Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:07, 17 июня 2013

Нақтырақ Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары диплом алды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің 115 офицеріне оқуларын бітіргендігі туралы диплом салтанатты түрде табыс етілді.

 

Blog post image

 

Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан армиясы әскери ақыл ойының шоғырланған орталығы болып саналады. Мұнда ең үздік мамандардан құралған оқытушы-педагог профессорлар құрамы жұмыс істейді. Олардың басты мақсаты әскери экономиканы, әскери өндірісті және әскери ғылым мен жаңа технологияны жетілдіретін, жоғары дәрежелі оқыған білімді офицерлерді, әскери-ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды, дайындау болып табылады.

   

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің берген бағасы бойынша Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушы-профессорлар құрамы кадрлар дайындауды жетілдіру жүйесінде өзіндік үлестерін қосуда. Олардың өлшеусіз еңбектері Қарулы күштердің дамуына, мемлекет басшысының әскери білімнің сапасын халықаралық стандарттарға сай арттыру жөніндегі қойған тапсырмаларын орындауға мүмкіндік тудыруда.

   

Тыңдаушы офицерлердің оқу бітіру салтанатына қатысу үшін Ұлттық қорғаныс университетіне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов келді.

   

Ұлттық қорғаныс университетінің қабырғасынан 2011 жылы әскери және мемлекеттік басқару факультетіне түскен офицерлер магистратураны биыл тұңғыш бітіріп шықпақ. Бұл биылғы жылдың бір ерекшелігі болып қалмақ.

   

Әскери және мемлекеттік басқару факультеті Қазақстанның әскери білім жүйесінде жоғары бағаланады. Себебі  факультет жедел-стратегиялық деңгейдегі мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Ол құрылғанға дейін қазақстандық офицерлер мен генералдардың шетелде білім алуларына тура келді.

   

– Қазақстанда әскери және мемлекеттік басқару факультетінің ашылуымен үш деңгейлі әскери білім жүйесін құру аяқталды. Демек Қарулы күштерді взводтан бастап Қарулы Күштер түрлері мен тектерін, Бас штаб пен Қорғаныс министрлігін кадрлармен толықтыру толықтай жүзеге асырылды,- деп атап өтті салтанаттқа сап түзеген сардарлар алдында Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

   

Екі жыл бойы магистранттар стратегия теориясын, жедел өнер, әскер түрлері мен тектерін, барлық қамтамасыз ету түрлерін жауынгерлік қолданудың әдіс тәсілдерін үйреніп шықты.

   

Өздерінің теориялық білімдерін әртүрлі сала бойынша жетілдіру үшін Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары Қытайдың Ұлттық қорғаныс университетінде, Ұлыбританияның Корельдің әскери колледжінде болып қайтты. Университеттің магистранттарына лекция оқу үшін Бундесвер Әскери академиясынан, НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» дайындық Орталығынан, Қытай мен АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс университеттерінен профессорлар келді.

   

Сондай-ақ биыл Ұлттық қорғаныс университетінде тұңғыш рет ішкі әскерлер факультетінің де оқу бітіру салтанаты өткізілгендігін атап өткен жөн.

   

Ұлттық қорғаныс университеті Орталық-Азия аймағындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери қызметшілері оқып білім алатын бірден бір оқу орны. Мұнда Қырғыз республикасы мен Тәжікстан Республикасынан әскери қызметшілер білімдерін шыңдауда.

   

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашадағы шешіміне сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Ұжымдық  қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындардың тізіміне қосылған.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
331
0