Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:53, 02 июня 2013

Қыз Жібек қойылымының премьерасы

29 мамыр күні Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қыз Жібек қойылымының премьерасы өтті. Қойылым режиссері - белгілі актер Сайлау Қамиев.

Blog post image

Сайлау Қамиевтің режиссурадағы алғашқы қадамы өте сәтті басталды десе де болады. Қойылым керемет дайындалғанымен қоса, таңдау жақсы жасалған.

Blog post image

Музыкалық драмаға қойылған Қыз Жібек спектаклінде басты рөлді сомдаған актерлардың шеберлігіне сөз жоқ. Әрбір қимылмен көңіл-күйді керемет жеткізе біледі.

Blog post image

Жібектің батылдығы мен адалдығы, Бекежанның сатқындығы, Төлегеннің батырлығы, бәрі-бәрі халықтың көңіл көзіне оттай басылып, көрермендер рухани ләззат алып, бір марқайып қалды.

Blog post image

Уақыттарыңыз болса, Қалеки - қазақ театрына барыңыздар, көріңіздер. Ал, Қыз Жібек қойылымының премьерасы туралы видеоны біздің порталдан іздейсіздер :)

0
803
0