Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:13, 30 мая 2013

Әскери қызметшілерге тұрғын үйге өтемақы алу жеңілдетілді

2013 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 538 Қаулысына қол қойылды. Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері  әскери қызметшілерінің тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты өтемақы алуға өтемақы төлеу тетігі жеңілдетілген.  Өтемақы алуға қажетті  құжаттар әзірлеу үш құжатқа азайтылған.

Патент, шот-фактура, фискальный чек, және басқа да құжаттарды ұсыну туралы талаптар өзгертілді. Енді өтемақы алу үшін әскери қызметшілер үйді жалға алғаны (жалдағаны) туралы, тұрғын үйге мұқтаждығы расталатындығы жөнінде және отбасының құрамы белгіленген анықтама өткізуі қажет.
Және де аталған өзгертулер бұған дейін патенті жоқ кәсіпкерлермен келісімге отырған әскери қызметшілерді қамту мақсатында 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0