Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:02, 03 июня 2013

Қайырымдылық

«Ең  алдымен  анаңа,тағы  да  анаңа,тағы да  анаңа ,содан  соң  Отаныңа  жақсылық   жаса.» (Мұхаммед  пайғамбар С.Ғ.С.)Жақсылық, қайырымдылық   қай  кезеңде  де  адам  баласына  тән  қасиеттер  болған.Адам  баласын  сүт  қоректілердің  ішінде  ең  жоғары  сатыға  көтеріп  тұрған да осы  қасиеттері ғой  ойлаймын. Қолдан  келгенше  көмек  беру –қай  адамға да тән. Әсіресе  біздің  ұлтқа  тән  қасиет  десем  қателеспеймін. Тек  кейде  біреуге  жақсылық   жасаймыз   деп  жүріп  өзімізді  ұмытып  кетіп  жатамыз. Жарайды.Өз  басым  біреуге  көмектесуге  шамам  кеп  тұрып,көмектеспесем (кейде  мойын  жар бермейді,кейде  уақыт  дегендей) ұрлық  жасаған  адамдай сол  адамнан  қысылам.Тек  мен  ғана  емес,көп  адам да  солай-ау.Іспен  көмектесе  алмағанның  өзінде  «жақсы  сөз- жарым  ырыс»  деген  де  бар  ғой. Адамның  жанына  жалау  боларлық   жылы  сөздің  де  өзінше  әсері  бар. Көңліңді  жадыратып,көтеріп  тастайтыны сөзсіз.Тіпті  көшеде  келе  жатып жасы   үлкен  адаммен  жай  ғана амандассаң  да  ,бетіңе  күле қарайды. Ауылда  өскендікі  ме , алдымнан  қарсы  келген  жасы  үлкен  адамдарға   амандаспай,үнсіз  өте  алмаймын. Анада  бір   кісі  : «Здравствуйте, а разве мы с  вами знакомы?» дейді. Басымды  шайқап күлдім  де ,  кете  бардым. Әй, осы біз , қайда  барамыз? «Адамгершілік   амандасудан  басталады» деп  өскен ұрпақ  емес пе  едік? Түзу сәлемнің өзі де жақсылық пен қайырымдылықтың бір белгісі емес пе?

Қайырымдылық   демекші қазір қайырымдылық  қорлары  көбейді. Олардың  көбейгені  жаныңды  жұбатады, жүрегіңді  қуантады. Әйтеуір  біреудің  қайғысына    басқа  адам  немқұрайлы  емес , әйтеуір жаныңда  сенің  тағдырың ойландыратын  жандар  бар  деген  сөз.Біреу қаржысымен, біреу  оң  ісімен, ал  біреу  жылы  сөзімен  жаныңа  демеу  болып , ал  біреудің  құрығанда  көмек  берсем  деген  талабы  болса – адам  деген  атымыздың ақталғаны  емес  пе?! Істері  оң  болсын  деп  тілейік!

 
0
970
0