Болар бала жасынан: Софи мен оның жеті өнері

Бүгінгі балалар мерекесінде сіздерге АҚШ-та өткен Халықаралық Сұлу Ханшайымдар байқауының 1 миссі, биші, әнші, цирк әртісі әрі модель 5 жасар Софи Манасян мен 27 жасар анасы Ольга Югайдан алған сұхбатымызды ұсынамыз.

— Сәлеметсіздер ме! Мерекелеріңіз құтты болсын! Жалпы Софи қанша жасынан бастап үйірмелерге қатыса бастады?

— Софи 1,5 жасынан бастап түрлі дамыту мектептеріне, Монтессори жүйесі бойынша тәрбие сабақтарына барып жүрді. Бәрін де тез үйреніп, тез жалығып кететін. Сосын 2 жасынан бастап кәсіби бимен шұғылдана бастады. Кәсіби деп тұрғаным, олар сол кезден бастап түрлі шараларға шығып, жұрт алдында билей бастады. Бұл процес Софиге өте ұнады. Көрермендер де оны сахнаға шыққан сайын қолпаштап отырды. Кейін Софидің пластикасын, икемділігін, әртістік қабілетін байқаған мұғалімдері оны ары қарай үлкен топтарға беруімізді сұрады. Өйткені кішкентай балалармен ол жалығатын болды. Бірақ екінші жағынан би училищесі сияқты мектептердің қабылдауына оның жасы жетпеді. Солай біз индивидуалды үйірмеге көштік. 3 жасымыздан вокалды да қосып алып, қазір бәрін де жеке мұғалімдермен үйренеміз. Оқытушыларды да біз бірден таптық деп айта алмаймын. Бару керек, көру керек, жақсы оқытушы табу қиын. Болашақта негізі Софидің барлық оқытушыларын біріктіріп мектепке дейінгі балаларды дамыту мектебін ашатын ойымыз бар.

— Ал циркке қалай тап болдыңыздар?

— Циркке Софи өзінің сахнаға деген махаббатының арқасында келді. Алдыңғы жылдары ресейлік халықаралық «Кинотаврик» байқауына қатысқан болатынбыз. Онда вокал, хореография бойынша номинациялардың бәрінде өнер көрсеттік. Байқауда орын алып жатқан көптеген балақайлар болды, бірақ көбісі байқалмай жатты. Ал Софи кішкентай әрі кей жерлерде тәжірибесіз болса да, бүкіл қазылардың, сондағы бүкіл көрерменнің, ұйымдастырушылардың көзайымына айналып, оларды сүйкімділігімен баурап алды. Фестиваль жүргізушісі болған Мұрат Мұтұрғанов та сол кезде Софимен танысып, оны бірден циркке шақырды.

— Онда қандай жанрда өнер көрсеттіңіздер?

— Бас кезінде барлық жанрларды байқап көрдік. Акробатика, фокус, гимнастика, т.б. Бірақ кейін жаңа жылдық ертегі-қойылымның бас кейіпкері болып шықтық. Ол екі сағат бойы жүретін күрделі қойылым, басынан аяғына дейін Софидің сөздері бар. Кейде күніне 3 қойылымнан болып отырды. Желтоқсанның аяғынан қаңтардың ортасына дейін Софи 35 жаңа жыл кешін өткізіпті. Тіпті туған күнін де цирк алаңында қарсы алды. Мұрат «Софи нағыз әртіс болды. Туған күнінің өзін сахнада қарсы алды» деп бүкіл көрермен алдында құттықтаған болатын. Оған алғысымыз шексіз.

— Жалпы Софиде әртістік қанында бар ма әлде дамыту мектептерінің әсері ме?

— Бәрі аралас шығар. Әрине дамыту мектептері бізден деп айтулары мүмкін. Алайда меніңше Софидің туылғанынан дарынды. Туылғанынан бастап ерекше бала болды. Оны тек байқай білу керек еді. Кез келген нәресте дүниеге келісімен бір нәрсеге икемді, үйір болады. Мысалы, суға түсуді ерекше жақсы көруі мүмкін. Соны дер кезінде байқап қалып, ары қарай дамытуға жағдай жасау керек. Софидің ең бірінші біз не қалайтынына қараймыз. Кейін оны мүмкіндігіміздің барынша керекті үйірме, мектептерге апарып, уақытымызды арнап отырдық.

Ал тегіне қарайтын болсақ, Софидің әкесі Кавказда туылған. Армяндар өте эмоционлады, жайдары, шулы халық қой. Ал менде керісінше бүкіл Шығыс халықтарына тән ұстамдылық, шыдамдылық бар. Әкесі жағынан бүкіл ата-әжелеріміз сезімдерін еркін жеткізетін, әрдайым көңілді жүретін шығармашылық адамдары. Олар әлі де Кавказ жақта тұрады. Софидің бір атасы ол жақта халық композиторы, басқа бір атасы суретші, көкесі музыкант, әкесінің өзі өнер мектебін бітірген, қазірде біраз дизайнмен айналысады. Ал менің корейлік тегімнен ол шыдамдылық пен еңбекқорлық алған болар. Мен үшін керісінше өмір бойы математика маңызды болды. Мамандығым қаржы сарапшысы, 21 жасымда магистрлік дәрежемді алдым. Және де қазірде екінші жоғары мамандық — педагогиканы бітіріп жатырмын. Бас кезінде экономика саласында үлкен карьера құрамын деген ойым болатын. Бірақ осы бірінші балам дүниеге келісімен, бәрі өзгерді. Мысалы, Софи әлі сөйлемеген жасында үйдегі магнитті алфавиттен әріптерді, түстерді ажырата білетін. Осындай ерекше икемділігін, логикалық дамуын көріп, мен оданша баламның дарынын ары қарай жетілдірейін деп бар уақытымды қызыма арнадым. Және оған еш өкінбеймін. Жағдай болса, жұмыс істегеннен гөрі, балаңмен бірге жетілгенге не жетсін!

— Қазірде сонда нақты қандай үйірмелерге барасыздар?

— Негізгісі бізде — би. Оның ішінде латын американ билері. «Копакабана» атты латын-американдық би мектебінің үлкендер тобына барады. Өйткені онда кішкентайларға арналған топ жоқ, тағы да Софи өзінің сүйкімділігімен үлкендер тобына түсті (күліп). Қазірде биіміз біраз кәсіби деңгейге жетті, сондықтан Софи жаңа нәрсеге құмартып, оны вокалға жаздық. Бүгінде вокал сабақтары қызықтырып жүр. Сондай-ақ аптасына екі рет мектепке дайындық сабақтарына барамыз. Ең алдымен ол өзі үшін өте қызық. Күзге дайын оқушымыз негізі.

Бір қызығы, қайда бармасақ та, бізді мақтап жатады. Математика сабағы болса, «Софиде аналитикалық ойлау жүйесі екен, дамытыңыздар», сурет сабақтары болса, «Шығармашылық ойлау қабілеті бар, тез жаттап алады» немесе би сабақтарында «Пластикасы керемет» деп жатады. Сол себепті кейде тіпті қай жаққа барарымызды білмей жатамыз.

— Софи, ал сенің өзіңе не ұнайды?

— Бәрінен бұрын маған ән айтқан ұнайды.

— Ал болашақта кім болғың келеді?

— Балерина болғым келеді. Өйткені олар өте әдемі қозғалады.

— Бала тәрбиесіне байланысты қандай кітаптар оқыдыңыз? Қайсысын оқуға кеңес бересіз?

— Нақты бір автордың методикасын пайдаландым деп айта алмаймын. Әрине жалпы оқыған кітаптарым болды, мысалы, доктор Комаровскийдің кітаптары сынды көпшілікке танымал авторлар. Алайда оның бәрін өз балаңа қолдану деген біраз дұрыс емес сияқты. Өйткені өзіңдей сенің балаңды ешкім де білмейді. Ең бастысы, мен әрқашанда Софидің өз қалауы мен мүмкіншілігіне қарап отырдым. Қазірде мысалы, Софи біраз танымал болып келе жатқаннан, оны қолдайтындар да қолдамайтындар да кездеседі. Мысалы, баланы кішкентайынан неге қинайсыз, ойнап жүре берсін де деген пікірлер жазып жатады инстаграмда. Бірақ мен ешуақытта қызымды биге немесе әнге өзімнің кішкентайымда әнші болғым келген үшін бермеймін. Ол оның өз қалауы. Ол сахнадан, көрермендерден қуаныш алады. Шығармашылық ортада өзін бақытты сезінеді.

— Софи, ал сенің сүйікті кітаптарың бар ма?

— Бар. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.


— Софидің мінезі қандай? Қандай ерекшеліктері бар?

— Софи мінезінің бір ерекшелігі ол — өте мейірімді. Соны соңғы кезде байқап жүрмін. Мысалы, көшеде кетіп бара жатып кішкентай күшік, мысық, құстарға көңіл бөлмей өтіп кетпейді. Есімде бір рет шыбын туралы өлең жаттап отырып, оған өрмекші төнетін кезінде, Софидің дауысы дірілдеп, көзі мөлдіреп кетті. «Не болды?» дегенімде, шыбынды аяп кеттім дейді (күліп). Сондай бір сезімін білдіруде өте ашық. Ол өзінің ата-әже, әпкелерін ерекше сағынып жатады. Менің мысалы, 5 жасымда ата-анамнан басқа аса туысқандарым есімде бола бермейтін.

— Концерт, сахнаға шығатын кездері еркелеп, мазасызданбайды ма?

— Қазір ойлап отырсам, сахнаға шығатын жауапты кездерде бірде-бір рет еркелігін көрсетпепті. Әрине күнделікті өмірде кейде еркелеп, «мүмкін бүгін бармай-ақ қоярмыз, шаршап кеттім» дейтін кездері болады. Бірақ еденге жатып алып жылайтындай емес. Бәрін үлкен кісілерше түсіндіреді. Ал сахнаға шығар кезде мен керісінше оны ұстап тұрамын, көбісі бізге сол үшін күліп жатады. Өйткені әдемі киініп, міне-міне шығатын кезде концерттердің кейде созып жіберетін тұстары болады. Сол кезде Софи өзін-өзі әрең ұстап «қашан-қашан, сахнаға шыққым келіп тұр» деп тағатсыздана бастайды (күліп). Өйткені ол өзі көрермендерге энергия бере отырып, содан өзі қуаттанады. Үйге де қонақтар келсе, ол бірде-біреуін ән айтып, би билеп, күлдіртіп, айтқысы келген нәрселерін айтып болмайынша жібермейді.

— Инстаграмда Софидің түрлі киім үлгілері таң қалдырмай қоймайды. Әдемі киінуді жақсы көре ме?

— Кішкентайынан Софи мейрамханалар мен дүкендерде болуды жақсы көреді. Киім дүкеніне кірсек, бәрін өзі таңдап кетеді. Әдетте нәрестелерді киіндіріп жатса жылай бастайды ғой, ал Софи керісінше туылғанынан жылай бастаса біз оны киіндіре бастайтынбыз, сол кезде тынышталып қалады (күліп). Киіндіру процесінің өзі ұнайды.

— Ал киімді көбінесе қай жерден аласыздар?

— Барлық брендтердің киімдерін ала береміз. Софидің гардеробы үлкен, онда қымбат брендті киімдер де бар. Оны оған әжесі алып береді. Көптен күткен немере қыз болғаннан кейін солай еркелетіп тұрады. Немесе менің Пекинде тұратын сіңлім Алматыда жоқ түрлі балалар брендтерінің киімдерін жіберіп тұрады. Кейде өзіміз де кішкентай дүкендерден киім ұнап қалса, ала береміз. Жалпы қыз бала болған соң, оны әдемілікте өсіру керек деп ойлаймын. Қазірдің өзінде 5 жаста олар үлкен балалар сияқты киінеді. Кейде көріп қалам, анасы басынан аяғына дейін күшті киініп алады да, баласына өлшемсіз киімдер кигізіп қояды. Меніңше, кішкентайынан балаларға стиль, киім киіс деген нәрсені дұрыс үйрету керек. Солай талғам пайда болады. Біз мысалы, кішкентайымыздан аяқ-киімге үлкен мән береміз. Әдеттегідей кішкентайларға кигізіп қоятын үлкен-үлкен гүлі бар сандалилер емес, үлкендерше балетки, туфлилер киеміз.

— Софи сондай-ақ кішігірім тойларда да өнер көрсетеді екен. Шақырулар көп болады ма?

— Иә. Әрине, бұл мәселеге келгенде мен ұзақ ойландым. Өйткені телевидениесі бар үлкен алаң, сахналарға шығу бір бөлек те, тойларға шығу бір бөлек. Бірақ кейін егер Софиге ұнаса, оны да көрейік дедік. Бір жағынан әдетте бізді шақыратын кішкентай балалардың туған күн, сүндет той, т.б. мерекелерінде Софи барлық кезде өзі ғана ханшайым бола бермейтінін түсінеді. Бұл біздіңше жақсы тәжірибе. Ондайда ол мереке өзінікі еместігін біледі, қызғанбайды.

— Ал нақты шектеулер қоясыздар ма? Мысалы, теледидар көруде, т.б.

— Әрине балаға ерік берсең күні бойы мультик қарап отыра береді. Софидің де сүйікті мультиктерін көру уақыты бар. Бірақ бір жақсысы ол тәртіп, дисциплина дегенді біледі. Мысалы, кішкентайынан апта күндерін жаттап алған. Өйткені сенбі заңды демалысы. Бізге мысалы кішкентай кезіміде бір күннің екінші күннен аса айырмашылығы жоқ сияқты көрінуші еді ғой. Ал Софи болса, өз сабақтарының, үйірмелерінің қашан болатынын, қашан дайындықтарының болатынын біліп отырады.

— Бала кезінен танымал бола бастаған балалардың кейін жұлдыз ауруы пайда болады деп ойламайсыз ба?

— Болуы мүмкін. Бірақ ол ата-аналарға байланысты шығар. Біз мысалы ешқашанда Софиге сен жұлдыз боласың демейміз. Ол кішкентайынан өзіне назар аударта білді. Мысалы, осы жердің өзінде қазір өлең айтып, концерт қойып кете алады. Өзі-ақ адамдармен сөйлесіп, керек назарын алады (күліп). 3 жасқа енді келгенде бала-бақшаға бергіміз келген. Бірақ Софиге бала-бақша ұнамады. Ол да енді әр балада әр қилы шығар. Тәрбиешілер әлі-ақ үйреніп кетеді деді, бірақ бала-бақшаға бермеуге мүмкіндік болса, баланы қинап қайтеміз дедік. Сосын үйде отырғанда мен одан «Софи саған бала-бақшада неге ұнамады? Балалар, тәрбиешілер ренжітті ме?» десем, ол «жоқ, маған түзеліңдер деген ұнамады» деді. Сол кезде мен түсіндім. Яғни ол өзіне барлық балалар сияқты қарағанды ұнатпады. Ол жерде енді тамақ ішесің бе, ішпейсің бе деп сұрап жатпайды ғой, «түзеліңдер» деп асханаға алып кетеді. Сондай бір индивидуалды қарым-қатынас болмағаны ұнамаған болуы керек.

— Бала тәрбиелеуде аналарға айтатын өзіңіздің бір кеңесіңіз бар ма?

— Мынадай кеңесім бар: аса ешкімнің кеңесіне құлақ аса бермеңіздер. Айналаңызда мыңдаған кеңесшілер пайда болады, бірақ анасынан гөрі баласын ешкім де жақсы білмейді. Бала кәмелетке толғанға дейін ең бастысы оған жауап беретін ата-ана. Әпке, көке, ата-әжелер де әрине жақсы көреді, бірақ көп жағдайда олар балаға жауап бермейді, олар еркелетсе ғана болды. Біз балаға жауапты болған соң, оның қалауын бізден басқа ешкім де білмейді. Ең бастысы — балаға көңіл бөлу. Мысалы, Софи маған сұрақ қойса, мен ешқашанда оған салғырт жауап бере салмаймын. Барынша қызықтырып, толық жауап беруге тырысамын. Немесе ыдыс жуып жатсам, барып ойнай тұршы деп құлағыма телефон асып алатын кездер болмайды. Мен де көмектесемін десе, қолына ыдыс ұстатқызып қойып, әңгімелесіп кетемін. Машинада кетіп бара жатсақ, өлең айтамыз, тамақ ішіп отырсақ, фри санап, жұмбақ айтып, әрдайым сөйлесіп отырамыз (күліп).

— Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

— Бүгін Италия консулдығына барып келгенбіз. Онда болатын бір байқауға дайындалып жатырмыз. Негізінен жаздың ортасына дейін екі-үш концерттерге шақырып қойған. Сол жерлерде өнер көрсетеміз.

— Әңгімелеріңізге көп рахмет! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Алия Arsik
1 маусым 2013, 10:11
10284

Загрузка...

Пікірлер

"5 жасар Софи Манасян мен 27 жасар анасы Ольга Югай". Қазақ тілінің заңдылығы мен байлығына қол салмаңыдар. "5 жасар" деп айтылуы дұрыс, бірақ "27 жасар" деген дұрыс емес, "27 жастағы анасы" деп жазылуы тиіс. Одан кейін, қазақтың сөз тіркестері мен мәтелдерін қолдануда да абай болғанымыз дұрыс болады. Атадан балаға ауызба ауыз тарап келе жатқан мақал-мәтелдерді бұзып айтуға ешкімнің де құқығы жоқ. Демек, Сіздер жазған мақала "Болар бала боғынан..." деп жазылуы тиіс. Болмаса, ерсі көрсеңіздер мақалаға мүлдем басқаша атау қойыңыздар.
казактын атын данкын жаксы жагынан шыгара брсин осындай кыз улдарымыз коп болсын
жарайсын СОФИИИИИИИИИИИИИИИИ
Расында нағыз әртіс екен, тіл-көзден сақ бол, Софи!
көз тимесін сұлу))), балалар все может))) тынымсыз балаларды осылай жан/жақты курстарға беріп оқытса шіркін))) әттең кейбір ата/ананың финанс жағы қинайды, ато мындай алматыдай үлкен мегаполисте барі бар ғо барі))
өте өнерлі бала) жұлдызың жана берсі, Софи) биік шыңдарды бағындыр)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11293
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5003
  • 17
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4086
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4319
  • 88
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3496
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3181
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 3019
  • 19
Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

В Гоа я не первый раз. Очень многое знаю. Минус такой путевки только в том, что вы не сможете выбрать пляж и отель, но за такие смешные деньги – какая разница. Гоа – это не Индия. Ну, кто был в...
fima
2 дек. 2016 / 11:32
  • 2999
  • 24
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется и вряд ли когда-нибудь и будут, ибо менталитет...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 2834
  • 52