Тікелей эфир

Ахмет Байтұрсынов Нобель сыйлығы турасында

БІЛІМ ЖАРЫСЫ

Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, я өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адам-дығына қарай ас пен тойдың үлкені де, кішісі де болады. Барлығы бәйгеге тіккен малынан гөрі шақырған елдердің санынан, сойылған малынан байқалады. Тойдан көбіне ас зор болады. Асқа сойылған малды, қантына шығатын пұлды, ішілетін қымызды, тігілетін бәйгені ақшаға аударып есептегенде, зор астарға талай мың жұмсалады. Соның бәрі жұрт жиылып, бір-екі күн ішіп, жеп кету үшін істеледі. Не жұртқа келер онан пайда жоқ, не ас берушіге тиер сауап жоқ, құр далаға кеткен бір мал болады да қалады. Ақылдың ауанымен санағанда, астың шын мағынасы босқа мал шашу болып шығады. Ат шаптырып, ас берді деген бес-он жылға ат қалады. Қазақ жомарттығының түрі һәм оның ақырғы тиімі осы.

Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның мағынасы да, көздеген мақсаты да басқа. Ол бірнеше ұлыс ел жиылып, бір-екі күн дуылдап, ет жеп, қымыз ішіп кету үшін ғана жасалмайды, бүтін ұлт я дүниядағы бүтін жұрт үшін һәм көпке қаларлық іс үшін істеледі. Дүнияда күн көріп, тіршілік етудің ауырын жеңілту үшін, жеңілін рақатқа айналдыру үшін істеледі. Неше түрлі ғылым, өнер - бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын, дүнияда бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі - білім жарысы. Білім жарысы дегеніміз  - бай адам пәлен мың ақшаны бәйгеге тігеді де, мәлім етеді: осы ақшаны пәлендей іс істеген кісі алады деп. Мысалы, пәлен ауруға ем тапқан я пәлен ғылымнан, яки өнерден жаңа жол тапқан, я пәлен турасында жазып, кітап шығарған адамдарға беріледі дейді. Ал бәйге тігілді. Енді ат жарысы болса, әркім атын жаратып, бәйгеге қосар еді, білім бәйгесі болған соң, білімділер бәйгеге қосылады. Бәйгеден дәмесі бар білім жүйріктері бірінен бірі озуға жүйріктігін аяп қалмайды. Тап дегенді табуға ойланады, істе дегенді істеуге қарманады. Ақырында әркім істегенін, тапқанын сынға жібереді. Сыншылары ғылым ордасында тұрған білімді ғалым адамдар болады. Бұлар қарап, сынап, бәйге кеседі.

Еуропада, мысалы, Нобельевский білім жарысы бар. Бұл жарыста бәйгені ғылым ауданында я әдебиет ауданында еңбек етіп озған адам я соғысқа қарсы һәм халық арасын жақындастыруға пікір жайған адамдар алмақшы. Жылда Рождество мейрамының алдында швед жұртының астанасы Стокгольм шаһарында білім жарысынан озғандарга бәйге аталады.

Өткен 1912-ші жылы Нобель бәйгелерін алған адамдар:

1) инженер Дален - ғылым хикметінен көрсеткен үздік біліміне алды;

2) профессор Каррел - дәрігерліктен көрсеткен үздік біліміне алды;

3) неміс жұртының атақты драма жазғыш жүйрігі Гауптман - әдебиет жүзінде үздік біліміне алды;

4) Сабатья һәм;

5) Гренкер - француз ғұламалары, ғылым хикметінен көрсеткен үздік білімдеріне алды.

Осылардың һәм басқалардың жылда озғанда алатын бәйгелері шведтің Нобель деген бір инженерінің білім бәйгесіне деп шығарған 18 миллион ақшасы. Осындай жұртқа пайдалы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың құлағына салып, біздің айтайын деп отырғанымыз мынау: білім жарысын істеу әр жұрттың қолынан келетін іс. Істейін десе, қазақтың да қолынан келеді. Еуропадай зор істеуге болмаса, бойымызға шығындап, «сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» дегендей етіп істеуге болады. Еуропадағы ғылым, өнер толық, қазақта олардың жұрнағы да жоқ. Олар асқанның үстіне асыру үшін істеп отыр, біздер жұрнағы болу үшін істеу керек. Мың жылқысы бар байлар оның үстіне мал аз дегенде, бір аты жоқ жарлы мал аз демей, қарап отыруы дұрыс па? Ғылым, өнер турасында біздің жайымыз да сол жарлының халі сықылды. Ғылымның жаңа жолын табуға іздемек түгіл, тапқан ғылымға қолымызды жеткізерлік бізде еш нәрсе жоқ. Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы - кітап. Қазақ арасында білім жайылуына, әуелі, оқу үйренетін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі - білім жарысы. Білім жарысының басқадан артық бір жері мынау: бұған шығарған ақша далаға кетпей, көздеген мақсатқа тура тиеді.

Егін салсаң, шықпай қалып, босқа шығындау ықтимал, мал жисаң, өліп қалып, босқа шығындау ықтимал, білім бәйгесінен пайда болмаса, шығын болмайды. Пайдасы боларлық істі істемей, бәйгеге ешкім қол созбайды. Солай болған соң, бұған шығарған ақша босқа кетуге тіпті орын жоқ. Еуропа байлары мұндай іске ақшасын басы бүтін қиып, жомарттық етеді. Ақшасын пайда қылып, сонымен малын көбейтуге шығармайды, әуелден-ақ жұрт үшін, көп үшін қайтпас қайыр құрбаным деп шығарады.

Біздің қазақ байларында Еуропа байларындай мол байлық жоқ, аз байлықпен халінше жомарттық қылатын байлар қазақта аз, жоқтың қасында. Біреудің малы көп болса да, саңылауы жоқ болады. Жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адамдар аз болады. Себебі жұрт жұмысы деген қазақтың әдетінде болған емес. Өзге жұрттан оңаша жүріп, қазақ басқа халықтармен бәсекелесіп, жарысқа түскен жоқ. Сондықтан жұрт жұмысы, ұлт намысы деген сөз қазақтың көбіне түсініксіз нәрсе. Отбасына келерлік бәле болмаса, жұрт басына келерлік бәлені ойлап, уайымдамайды. Қуанышы, қайғысы от басынан аспайды. Ұлт намысы дегенді қазақтың көбі екі ауылдың, екі таптың я екі рудың намысы деп ұғады. Басқадан кемшілік көрсе, намыстанбайды, кектемейді, бір-бірінен кемшілік көрсе, кегін жібермейді. Ауылын шауып, адамдарын сабаса, жауын мұқатып, мақсатына жетіп болғаны. Халықтың көбі сондай болған соң, сол көптің ішіндегі байлар қайда барсын? Сондықтан қазақ байлары білім бәйгесіне ақшасын Еуропа байларындай басы бүтін бере алмайды. Еуропаша істе деп айтуға аузымыз бара алмайды. Осыны есімізге алып, Еуропа үлгісін қазақтың мүшесіне лайықтап, артығын мінеп, қазақ байларының алдына саламыз. Қазақтың байлары білім бәйгесіне ақшасын басы бүтін шығармасын, өзіне қайтаратын етіп бәйгеге тіксін.

Оны былай етуге болады: жоғарыда айтылды, білім жарысы қазақ арасына білім тарататын кітаптар шығаруға болсын деп. Білім түрлі болады. Білімнің әр түрін бірдей жақсы білетін адамдар аз болады. Бір түрін жақсы білетіндердің табылуы қиын емес. Докторлық ғылымын оқығандар денсаулық жайынан керек кітаптар жазуға мүмкін нәрсе; шаруа жайын оқығандар шаруа жайынан қазаққа керек жақсы кітаптар жазуға мүмкін нәрсе; оқыту жайын жақсы білетіндер мектеп кітаптарын жақсылап шығаруға мүмкін нәрсе; әдебиет ауданында жүйріктер халықтың қылығын, құлқын түзетуге керегі бар жақсы романдар сондай сөздер шығаруға мүмкін нәрсе. Осындай кітаптарға бәйге тігілсе, ол бәйге нағыз жақсы шығарған ғана кітаптарға берілсе, тігілген бәйгеге қарай бәйге кітапты бір я екі рет бай бастырып, ақшасын өндіріп алатын болса, сонан кейінгі бастырулары жазушы өз еркіне берілсе, осы шартпен білім жарысы істелсе, әуелі бәйге тігуге жомарттық көп керек болмас еді: неге десең, сынаудан өтіп, жақсы деп бәйге берілген кітап өтпей қалады деп қауіптенуге орын жоқ. Екінші, жазушыға да қолайлы. Шығарған кітабы жақсы болса, еңбегіне тиісті даяр ақшаны алып, онан әрі тағы жақсы кітап шығаруға кірісер еді. Еңбегіне ақысы татымды болған соң, ол өзін сол жұмысқа алаңсыз жегер еді. Әр жерден сондай жазушылар шықса, білім жұмысын айдап алға бастырмай қоймас еді. Бәйге тігушіге де, бәйге алушыға да тынышты, жұрттың білім турасындағы істерін алға сүйреуге қолайлы һәм нағыз керек жолдың бірі, біздің ойымызша, осы. Бұған, басқалар һәм байлар, не айтасыздар?

1913 ж.

________________________________________________________________________

«Алаш» айдарында жарияланған ұқсас мақалалар:

Есенғали Қасаболатов: «Қазақ жастарына»

Ахмет Байтұрсынов: «Аз уақытта көп білу жолының басы»

Уалиолла Халели: «Тіл сақтаушылық»

Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»

Мағжан Жұмабаев: «Дала. Қала.»

Әлихан Бөкейхан: «Ұят-ай»!

«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі

«Айқап»: «Қазаққа алалық қайдан келді»?

Мұстафа Шоқайдың Әбубәкір Диваев туралы мақаласы

Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»

Әлихан Бөкейхан: Дін таласы

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы туралы материалдар

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы тақырыбында

«Қазақ» газеті: «Соғыс һәм қымыз мәселесі»

«Айқап»: Топырағымыз алтын

«Айқап»: Қазақ шежіресі

Міржақып Дулатов: «Жазу тәртібі»

Біздің қазақ баласына не қылғанда басқа жұрттарға теңелуі хақында бір кеңес

Алия Arsik
18 маусым 2013, 12:55
4796

Загрузка...

Пікірлер

Күшті жазылған. Ұлттық құндылықтарды осылай насихаттаудан шаршамаңыздар!!! Жарайсыңдар!!!
Әлихан Бөкейханның да жазбасы бар осы туралы)
Өте жақсы, бастысы танымды мақала
Керемет. Нағыз өзекті мәселелердің бірі. Кешіріңіздер, осындай дүниелерді қайдан табасыздар? Мұрағаттан ба? Көмектесіңіздерші. Жауап күтемін.
Arsik
1
0
Қазақ пен Айқап деген жинақтарда бұл мақалалар жарияланған, кітапхнадан сұрауға болады. Ал дәл осы мақаланы ikitap.kz сайтында Ахмет Байтұрсыновтың Көсемсөздер кітабынан оқуға болады.
Ойланатын дүние, ойланатын.Алайда ойланып жүргенімзіге де бір ғасыр уақыт өтіпті ғой))))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 21536
  • 26
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14433
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11462
  • 29
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 7126
  • 93
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5274
  • 32
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4619
  • 5
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
вчера / 14:32
  • 3901
  • 20
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4170
  • 44
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
вчера / 16:28
  • 2615
  • 45