Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:57, 16 мая 2013

Астана «Олимпиада күнін» атап өтуге дайындалуда

Blog post image

 

18-19 мамырда дәстүр бойынша Қазақстанның барлық спорт қоғамдастығы Олимпиада күнін атап өтеді. Бұл күндері астаналықтар керемет қызықты іс-шараларды тамашалайды. Бұл туралы astana.kz сайты ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Комитеттің мәліметі бойынша, «Олимпиада күнінің» елордада салтанатты ашылуы 18 мамырда 10:30-да «Астана-Бәйтерек» монументі жанында өтеді. Мереке бағдарламасында – түрлі ара қашықтықтарға жүгіру, балалардың тас жолдың үстіне сурет салуы, қысқы Олимпиадалық ойындар бойынша викторина сұрақтары, басқа да жарыстар қарастырылған. Астанадағы олимпиадалық жарысқа 5 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлануда.

Олимпиада күніне қатысып, өзінің бағын сынап көруге жасына қарамастан, кез келген тілек білдіруші адамның мүмкіндігі бар.

«Олимпиада күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің ескерткіш сыйлықтарымен және Дүниежүзілік Олимпиада күні белгісі салынған майкалармен марапатталады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жакк Роггенің қолы қойылған сертификат алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да арнайы сыйлықтар тағайындалған», — деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Олимпиада күнін өткізудің тарихы тереңде жатыр. Әлем бойынша спорттық бастаулар Пьер де Кубертен мен оның серіктері олимпиадалық ойындар ұйымдастырып, Халықаралық Олимпиада Комитетін (ХОК) құрған 1894 жылдың 23 маусымынан бастау алады.

Бірінші Олимпиада күні ресми 1948 жылдың 23 маусымында өткізілді. Қазақстанда қалыптасқан дәстүр бойынша Олимпиада күні басқа мемлекеттерден гөрі ерте өткізіледі. Биылғы жылы ол 18-19 мамырға белгіленіп отыр.

2013 жылғы Олимпиада күніне қатысушыларға арнаған өзінің жолдауында Халықаралық Олимпиада Комитетінің Президенті Жак Рогге: «бұл күн жасына, жынысына, атлетикалық қабілетіне қарамастан спортпен кез келген адамның айналысуы керек екендігін еске салатын күн. Спорт барлық адамдарға денсаулық, шаттық өмір әкелетіндігін ұмытпайық», — деді.

 
0
199
0