Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:17, 13 июня 2013

Әскерге шақыру жалғасуда

Астана қаласында жастарды кезекті әскерге шығарып салу рәсімі қалалық жиын пунктінде өткізілді. Жастарға  жылы лебіздерін  білдіруге олардың ата-аналары мен бірге Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Астана қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысты. Жиналғандарға қаланың музыкалық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.
 

Blog post image

«Көктем-2013» әскерге шақыру науқаны да  аяқталуға жақын. Сәуір айында басталған бұл шара бүгінгі күнге дейін жоспар бойынша жүзеге асырылды. Көктемгі  әскерге шақыру науқаны кезінде  армияға  15 мыңнан астам  бозбаланы  аттандыру  жоспарланған. Оның жеті мыңнан астамы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын толықтырды. Ал қалғандары басқа әскери құрылымдарға Республикалық Ұланға, ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлеріне, Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдарына жіберілді.

 

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің  мәртебесі» туралы Заңына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет өткізіледі.

 

Мерзімді әскери қызметке шақырылуға он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы әскерге шақырылудан босатылмаған Қарулы Күштердің қатарын толықтыруға қажетті азаматтар шақырылады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
191
0