• 7062
  • 1
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Балалык шак

«Адам  балалығына  қарыздар». Кім айтқаны  екені есімде  жоқ, бірақ  ұмытылмайтын сөздер. Бұрын  ойлайтынмын  «бұл   қалай?» деп. Енді  есейе  келе  түсінгендей  болдым. Өміріміздің  ең  бақытты кезеңі - балалық   шақ екені.Өйткені  кімнен  болсын  «ең  бақытты  кезің қай  кез  еді?» деп  сұрасаңыз ,ол  адам алдымен  ойланады , сосын   жымиып  күледі  де «әрине,балалық  шағым»дейді. Қарыздар  болуымыздың  да  себебі  сол- есіңе  балалық  шақтың  бір  эпизоды  түссе,  ойыңа қызық-қызық  жайлар  келеді де, өзіңмен  өзің  күлесің . Бала  кездегі  қатар  құрбыңды  кездестіріп,өткенді  еске  алсаң,бір  сергіп  қаласың.Ең өкініштісі – балалық  шақтың  қайтып  келмейтіні   және сол  сәттердің  қайталанбасын  бала  кезіңде  сезінбегенің.

Ол  кезде теледидардан көретініміз- отбасы  болып  тамашалайтын  фильм  немесе  мультфильм,мұзда  мәнерлеп  сырғанау  чемпионаты, орталық  каналдан берілетін  «Ал,қане,қыздар!».Қазіргідей  сансыз  каналдағы кино,  компьютер мен ұялы  телефондағы  , ғаламтордағы түрлі  ақпарат  болған  емес. Менің  балаларым осы  туралы  айтқанымда  маған  біртүрлі  аянышты  көзбен қарайды.Шамасы  ата-анасының  өмірі  қандай   көңілсіз  өткені  туралы  ойлайды-ау. Қайдан  білсін, біз  үшін  ең  бақытты кездің  өзі сол   балалығымыз  болғанын.Қайдан  білсін, әр  ай  сайын  келетін «Қазақстан әйелдері», «Мәдениет  және  тұрмыс», «Жалын»,  «Жұлдыз»журналдары біз  үшін  қазіргі  ғаламтордан  кем емес  болғанын.Әсіресе «Жамал  апайды  тыңдасақ» деген  рубрика есімде қалыпты.Өйткені  жұмыстан  келіп,шаршағанына  қарамастан  нан  илеп, не  кір  жуып  отырған   кезде   апам  маған сол рубриканы   дауыстатып  оқытып  қоятын.

Күнделікті  өміріміз  де  бір  сүреңді  болды.Таңертең  мектепке  барасың, түстен  кейін  үй    шаруасымен айналысасың , одан  кейін сабақ оқисың.Жыл  мезгіліне қарай  қыста ауланың  қарын  күрейсің,малға  шөп  бересің , қора  тазалайсың,көше  басындағы  кранттан   темір  шелекпен су тасисың,жазда  кішігірім малды  бағасың (бұл  шаруа  сенің  қыз  бала  не  ұл  екеніңе байланысты емес, кім  болсаң  да - сол  шаруа).Кешкі  асқа   отбасы   төрт  көзі  түгел  жиналады да, ата-анамыз   күні  бойы  не  істегенімізді сұрайды.Біз  тәптіштеп  тұрып  айтамыз. Дүниежүзілік этикет тәртібіне орай  үндемей  отырып тамақ  ішу- біз  үшін    мүмкін  емес  жағдай. Күн  сайын  осы.Сыртымыздан тыңдаған  адам «тағы  да  сол  әңгіме» дер  еді.  Ал өзімізге соның өзі қызық  болатын.Бұл   үйде  тек  өз отбасымыз  болғанда  ғана.Ал  аяқ  астынан  күтпеген  қонақ  келе  қалса , нан мен  секерімізді қолымызға  ұстап,қонақ  шайға  қанғанша  өз  бөлмемізде  отыра  тұрамыз.Оған  ренжимейміз де.Өйткені  ата-анамыз бала  кезімізден «Қонақ  ырысын  ала  келеді»деп  құлағымызға  әбден  сіңіріп  тастаған.

Жер-аяғы  кеңіген  кезде  дос-құрбыларыңмен  ойнайсың.Онда  да тек  кешкі  21.00 ге  дейін.Одан кешіксең, үйдің  есігі  ішінен  кілттенеді.Ойынның қызығымен  жүріп, күннің батқанын  да  байқамай қалатынбыз.Ал  ойынның түрі кө-ө-ө-п еді. Тек  қана  допқа қатысты ойынның  бірнеше  түрі  болатын- валейбол, баскетбол, пионербол, картошка,жеті  таяқ, бес  қаңылтыр,тағысын  тағылар. Кәмпиттен  босаған  қаңылтырдың  ішіне  құм  толтырып , мак  ойнайтынбыз.Осы  ойынның  бәрін  түгендегенде  сағатқа  қарайтын   уақыт  қайда? Апам марқұм  есікті кілттеп  алатын да , ал әкеміз жарықтық , сол кездің  тұзды  сөздерін   айтып, апама  ренжіп,бізге  есік ашатын.Бір  қызығы- бұл  күнде қайталанатын  көрініс еді. Әкемнің  бәрібір  есік  ашатынын  біле  тұра, апам  да  кілттеуін  қоймайтын. Соның  өзі  қызық  еді.Даладан сүмірейе  кіргенмен , өзіме  тете  апайым  екеуміз көрпенің  астына  кіріп алып , сылқылдап күлетінбіз.Таңертең  апам  шай  үстінде  қабағын  түйіп отыратын, біз  де  салмақты  боп отыратынбыз. Біз  күлкімізді  еріксіз  тежей  отырып,көзімізді  жерден  көтерместен  тамақтанатынбыз.Ай,балалық-ай  десеңші!

Демалыс уақыты,оның  ішінде жазғы демалыс  дегенің -ол бір қайталанбайтын  күндер. Қой  кезек деген  сөзді  тек  ауыл  баласы  ғана  түсінетін. Өз аулыңның  қой  кезегі ғана  болса бір  басқа. Көрші  ауылда тұратын  туысыңның  үйіне  қыдырып барып, қой  кезегіне шығасың.Және бұл - талқыланбайтын  тақырып.Барасың - болды  нүкте.Қазір үйіңе  келген  туысыңның баласына  қой  баққызып  көр. Ал  біз  қолтығымызға  бір  бөтелке  көжені   қысып  алып, басымызға  газеттен  жасалған қалпақты киіп , қой  соңында жүре  беретінбіз. Газет  демекші , газеттің атқарған  ролі  көп еді. Жаңалық  көзі,бұқаралық ақпарат  құралы  екендігіне сөз  жоқ. Үйімізде қазақ  және  орыс тіліндегі газет көп  болатын.Анам  марқұм  мақтанышпен «Үйімізге 13 түрлі газет пен  журнал  алдыртамыз»деп  айтып  отыратын.Келген  қонақ оқып,орнына   қайта  жинап  қоятын.Қазіргідей шашылып  емес, текшелененіп  жиналып  тұратын. Газеттің  қосымша  да  қызметтері   болды. Әсіресе  жаздың күні. Қазақстанның  өзге  өңірінде  қалай,білмеймін.Ал  менің  балалығым  өткен батыстың аңызақты  облысында басымызға күннен қорғану  үшін қалпақ жасап  киеміз.Киіп  ап,мәз  болысып,  көшеде  жүретінбіз(әрине,бой  түзегенге дейін). Үйіміздің  терезесін  жаздың   ыстығынан қорғау  үшін ішінен  газетпен каптайтынбыз.Шынында,үйдің  іші  салқындау  боп  тұратын сияқты еді.Әлде  бізге  солай  көрінді  ме ?Ал кешке  қарай   ызылдаған  сары  масаның шабуылынан  қорғану  үшін қолымызға  сол  газеттен желпуіш  жасап  алатынбыз.Ұмытып  барады екенмін.Үйге  кірген  қара  шыбындар да сол газеттің құрбаны  боп  кете баратын. Кез келген  газетті  алады  екен  деп  ойлап  қалмаңыз. Келгеніне көп уақыт болған, жинаққа  сыймай  тұрған,ата-анамыз  оқып,ішіндегісін  әлдеқашан  талқылап  тастаған ,түсі  сарғая  бастаған газет.Қазіргі  замандағы ғаламтор  да, жазғы  бас  киім де,жалюза да, масадан  қорғаныс  кремі мен  шыбын  өлтіргіш «Райд»та-барлық қызметті  газет атқаратын еді.Әлі  күнге  дейін  қонақ  бөлмеге   газет,журнал  жинап  қойғанды  ұнатамын.Қаншама  жасым  ұлғайды  деген әр адамның  бойынан балалығындағы  әдеті  қалмайды  екен.Адамның  қалыптасуына  да  оның балалығының қалай  өткені  әсер  етеді  деп  ойлаймын.Қазіргідей  барлық жағдайы жасалған өмір  болмаса  да , мен  өз балалығыма, бала  кезімде  қасымда  болған  ата-анама,  бауырларыма  ризамын. Балаларымның  өмірі өзгелеу, біздікінен   жеңіл,қызықты  болар.Бірақ  бұл  кезді   өз  балалығымның  бір  күніне  де  айырбастамас  едім. Қара  сирақ ,жалаң аяқ  күйімізде  әр нәрсені армандап , жаңалық  атаулының  бәріне  қызығып жүрген , ертеңгі  күннен  тек  жақсылық  күткен, қуансақ  шын  көңілмен  қуанып, ренжісек,қара  аспан  төңкерілгендей, тығылып отырып,жылап алатын  балалығым - ең  қымбаттым  өзің  екенсің.

 
30 мая 2013, 21:01
5318

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10950
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4615
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3911
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3987
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3615
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3044
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3235
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2885
  • 19