место в рейтинге
  • 326296
  • 251
  • 43
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Кадр сыртында қалған оқиға. «Моя планета» арнасымен Түркістанға саяхат.

Сапар. Телеарнада қызмет еткенімде талай сапарды бастан өткердік. Ең қызығы, әрбір сапар ерекше, ұзақ уақытқа есте калады. Ал киелі Түркістан қаласына мына сапарым шынында да ерекше болды. Біріншіден Оңтүстік өлкеге Наурыз мерекесі кезінде бардым, наурыз көжені аңсап, сағынып! Еех шіркін ауылдағы балалық шақ ))) Екінші ерекшелік - бұл жолы тілші ретінде емес, гид болдым. Қазақтың ұлттық тағамын "Моя планета" арнасына таныстыру үшін.

Компаниямыз APEX Consult елді шетелге таныстыруға үлес қосу мақсатымен, көптеген елдерге ақпарат тарататын "Моя планета" арнасын шақырдық. Қысқасы бұл сапарда ерекше қызықтар көп болды, танысуға уақытыңыз болса фотоблогыма қош келдіңіз. Ескере кететін тағы бір өте маңызды мәселе: ОҚО әкімшілігі, соның ішінде Берік Уәли деген азамат пен Түркістан қаласының әкімдігі қызметкерлері көмек қолын созбағанда, бәлкім бұл сапар одан да қиын болатын ма еді.Мың алғыс, үлкен рахмет, бұл қадамыңызды, туған еліміздің жарнамасына қосқан тең үлесіңіз деп есептеймін. Ресейлік арнамен қатар әлемнің бірнеше елінде көрсетілген Наурыз көже туралы материал қалай жасалды және қалай шықты? Осы және басқа да қызықтар туралы толығырақ. (видео бар).

Түркістанға бұл менің алғаш сапарым емес, бұған дейін еліміздің рухани астанасына бірнеше рет түрлі себеппен келген болатынмын. Наурыз мерекесін бірақ осы уақытқа дейін қалай өтетінін көрмедім. Расын айту керек. Бірақ рухани астананың Наурызы ұмытылмайтындай өтеді ау деген оймен ресейлік қонақтарды осында алып келуді жөн көрдім. Мереке де, тарих та, рухани ақпарат та жетеді деген ниетпен. "Моя планета" арнасының "Планета вкусов" бағдарламасы бірінші кезекте түрлі тағамдарға назар аударатыны белгілі. Бағдарлама стилі сондай. Қазақстанға келмес бұрын Катар мен Португалияға баруға жоспар болған екен, алайда соңғы сәтте елімізге келуге көндірдік. Кейін белгілі болғаны Наурыз көжеге жүргізуші жігіт Антон Зайцевтың қатты қызыққаны соңғы таңдауға әсер етті.

Айтпақшы, "Планета вкусов" бағдарламасының жүргізушісі Антон Зайцевтың сыртынан қарасаң, Антон деуге тілің бармайды. Өйткені сырт келбеті, түр әлпеті орыс баурыларыма мүлде келмейді. Қара нәсілді азамат. Нақтысын сұрауға ыңғайсыздандым, расын айтайын.

Түсірілімді біз Түркістан қаласындағы орталық алаңынан бастадық. Мерекеге орай алаңда тігілген керемет киіз үйдегі дастарханда  түсірілім тобына жергілікті ақын Жағыппар ағамыз таныстырды.

Шынын айту керек, ұлттық киім киген азаматты ұзағынан іздедік (сұхбат беретін кейіпкерлер тек қазақ тілінде сөйлесін деген талапты түсірілім барысында келісіп алған болатынбіз, ол жағынан шырайлы оңтүстігімізде проблемалар туындамады. Орысы, кәрісі, қазағы болсын, барлығы қазақ тілінде сайрап түр.) Ал иығын шапан жапқан азаматты іздеп жүріп қалғанымыз рас. (Осында бір сұрақ туды "еш болмаса мереке күндері ұлттық киімді киюге қашан жараймыз?")

Мейрамның кезінде біз қазақтың бірнеше ұлттық тағамын түсіріп үлгердік жент, құрт, нарын, баурсақ. Антон Бас тарту салтымен танысып, үйытылған қойдың басын көріп, дастархан басынан бір қашып та үлгерді (ол арнайы сюжеттің әзілін келтіру үшін жасалған әрине). Ал, өз кезегінде Жағыппар ағамыз әр қайссына керемет сипаттама беріп шыққан болатын, алайда сюжеттің негізгі тағамы болмағандықтан бейнематериалдың ішіне кірмей қалды.

Бірақ маған сенсеңіздер болады, Жағыппар ағамыз тағамымыздың бар кереметін жеткізуге тырысты. Не болса да ресейлік түсірілім тобы разы болып, ертесіне сол тағамдарды түркістан базарында іздеп жүрді. )))) Сауда орынарын аралаудың тағы бір себебі бар. Тағам туралы бағдарлама стилі құрамына кіретін барлық қосындыларды жүргізуші бас кейіпкермен бірге аралап жүріп табу керек.

Сол себептен екінші күні біз Түркістанның Қуаныш базарынан бастадық. Айтпақшы осы базар бірнеше жыл қатарынан еліміздегі "Еліміздегі үздік сауда орыны" атағын алған екен. талай сауда орындарында болып көрген Антон да осыны байқады. Сауда орындарының қабырғасында тағам мен астыққа арналған  түрлі мақал мәтелдерді маған орыс тіліне аудартып, өзінің кітапшасына жазып алды. Ия, сапар барысында басты миссиям, ұйымдастырушы емес, аудармашы қызметін орындау еді. ))))

Сонымен сюжет барысымен Антон азаматымыз Роза апамызбен Наурыз көженің құрамын сатып алуға Түркістанның Қуаныш базарына келді. Бұл жерде аса қызықтап айтатаныдай оқиға да болмады, жігіттердің ұлттық тағамымызды іздеп кеткені болмаса. Әсіресе құртқа қызықты. Құрт сататын сауда орындары керемет әсер қалдырады. Мен өзім таң қалдым.

Майлы құрты, қатты және аздап түздалған құрт, майсыз құрт, домалақ, сопақ, иленген, езілген, кішкентай, үлкен. Очм қапқа қапталған, түрлі сортарға сұрыпталған, кез келген қонақтың тапсырысы мен сұранысына жауап беруге дайын тұрған ҚҰРТ резиденциясы ма деп қалдым мына сауда орнына қарап. Жігіттер түгілі өзім таң қалдым. Сырт жақта  мына қаптарда да саудаға дайын тұрған құрт бар.

Жігіттер жалпы алғанда 10 келі құрт алып кетті бұл жерден. Бұл тағамымыз ерекше ұнаған көрінеді. Ал түсіріліп барысында кейіпкеріміз Роза Шарапиева апамызбен Наурыз көженің жеті түрлі тағамын іздеді.

Роза апамы сатып алған әрбір құрамы жайында түсініктеме беріп отырды: несімен құнды, Наурыз көжеге қосқандағы мақсаты қандай деген секілді ақпаратты Антон азамат кітапшасына еңгізіп отырды.

Түсірілім жайында айтар болсам. Өте сапалы әрі шапшаң оператор жігіттерге разы болдым. Ия, түсірілім барысында екі оператор болды. Екеуінің функциясы әр түрлі. Арнада істейтін жігіттер түсінеді. Біріншісі тек түсіріп жүрсе, екіншісі қосалқы камерамен түсіргеннен бөлек, негізгі операторға көмектеседі. Ассистент ретінде жүр қысқасы.

Айтпақшы Роза апамыз туралы айта кететін болсам, ол кісі көп жылдар бойы Түркістан қаласында ұстаз болған Түркістанда құрметті кісілердің бірі. 15 немересі мен шөбересі бар? бақуатты кісі. Сол кісінің үйінде түсірілімді жасауды құп көрдік. Мынау Роза апамыздың 10 тұратын үйі. Біз жігіттермен бұл жерді Роза апамыздың резиденциясы деп атадық. Шынында да солай сияқты. Сонымен Наурыз көженің дайындау тәсілін осында түсірдік.

Түсірілімге Роза апамыздың өзі қатысты. Өз үйіндегі барлық балалары мен келіндері ол кісіге ассистент болды, кадр сыртында ғана )))) Бейнені қарасаңыз, байқамайсыз.

Түсірілім үш сағатқа жалғасты, арасында Роза апамыз демалып қалу үшін 15 - 20 минуттай орындыққа отырып, тығыгып алатын. Қарт кісінің қайраты мен жігеріне разы болдым. "Бұл елімізге аса қажет жарнама Роза апа", - дегенімде "Жарнама болса ендеше жақсылап жарнамалайық, не болыпты",- деп Антонды үстел басында жұмсауды жалғастыратын. Разы болдым ол кісіге, мың да бір алғыс,  өмір жасы ұзақ болсын.

Антон Наурыз көжені дайындағада қиналған жоқ, құрамына кіретін жеті түрлі тағамды базардан өзі саудалап келгені көмек болса керек, мәтінде жаңылмады, тек КАЖЕ дегеннің орнына КӨЖЕ деп айтқыза алмай қойдым. Өзі де ұялса керек.

Антон дайындаған Наурыз көжесін осы кезде күтіп отырғандар көп болды алайда барлығы дастархан басына симады, орын аз, түсірілім үшін қиын болмасын деп тек сыйлы қонақтарды жайғастырдық.

Ал мынау кадр сыртында қалса да ұлкен көмегін тигізген Роза апамыздың ұл қыздары, немерелері, шөберелері. Осы кісілер бар көмегін аямады. Улкен рахмет.

Дастархан басында керемет әнгімелер айтылды, Антон дайындаған Наурыз көжеге баға берілді. Бұдан өзге Антонның Түркістан қаласындағы сапары талқыланды. Антон осы дастархан басында естіген бірәз мәліметті сюжет барысында пайдаланған.

Осы қонақтардың әнгімесінен Түркістанда қол өнердің дамығанын естіп, сондай азаматтармен таныстыруды өтінді.

Түсірілім біткен соң біз бірден Абай ұстаның үйіне асықтық. Керемет кісі, ЮНЕСКО көмегі мен демеушілігімен жұмыс жасап жатыр.

Устаханасы анау айтатындай керемет болмаса да, Абекеңнің жасап жатқан жұмысы ел үшін өте пайдалы. Көне қалаларда жүріп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған көне құмыраларды зерттеп, солардың бөлшектерінзерттеп,  жаңа құмыраларды өзі жасап шығарып жатыр.

Шебердің жұмысына қызығып Антон да өнерге жақындағысы келді. Алғашында үлкен құмыра жасамақ болса, аяғына дейін гүл қондыратын идыспен тоқтады. )))) Оңай емес.

Соның өзіне разы болды. Не болса да сонау Мәскеуде шығыс шеберлерінің жұмысымен танысу күнде бұйыра бермейтін шығар. Ал мынандай туындыларды жасау үшін жылдар бойы тәжірибе жинау керек. Айтапқшы мынау Абекең жасап шығарған Отырарда табылған құман екен. Антон естелікке Абекеңнің  осындай бір құманын сатып алды. ))))

Ал біз шебердің үйінен шығып Түркістан сыртында жайылған малды іздедік. Сюжетті көргенде не үшін екені белгілі болады.

Шынын айту керек қала сыртында желдің күшейгені түсірілімге үлкен кедергі жасады, сондықтан жігіттер тапқырлығына тағы бір рет күә болдым. Көліктің ішіне тығылып түсірілімді жалғастырды.

Айтпақшы екі оператор жігіттің де есімі Дима. Сондықтан мен қатты қиналмадым. "Дима" десем екеуі де жалт қарайды, рахат )))))

Бұл кадр сыртында қалып қойған оқиғалар болатын, достар. Сөзді көбейтпей біздің негізгі мақсатымыз саналған бейнені де қарап шығыңыз. Сіздің бағаңыз бен ой пікірлеріңіз біз үшін өте қымбат, өткені елді насихаттаудағы бұл компаниямыз үшін алғашқы қадам болып тұр. Алдағы уақытта екінші сериясы да болады. Астанаға келім жігіттермен ет астық. Кадр сыртындағы оқиғалар туралы екінші пост та жарияланады.

http://staroetv.su/video/vip/2743/moja_planeta/planeta_vkusov_moja_planeta_03_06_2013_kazakhstan_nauryz_kozhe

6 июня 2013, 9:00
5772

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 13200
  • 26
Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
вчера / 11:35
  • 11959
  • 7
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
26 февр. 2017 / 9:15
  • 7947
  • 32
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7841
  • 5
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6632
  • 34
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
вчера / 10:45
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 4256
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3947
  • 15