Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:01, 28 мая 2013

Шалқар Мұхитқа жолын берді

Blog post image

 

«Қазақстан Барысы» турнирінің екі маусымында жүлдегерлер тұғырынан көрініп, алыптардың талайын тізе бүктірген шығысқазақстандық Шалқар Жоламанов биылғы қатысушылар қатарында жоқ. Шалқар іріктеуден өтпей қалды ма, әлде басқадай себептері болды ма екен?..

Шалқар Жоламанов – Бейбіт Ыстыбаев се­кіл­ді «Қазақстан Барысы» додасыныңекі маусы­мында да жүлдеге қол жеткізген білекті балуан. Қазақ күресінің жілігін ша­ғып, майын ішкен Шал­қар бұл жобаның кү­міс және қола белдік­терін еншілеген. Енді оған «Қазақстан Барысы» деген ат қана жет­пей тұрған.

Биыл іріктеу турнирі басталған тұста республикалық арналардың біріне сұхбат берген Шалқар «Биыл бірінші орын­нан үміттімін» деген болатын. Бірақ финал­дықбәсекеге жолдама алған 33 балуан­ның қа­та­рына Жоламанов ілікпей қал­ды. Оныңсе­бебі…

Шығыс Қазақстан облысында өткен ірік­теу сы­нының үшінші кезеңінде Шалқар мен талантты жас балуан Мұхит Тұрсыновтың жолы түйіскен бола­тын. Осыдан бұрынғы екі маусымда да Мұ­хит пен Шалқарды жеребе жолықтырған еді. Сол екі кез­десуде де Мұ­хит Тұрсынов ағасына кү­рес­пей жо­лын бер­ген екен.

Биыл тағы да екі балуан іріктеу сы­нында кездесіп қалады. Бұл жолы Шалқар мәрт­тік танытып, күресте ізін ба­сып келе жатқан жас бал­уан Мұхит Тұрсынов­қа күреспей, жолын берді. Осы­лайша биыл шығыстың намы­сын Ай­бек Нұғы­ма­ров пен жас талант Мұхит Тұрсынов қорғайтын болды.

 
0
680
0