанымен (7:0), Ираннан келген боз кілем шебері Сармастидизажи Еоунеспен ұзақ арпалысып, 13:16 есебімен жеңіліске ұшырады.

60 келідегі Мұхамбет Далабаев та алғашқы белдесуінде кәріс Ин-Санг Чойды «шыр» айналдырғанымен (12:6), келесі белдесуінде өзбек Мухамасыдык Джураевтан аса алмады (3:12).


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
18 июня 2013, 10:20
191

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 30048
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8559
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4993
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3832
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3837
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3532
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3349
  • 24