Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:04, 19 мая 2013

Алматыда қазақстандық олимпиадашылар веложүріске қатысты

Blog post image

 

Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған дәстүрлі веложарыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Велошеруге Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, Пекин Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, IX Азия клубтық чемпионатында алтыннан алқа таққан «Астана» клубының ватерполшылары және «Бірінші болу батылдық» II қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылар Уәлихан Тен мен Салтанат Қазыбаева, Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

«Бұл шара қаламызда салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, оны насихаттап жүрген белсенділердің саны күннен-күнге көбейіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Бүгінгі веложүріске атақты қазақстандық спортшылар мен «Бірінші болу батылдық» марафонын ұйымдастырушылар қатысты», — деп хабарлады веложүріс кезінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік жүлделер мен сыйлықтар тапсырылды.

Blog post image

 
0
275
0