Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:25, 22 мая 2013

Шахмат – өмір!

Blog post image

Шахмат – өмір!

-          Шах!

-          ...?

-          Мат!

-          Қалай?

-          Солай!

-          ...жаңа ғана бастап едік қой?

-          Бұл Гарри Каспаровтың әдісі, төрт-ақ жүрістен кейін мат қоятын?!

Міне, шахмат осындай керемет ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі. Бұл жоспарсыз ойнауға болмайтын саяси ойын. Шахмат ежелде Үндістан жерінде пайда болып, кейін Парсы, Араб, Еуропа және Азия елдеріне кеңінен тараған деседі. Бірақ, атауы парсы тілінде сақталған. «Шах-мат», қазақша «Хан-өлді» деген мағынаны білдіреді. Аты жақсы емес. Әйтсе де, ойынның адамның ойлау жүйесіне әсері зор. Әр түрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын қызметі, қимыл-қозғалысы, өз жерін қорғаудағы белсенділігі, қарсыласқа қауіптілігі, бәрі де шебер ұйымдастырылған.

Мұндағы басты тұлға – Король (Хан). Ол кетсе, ойын да бітеді. Сондықтан барлығы Карольдің бұйрығына бағынуға және оны кез-келген қауіптен қорғауға міндетті. Екінші тұлға – Ферзьа. Бұл пәтшәғардың жүрмейтін жері, баспайтын тауы жоқ. Тіке де, қиғаш та қалағанынша қадам жасайды. Онан кейінгі Арба (Ладья) мен Піл (Офицер). Бірі тіке, бірі қиғаш қалағанынша жүреді. Бұл үшеуі (ферьза, арба және піл) жаудың қасына барып та, тым алыста тұрып та шах береді. Өз жерінде тұрып өзгенің жеріндегі тұлғаларға бұйрық береді, қауіп төндіреді. Тіпті, тұрған орнынан бездіріп жібереді. Сондай алыстан бұйрық бергіш. Онан кейінгі мықты фигура Ат. Мұның қимыл-қозғалысы тіпті бөлек. Жүрісі «Г» тәрізді. Орағытып қасыңа жетіп келсе, құтылу қиын. Бұл шах бергенде, Король өзі қашып құтылмаса, оның жолын бөгеу мүмкін емес. Басқа фигуралардың алдын бөгей тұруға болады, атты олай алдай алмайсың. Егер ол Король мен Ферзьаның екеуіне де бірдей қауіп төндірсе, онда Корольді аман алып қалу үшін екіншісін қиясың. Екеуін бір оқпен атады. Сондықтан аттан келетін қауіп өте күшті десе де болады. Атты мықты пайдаланатындармен кездессең, қиынның қиыны. Енді ең соңғы фигура жай тас. (пешка-жаяу солдат). Кей жұрт оны қауқарсыз деп есептейді. Бірақ, бұл да едәуір қорған. Егер жай тас жаудың төріне шығып, ерлік жасаса, оның дәрежесін көтеріп, Ферзьа, Арба Ат, немесе Піл қылуға болады. Бірақ, Король бола алмайды. Тегі қара ғой, Хан емес. Бұл жерде Отан, шекара деген ұғым бар. Тақтаның бір беті ақтың, келесі беті қараның тарихи территориясы. Бір-бірінің жеріне кіріп, қарым-қатынас жасауға болғанымен, билетіп-төстетуге, ойран салдыруға болмайды.

Ең маңыздысы ұрыс алаңында бәрінің мақсат-мүддесі бір. Ол – жеңіс. Ойын барысында жаудан қауіп төнгенде, кез-келген тұлға (фигура) Карольін аман сақтап, жерін жаудан азат етіп, жеңіске жету үшін бастарын бәйгеге тігеді. Ешқайсысы өз отанына сатқындық жасамайды және әр фигура қарақан басының қамымен жүрмейді. Егер осылар орын алса, онда ойын көп ұзамай жеңіліспен аяқталады. Тіпті, жер бетінен біржола жойылады. Алауыздық, сатқындық, қарсы жақтың сойылын соғу да осыған апарады. Ал, ынтымақ, бірлік – жеңіске жетелейді.

Ал, шахматтың ешқашан өзгермес заңдылығы – жеңсең де, жеңілсең де, ойын біткеннен кейін Кароль де, жәй тастар да, бәрі де бір қорапқа салынады. Бәрінің барар жері – бір жер.

0
3230
0