Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:22, 12 июня 2013

Винокуров сыйлығына арналған велокөпкүндік аяқталды

Blog post image

 

Қызылжарда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың сыйлығына арналған І республикалық велокөпкүндік өз мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеге Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Омбы облыстарынан барлығы 50 велошабандоз қатысты.

Спортшылар бес күн бойы жарыс жолына шығып, өзара мықтыны анықтады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандары Олимпиада чемпионының қолынан марапатталды. Жекелей сайыста қызылжарлық Владислав Горбунов топ жарса, командалық есепте солтүстік қазақстандықтарға тең келер ешкім болмады.

Владислав ГОРБУНОВ, велошабандоз:

- Жарысқа мықтап дайындалық. Қарсыластар да осал болмады. Бап шаба ма, бақ шаба ма дегендей, біріміз жеңсек, екіншілері тізе бүкті. Енді, ел біріншілігіне қатысып, халықаралық жарыстарға шығуды жоспарлап отырмын.

Владимир ПАРАХИН, Облыстық велоспорт мектебінің директоры:

- Облыс басшылығы кәсіби велоклуб құруды жоспарлап отыр. Спортшыларымыз жоқ емес, бар. Тек, оларды қызықтыру керек. Сонда ғана үлкен жеңістерге жетуге болады.


 
0
178
0