Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:38, 16 мая 2013

А.ж. 16 мамырда Астана қ. ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф Ирак Республикасы Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмуд Жарад және Ирак Республикасы Парламентінің Халықаралық байланыстар комитетінің Төрағасы Х.Хамудимен кездесті.

Сондай-ақ Ирактың Астанадағы Елшісі Раджиг әл-Мусауи қатысқан сындарлы сұхбаттың барысында Қазақстан мен Ирактың дін саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөнінде пікір алмасулар болды.

Кездесу барысында ДІА Төрағасы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері жөнінде кеңінен әңгімелеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабының араб тіліндегі нұсқасын сыйға тартты.

Ирак араб елдерінің ішінде Қазақстанға ең жақын орналасқан мемлекеттің бірі және бұл жақындық екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың дамуына айтарлықтай әсер етеді деп күтілуде.

Ирак жерінде 699-767 жылдары төрт мазхабтың бірін қалаушы Имам Әғзам Әбу Ханифаның өмір сүргені тарихтан белгілі. Қазақстан мұсылмандары ежелден Исламның ханафи мазхабын ұстанып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби де өмірінің саналы жылдарын Бағдат шаһарында өткізген.

 
0
229
0