Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
23:22, 05 июня 2013

Бүгін ҚР Қарулы Күштерінде жоғары дәрежедегі әскери дайындық болды

Бүгін 2013 жылғы жазғы оқыту кезеңін бастау шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық құрамалары мен әскери бөлімдері жоғары жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтірілді. Өңірлік қолбасшылықтардың, Аэроұтқыр әскерлерінің, барлық Қарулы Күштер түрлерінің әскерлері «оқу-жаттығу дабылы» белгісі бойынша көтерілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіру Бас Штабтың Орталық Басқару нүктесінде басталады. Кезекші шапшаң Бас штаб бастығының бұйрығын алысымен жауынгерлік басқару жөнінде дабыл береді, бұл өз кезегінде  ҚР Қарулы Күштерінде әскери саптық-тәсілдік дайындықтың басталғанын білдіреді.

Бас штабтың Орталық Басқару нүктесіндегі ауысымдағы кезекшілер бүкіл әскери жасақты хабардар етеді. Қарулы Күштердегі Басшылық құрамға, Қарулы Күштердегі Бас Басқару нүктесіндегі оперативті кезекшілерге, өңірлік басшылықтардағы басқару нүктелеріне, басқа әскери жасақтар мен құрылымдарға, Қарулы Күштердегі кезекші әскери бөлімдер мен мекемелерге дабыл жіберіледі. Бас Штабтың Орталық Басқару нүктесіне ҚР Қарулы Күштері министрлігі мен ведомоствоға дабыл жіберу жүктелген.
Өткізілетін сабақтардың басты мақсаты – белгіленген мерзімдерде қойылған міндеттерді орындауда басқару органдары мен жеке құрам іс-қимылының үйлесімділігін арттыру болып табылады.
Жауынгерлік машиналар паркінен көрсетілген аудандарға бес мыңнан астам бірлік қару-жарақ пен әскери техника шығарылды. Кейбір бөлімшелер оқу-жаттығу жауынгерлік міндеттерді орындау аудандарына өз жүрісімен марш жасады. Әскери әуеайлақтарда 200-ден астам бірлік ұшақ пен тікұшақты ұшыру жүзеге асырылды. Авиациялық техниканың бір бөлігі қосалқы әуеайлақтарға қайта орналастырылды.
Осындай кең ауқымды іс-шара заманауи техника мен қарулардың шығуымен алғаш ұйымдастырылып отыр. Мұндай әскери үдерісті БАҚ арқылы көрсету алғаш орыналып отыр.
Сабақтар барысын көрсетілген аудандарға марш жасауға және оқу-жаттығу жауынгерлік міндеттерді орындауға құрамалар мен бөлімдердің командирлеріне өкімдерді беріп отырған Бас штабтың жедел тобы бақылап, бағалап отырды.
Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде армияны алдағы кәсібилендіру бойынша жұмыс атқарылып, әскери кадрларды дайындау сапасы мен талаптары арттырылды. Сондай-ақ, жауынгерлік дайындықтын деңгейі өсіп, қорғаныс өнеркәсібі  кешені мен заң шығарушылық әрекеттің шеңберінде көптеген жұмыс атқарылды.
Жаңа оқу кезеңі барысында әскери қызметшілер алдында жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру міндеті тұр.
- Әрқайсымыздан үлкен қажырлылық пен мақсатқа ұмтылыс, жауынгерлік дайындықтың  деңгейін жетілдіруге кәсібилік пен жеке орындаушылық тәртіп қажет,- деп Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов атап көрсетті.
Жоспарланның жүзеге асырылуы көптеген әскери оқу-жаттығуларда іс жүзіне асырылады. Әскери ведомствоның басшылығы «Мықты Армия – мықты Қазақстан!» атты жыл жауынгерлік сайысының ұраны өз мазмұнын ақтап, әскерлердің оқу жылын сапалы көрсеткіштерімен аяқтайтынына сенім білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
625
0