Қазақ тілінде дәріс оқитын жас ғалым Габриель Магуайер

Осыдан бір жыл бұрын Алматыда 50 мың сөзді қамтитын үлкен қазақ-ағылшын сөздігінің жобасы таныстырылып еді. Ол жобаны іске асырушылардың қатарында Назарбаев Университетінің оқытушысы, ғалым Габриель Магуайер да бар болатын. Бүгінде мені Ғабит деп айта беріңдер деп таныстырған, қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ әдебиетінен сабақ беруге тырысып жүрген сол америкалық этнограф Габриельден алған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Қысқаша ақпарат: Габриель Магуайер 1979 жылы Аляскада туылған. Отбасында ата-анасы, інісі мен екі әпкесі бар. Алғашқы жоғары оқу орнына түсу үшін Вашингтон штатына көшіп барған. Онда этнология факультетін тәмамдап, кейін Индиана университетінің фольклор факультетінде этнография мен ауыз әдебиеті бойынша екінші мамандығын алып шығады. Сол оқу орнында қосымша Шығыстану факультетіне түсіп, онда қазақ бөлімін таңдайды. Кейін 2008 жылы Қазақстанға жұмыс істеуге көшіп келеді. Қазірде Назарбаев Университетінде гуманитарлық пәндерден дәріс оқиды.

— Габриель, Шығыстану факультетінде оқып жүрген кезіңізде неліктен дәл қазақ бөлімін таңдадыңыз? Несімен қызықтырды?

— Білмеймін, бала кезімнен әрдайым басқа халықтар туралы оқуды ұнататынмын. Шет елдерді аралап, басқа халықтардың өмірін өз көзіммен көргім келетін. Сондықтан университетке түсерде қосымша сол факультетті таңдап, қазақ бөліміне қызығып кеттім. Ол мен үшін бұрын естімеген, құпия ел болды.

— Сіз біршама қазақ әдебиетін оқып, зерттепсіз. Оның ішінде кімдерді сүйіп оқыдыңыз? Қандай шығармалар есте қалды?

— Осы семестр зар заман әдебиетінен бастаған болатынбыз. Ол өте қызық болды. Меніңше, олардың айтар ойы терең, асықпай отырып оқу керек. Өкінішке орай маған барлық сөздерді түсіну қиындау болды. Себебі олардың тілі қазіргі қазақ тіліне ұқсамайды. Одан соң ең сүйікті авторларымның бірі — Міржақып Дулатов.

Шығармалары өте ұнады. Оның тілі де әрине қазіргі қазақ тілі сияқты емес, бірақ мен оны түсіндім. Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев өлеңдері. Сүйіп оқыған поэзияның бірі. Әсіресе «Сағындым» өлеңін жақсы көріп қалдым. Меніңше, ол қазақ тілінің көркемділігін барынша көрсете білген.

— Қазір қандай кітап оқып жатырсыз?

— Мысалы, бүгінгі сабақта Бейімбет Майлиннің «Күлпәш» әңгімесін оқыдық.

— Сонда қазір сіз осы университетте қазақ әдебиеті сабағынан дәріс оқисыз ба?

Иә, қасымда қазақ мұғаліммен бірге. Ол бас мұғалім әрине, мен болсам одан үйреніп, қасында көмектесіп қана тұрамын. Көбінесе өзім де студент сияқтымын оның сабағында. Бірақ болашақта қазақ әдебиетінен сабақ бергім келеді. Қазірде қазақ эпостарына, айтыстарына қызығып жатырмын. Әсіресе «Қыз Жібек» эпосы, «Көрұғлы» дастаны, т.б.

— Әдебиет арқылы бір ұлттың мінезін білуге болады деп жатады. Қазақ әдебиеті арқылы қазақ ұлтын қалай сипаттайтын едіңіз?

— Бұл сұраққа жауап беру қиын. Себебі әрбір шығармада жақсы кейіпкер де жаман кейіпкер де, жалпы түрлі мінездер қамтылады ғой. Сол себепті қазақты бір ғана сөзбен сипаттауға болмайды, оның мінезі сан қырлы. Мысалы, әңгімелерде жақсы адам — қонақжайлы, жаман адам - сараң, жомарт емес. Жақсы адам — дінге сенсе, жаман адам — сенбейді. Жақсы адам — ата-анасын құрметтеп, оларға көмектессе, жаман адам — ағайын-туыстарға қарамайды. Мүмкін осындай критерийлер арқылы қазаққа қай мінез жақсы, қай мінез жаман көрінетінін білуге болар.

— Қазірде біздің қоғамда тіл мәселесі күрделі сұрақтардың бірі екенін естіп-көріп жатқан боларсыз. Осы мәселеге қатысты сіздің пікіріңіз қандай?

— Меніңше, ол өте қиын проблема. Бұл жөнінде мен нақты шешім айта алмаймын. Бірақ мұндай проблема көптеген елдерде бар. Мысалы, Ирландия өз ана тілін ұмытқан, тек ағылшынша сөйлейді. Үндістан өз тілін біледі, бірақ қазір онда жалпыхалықтық тіл — ағылшын. Әр адам әрине өз ана тілін білу керек. Сол себепті мүмкін барлық студенттерге тарих, әдебиет сияқты пәндер міндетті түрде өз ана тілдерінде оқытылуы керек шығар. Сондай-ақ әр студент бос кезінде, сабақтан тыс уақытта өз ана тілінде сөйлеуі керек. Оған университет те ықпал ете алады.

— Сіз қазақша қалай үйрендіңіз?

— Индиана университетінде оқыған кезімде қазақ тілі сабақтарын алған болатынмын. Ол кезде екі қазақ мұғалімім болды. Біреуі Алматыдан, аты — Әлия Құрышжан, екіншісі Зара Батиева, Семей жақтан. Екі жыл солардан сабақ алып, кейін Алматыға келгенде интенсивті қазақ тілі курсына жазылдым. Күн сайын 4-5 сағат бір мұғаліммен грамматика үйреніп, әңгімелесіп, кітап оқып отырасың. Осы интенсивті курстан кейін мен Оңтүстік Қазақстанға кеттім. Тараз, Түркістан қалаларында қазақ отбасыларымен тұрдым. Міне, солай қазақ тілін үйреніп кеттім.

— Ол курстарда қандай кітаптар мен әдістемелерді қолдандыңыздар?

— Акселс бағдарламасымен оқыдым. Интенсивті курста мен жалғыз болып, таңғы 8-ден түскі 12-ге дейін мұғаліммен жеке өзім отырып, индивидуалды сабақ алуым эффективті болған шығар. Біз бірге кітап оқыдық. Мен, мысалы, этнография туралы монографияларды әкеліп отыратынмын. Немесе сабаққа жаңа газет ала келетінмін. Келесі назар әңгімелесуге көп қойылды. Мұғалім менен белгілі бір тақырыпқа көзқарасымды біліп, авторлармен келісесіз бе, келіспейсіз бе деп пікір сұрап отыратын. Кейін менің пікіріме ол қарсы сөз айтып, екеуіміз сөз жарыс өткізетінбіз. Ол мұғалімнен мен көп практика алдым. Қазақ тілінде еркін сөйлеуді содан үйрендім. Әрине, оған дейін Индиана университетінде Виноградов деген автордың грамматика кітабын көп оқығанмын.

— Қазақ грамматикасы оңай ма екен?

— Жо-о-оқ (күліп). Қазақ грамматикасын 2006 жылдан бастап оқып келе жатқан шығармын. Әлі күнге дейін оны толық білемін деп айта алмаймын. 6 жыл болса да, әлі қиындық туғызады. Себебі қазақ пен ағылшын грамматикасы мүлде ұқсамайды, екі түрлі нәрсе.

— Қазірде сабақтарыңызда студенттерге не үйретесіз?

— Қазірде екі сабақтан дәріс оқимын. Біріншісі — гуманитарлық пән. Яғни ежелгі грек әдебиетінен бастап, А.Смит, К.Маркс, Р.Эмерсон, Мартин Лютер Кинг, т.б. америкалық авторлардың шығармаларын оқимыз. Екінші сабақ — әдебиет. Қазақ әдебиеті емес, американдық, ағылшын, кейбір орыс авторларын оқимыз. Осы семестрде бір сабақ ертегілер беремін.

— Кейбір жастар кітап оқуға аса қызыға бермейді, оларды сіз қалай қызықтырасыз? Кітапқа деген құлшынысын қалай ашасыз?

— Мен студенттерге әдетте былай айтамын: бұл авторлар XIX немесе XX-шы ғасырдың басында өмір сүрген. Бірақ олардың өмірі сіздердің өмірлеріңізге ұқсайды. Олар да дәл сіздер сияқты өздеріне бұл өмірдің мәні не, бұл дүниеде қалай тұру керек деген сұрақтарды қойған. Сол себепті олардың шығармаларынан өздеріңді толғандырып жүрген кейбір сұрақтарға жауап таба аласыңдар. Олардың көмегімен біз өз өмірімізді түсіне аламыз. Сондықтан кез келген шығарма, әңгіме, роман оқып жатқанда мен студенттерден онда қандай мораль бар, философиясы қандай деп сұраймын. Бас кезінде әрине барлық студент әдебиетке қызығып кетпейді. Бірақ біраз ой талқылаулардан соң олар ақырындап түсініп, қызыға бастайды. Өйткені жақсы бір романнан өмірдің мәнін түсінуге болады.

— Жалпы әдебиетке қызығып кету үшін, қандай кітаптардан бастауға кеңес берер едіңіз?

— Меніңше, Софоклдың «Антигона» шығармасы кез келген оқырманға қызықты болады. Онда өте жақсы ойлар бар. Студентті кітап оқуға тартады деп ойлаймын. Одан соң орыс авторлары Тургенев, Чехов әңгімелері өте тартымды, қызығып оқисың. Американдық авторларды айтатын болсақ, Марк Твен, одан кейінгі қазірде студенттермен өтіп жатқан 19 ғасырдың аяғында өмір сүрген Сара Орн Джуитт әйел жазушы. Ол американдық ауылдарда тұратын жас қыздар туралы бірнеше кішкентай әңгімелер жазған, студенттер оларды сүйіп оқыды. Сондай-ақ Уильям Фолкнер. Оны оқу біраз қиын, бірақ өте тартымды.

— Ал қазіргі заманауи әдебиеттен?

— Заманауи әдебиеттен американдық Луис Эрдрихты оқимын. Ол көбінесе үндістердің (Indian, injun) өмірі жайлы жазады. Олардың қазіргі өмірін көрсетеді. Кейде тарихи романдар да жазады. Оның де кейбір шығармаларын студенттерге беріп отырамын.

— Болашақта жоспарыңыз қандай? Қазақстанда қанша уақыт боласыз?

— Қазақстанда мен 3 жылдық келісімшартқа қол қойғанмын. Бірақ үш жылдан кейін де кеткім келмейді. Істейтін ортам, университет өмірі өте қызықты. Студенттерім жақсы. Өзіме қызық тақырыпта сабақ беремін. Сол себепті қазірше кеткім келмейді. Әрине ата-анам Америкада, болашақта олардың жанында тұруым керек. Қазірде інім оларға қарайласады.

— Олар сіздің Қазақстанға кетемін дегеніңізге қалай қарады?

— Олар кішкентайымнан маған: Габриель сен көп оқуың керек, басқа халықтардың өмірі жайлы да зертте дейтін. Сол себепті мен магистратураға, докторантураға түскен кезімде олар өте риза болды. Бірақ Қазақстанға кетер кезімде аса қуана қоймады. Университетте жұмыс істеуім жақсы әрине, бірақ тым алысқа кетіп қалғаныма қобалжиды. Бір жақсысы, үлкен әпкем төрт жыл бұрын оларға немере туып беріп, енді олар қазір немерелеріне көп көңіл бөліп, мені аса алаңдамайды (күліп).

— Ал сіз оларға Қазақстан жайлы айтып бердіңіз бе?

— Шындығында Қазақстанның кейбір жерлері Аляскаға өте ұқсас. Павлодар, Астанадағы Бурабай жақтар Аляска табиғатын еске түсіреді. Біз жақта да орманда қарағай, қайың көп өседі. Ауа-райы салқындау. Оларға сол суреттерді көрсеткенде табиғаты қандай әдемі жер, бізге ұқсайды екен деп тамсанды.

— Сіз Қазақстанға келмей тұрып оны қалай елестеттіңіз?

— Негізі америкалықтар Қазақстан жайлы білмейді. Әсіресе үлкен буын, Кеңес кезеңінде оқыған адамдар Қазақстан жайлы естімеген. Ал жас буынның бәрі де географияны аса біле бермейді. Олар керек болса бар ақпаратты интернеттен алып жатады.

— Америкалық жастар мен қазақ жастарының арасында қандай айырмашылықтар бар?

— Америкалық жастар көбінесе болашағы жайлы ойлана бермейді. Олар университетте бүгінгі сабақты оқып шықсам, ертең достарыммен қыдыруға барсам деп қана жүреді. Ал қазақ жастары көбінесе университет бітіргеннен кейін не істеймін, қандай жұмысқа тұрамын, қашан үйленемін, ата-анама қалай көмектесемін деп көп ойланады. Сондықтан шетелден келген мен сияқты оқытушылар оларға қарап таң қалады. Кейде студенттер келіп, мен үш жылда тезірек оқу бітіруім керек немесе жасым жиырма екіде үйленуім керек деп жатады. Біз үшін олар әлі жас.

— Қандай қазақ газет-журналдарын оқисыз?

— Газет-журнал оқуға көп уақыт бола бермейді, бірақ қолыма тигенде «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерін қарап шығамын. Бірақ жаңалықты көбінесе «Нью-Йорк таймс»-тан оқып отырамын.

— Біздің БАҚ-тың деңгейі қандай сіздіңше?

— Әрине, екі жақтың тілшілері бір-біріне ұқсамайды. Сіздерде көбінесе бір жақты баяндау бар. Журналистер өз ойларын көп қосады. Ал Америкада журналистер көптеген адамдардың пікірлерін келтіре отырып, жан-жақты ойларды қамтуға тырысады.

— Жұмыстан бос кезіңізде немен айналысасыз?

— Қазірде шаңғы тебумен айналысамын (сұхбат қыс мезгілінде алынған — ред.) Достарыммен шаңғы сатып алып, аптасына екі-үш рет Есіл өзенінің бойына барып теуіп тұрамыз. Өткен аптада бір досыммен Есіл бойынан аэропортқа дейін жетеміз деп шығып едік, шаршап университет алдына дейін ғана жеттік. Сосын ол қарындасына телефон шалып, бізді машинамен алып кет деп өтініп, өте қызық болған (күліп).

— Ал Астана қалай, ұнап жатыр ма? Қандай артықшылықтары, кемшіліктері бар?

— Бір үлкен кемшілігі бар — ол Алматы емес. Алматыда біраз тұрғанмын, ол қаланы өте қатты жақсы көріп қалдым. Оның тауы, кішкентай сүйкімді кафелері, ондағы достарым — бәрін де сағынып кеттім. Бірақ қазір Астанаға да үйреніп қалдым. Оның артықшылықтары: шаңғы тебуге болады, анда-санда жақсы концерттер болып тұрады. Мысалы, екі ай бұрын «Ұлытау» деген топтың концертіне бардым. Жақсы мейрамханалар ашылып жатыр. Демалыстарда әріптестермен отырып демалып, уақыт болып жатса, Бурабайға барып тұрамыз. Бірақ шынымды айтсам, Алматы жақсырақ сияқты.

— Қазақ әншілерін тыңдайсыз ба, кімдер ұнайды?

— Негізі әншілер туралы көп білмейді екенмін. Батырхан Шүкеновты тыңдадым, ұнады. Алдында бір студент «Дударай» деген ән салып берген, өте әдемі ән екен. Мағынасы да жақсы, сүйікті әндерімнің біріне айналды.

— Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Фото автордікі


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Сұхбаттың аудио нұсқасы

Алия Arsik
20 мамыр 2013, 10:33
4634

Загрузка...

Пікірлер

Керемет!!! Біздің еліміздің, жеріміздің тарихын қызықтап, зерттеп келген осы кісіге Улкен Рахмет!! Сухбатты басынан - аяғына дейін үзілмей оқыдым! Біздің жастарды терең ойлы, болашағын ойлайтын адамдар деп санағанына мақтан түтамын! Алыстан келіп, жанұясын тастап келген, ол өте батыл екен. Не десекте, жерімізге Габриель сиякты талпынып, еліміздің жан-дуниесін тану үшін, тарихына үлес қосу үшін келген жандарга әрқашан жүрегіміз ашық, дастарханымыз жайлы! Авторга көп-көп рахмет!
Kelisemin! Zhastarga senip, olardy zhaksy zhagynan korsetkenine rahmet.
Zere
0
0
Алматы жақсырақ сияқты :D
Arsik
1
0
барлық жазушылардан Алаш ордашыларды ерекшелепті) жалпы тамаша жігіт екен.
Ол да Алматыны қимайды екен. )))
Ote unady! Aizhan, kyzyk suhbattar zhazyp zursin :)
рахмет, Алмуша!:)
50 мың сөзі бар сөздікті қайдан алуға болады екен? сатылымға шықты ма?
білуімше ол қазір тек жоба ретінде дайындалып жатыр әлі де, қаржылық проблемалар бар деп жазылған еді, соған қарағанда сатылымда жоқ-ау деймін
akma81
0
0
Алясканын адамдары ерекше адамдар )). Рахмет
Папам-мамам - акем анам емес пе?
Салем Габриель! Жұмысың алға баса берсін! Демалыста Ақыртөбеге келуді ұмытпа. Жанқуат және оның достары.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11054
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4729
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3962
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4086
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3670
  • 15
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3321
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3098
  • 11
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2925
  • 19