Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:23, 16 мая 2013

«Арландар» жайлы бір үзік сыр.

Blog post image

Осы бір бокс кешінің аяқталғанына бір апта болса да, өткен кешті електен өткізіп, сараптап қалам тербеп отырм.

   

Бала кезден спортты сүйіп өскен соң, мүмкіндік болса жарыстарды қалт жібермеуге тырысамын. Оның үстіне қазіргі кезде спорт журналистикасында жүргендіктен тіпті жиі баруға тура келеді. Көбіне футбол қарағанды ұнатушы едім. Осы жолы нағыз бокс кешін тамашалауға тура келді.«Астана арландарының» бәсекелерін көбіне теледидардардан тамашалағаным болмаса, барған емес едім. Осы жолы финал болғандықтан ерекше құлшыныспен бардым. Қарсыластардың қарымы қандай екенін өте жақсы білеміз, қазақтың жуан жұдырықты жігіттері де осыларға есе жіберіп қарап отырмайтынын тағы білеміз. Бір сөзбен айтқанда, мен күткен финал (барлық алаш жұрты күткен) десем де болды.

Blog post image

«Сарыарқа» республикалық велотрегіне жиналған жұрттың көңіл күйі өте жоғары болды. Финалдың аты – финал. Осындай бәсекелердің мәдени шараларынан қалмайтын, «Міне біздің жігіттер» деп Ерболат Құдайбергенов жүр. Осы Ерекеннің келетінін алдын-ала ішім сезген еді. Бізде бір-екі әншіні айналдырып шақыра беру «модаға» айналып барады ғой.

Не керек, жұрт күткен финалда басталды. Алдымен Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Чинг-Куо Ву, өзіміздің Серік Қонақбаев, Бақтияр Артаев сияқты шенді-шекпенділер сөз сөйлеп,сосын алғашқы жекпе-жектерге рұқсат берілді.

Мейірболат Тойытов пен Виктор Гоголев арасындағы жекпе-жекте айқын басымдылықпен біздің жігіт жеңіске жетті. Қарсыластың қабағын жарып, айызымызды қандырды.

Екінші жекпе-жек басталады дегеннен тыпыршып отыра алмадым. Осы күнге дейін Василий Ломаченконың техникалық шеберлігіне тәнті болып, жанкүйер болып жүруші едім. Біздің елде дәл осы боксшы сияқты алты жыл жеңілістің не екенін білмеген боксшы жоқ шығар. Қарайсың,қызығасың. Біздікілер болса, бір-екі жүлдеден соң, жұлдыз ауруы басталады. Сосын үнемі өз бабын сақтап, тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсете алмай жатады. Ал Вася да оның бірде-біреуі жоқ. Осы жетістікке қатал режиммен, еңбекқорлығының арқасында жетті. Жаттығу кезінде босаңсуды білмейтін боксшы. Әкесінің айтқандары қашанда заң.Дайындық кезінде балам ғой деп, аяушылық сезімі мүлдем болмайды. Қиын тапсырмалармен, күрделі жаттығуларды істетеді. Міне, еңбекқорлық, міне нәтиже. Бірақ, осы Васяны бір орнына қойса Самат қояр деген үміттеніп отыр едім. Футболға барғанда еліміздің мүмкіндігі төмен болса да, Қазақстан ұлттық құрамасынан үмітімді үзген емеспін.Тіпті, Германияға қарсы ойында да Қазақстан жеңіске жетіп қалар деп баратынмын. Бұл жолы да дәл солай Саматтың мүмкіндігіне сендім. Бірақ, мықтының аты мықты. Мойындау керек Ломаченко көп күш жұсамай-ақ жеңіске жетті. Васяның деңгейі экстра-класс десе болады. ал бүгінгі күні біздің ұлттық құрамада мұндай боксшы жоқ. Серік кеткен соң, өкінішке қарай ешкім қалмады.

Одан кейін жекпе-жектерде біздің боксшылар нағыз жекпе-жектің көкесін көрсетіп жеңіске жетті. Алдымен  73 келіде Сергей Деревянченко отандасы Евгений Барабановты оп-оңай ұтты. Бірақ, Барабановтың болашағы бар жас бокшы екені көрініп тұр.Тек азулы қарсыласына тәжірибесі жетіспегені болмаса.

Хорватиялық Хрвое Сеп керемет бокс көрсетіп, жанкүйерлерді желіпіндіріп тастады. Қарсыласы Сергей Лапин нокауд алмай тыныш кетті демесек, басқа істеген түгі де жоқ.

Ал аса ауыр салмақтағы  «арланымыз» Михай Нисторға риза болдым. Бірақ, тәжірибелі, атағы дардай Усикты айқын жеңбесең, төрешілердің жеңісті жұлып беруі екіталай. Сондықтан бұл жекпе-жек қонақтардың пайдасына шешілді.Қырғын деген Клементо Руссоның өзін орнына қойған Нистор осы жолы Усикты ұтқанда атағы алысқа кететін еді. Амал нешік, олай болмады.

Украиндардың физикалық дайындығы керемет. Көрген адамның көзін сүйсіндіреді. Бес раунд бойы шаршаудың не екенін білмейді. Үйренеріміз көп екен.

Тағы бір байқағаным, рингке қазақ шықса қаным қызып нағыз жанкүйер боласын. Ал легионер шықса жеңсе, қуанасын. Жеңілсе, мұрнынды шүйіріп жынын келеді.

Бірінші күнгі жекпе-жекпегіміз осылай аяқталды.

 
0
502
0