Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
03:36, 09 мая 2013

Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде

Blog post image

Елім үшін күрескен батыр тұлға есімде

Осыдан алпыс сегіз жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз жаумен айқасып, небір қаһарлы күндерді майданда өткізді. Қан көл болып аққан бұл соғысқа есін енді жиған жастардан бастап барлық ер азаматтар қатысты. Майданда жүріп ер жеткендер де, өмірмен қоштасқандар да көп. Мысалы, Жәнібек Елеусізов он жеті жасында майданға баруға өзі өтініш жасады. Ол жас та болса, өз өмірінен Отанын жоғары қойды. Ата-анасына жазған хаттарының бірінде «Мен үшін қайғырмаңыздар, қайта қуаныңыздар, өйткені, мен өз Отаным алдындағы борышымды өтеуге бара жатырмын. Мен жаудан қорықпаймын. Отанымды соңғы күшім қалғанша қорғаймын… » ,- деп оларды жұбатады. Немесе Баубек Бұлқышев, не бары 28 жас ғұмыр кешті. Өмірге құштар бола тұра өзінің майданда қаза табатынын сезіп, көптеген публицисттік шығармалар қалдырып кеткен. Оның Отанына деген сүйіспеншілігі,  келер ұрпақтың болашағы үшін уайымы «Шығыс ұлына хат» мақаласында байқалады.Бұл мақаланы  Баубек Бұлқышев «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ;  ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды.» - деп аяқтайды.

Майданда тек ер адамдар ғана емес, қазақтың нәзік қыздары да күресті .  Қыз бұл дүниеге жаратылысымен нәзік болып келеді.Оны ата-аналары тап бір ханшайымдай етіп тәрбиелейді. Алайда қазақ қыздарының арасында да ержүрек, қаһарман қыздар кездеседі. Олар Мәншүк Мәметова  мен Әлия Молдағұлова,  бірі пулеметші болса, бірі снайпер, екіден бірінің қолынан келе бермейтін іс. Осындай алып тұлғалы, жүрек жұтқан жандарды әсіресе жаратылысы нәзік әйелдерді  құрметтеу аз болмаса, артық емес. Бүгінде Мәншүк Мәметова тоқсан жасқа келер еді. (Өзімнің бір шағын тақпағымды бүгінгі күнге жеткізгені үшін ризашылығым ретінде  оған арнаймын.)

Айтарға жоқ сөзім де,жасырмайын.

Білмейміз сен болмасаң халық жайын,

Сонау жылдан әлі де таң қалудам.

Ерлігіңді мен қалайша атамайын.

 

Мен түгіл есінде ғой нақ халықтың,

Ел артқан бар сенімді ақтап шықтың.

Ризамыз,пулеметші қызы қазақтың,

Болашақты абыроймен сақтап шықтың.

 

Бітірген үздік мектебін мергендер,

Шынында маманың болды ғой дәрігер.

Сыр-сұлу қыз  қатардағы жауынгер,

Атандың ғой биік тұлға офицер.

 

Табылар ма Мәншүктей пулеметші,

Оралда қойылыпты ескерткіші.

Келуші ед қазірде ол тоқсан жылға,

Ұмытылмас мәңгіге оның ісі.

Біз әр жыл сайын 9-мамырда жеңіс күнін тойлаймыз, соғыс ардагерлерін құттықтап,оларға ризашылығымызды айтамыз.Сол кезде кәрі апалар мен  жасы жеткен аталардың көз жасын көріп, олардың сол  қырық бірінші жылдары не көргенін, не сезінгенін ұққандай боласың. Соғысқа қатысқандар өте көп, алайда олардың қатары жыл сайын сиреп бара жатыр. Ал қазір сол қаһармандардың ұрпағы өздерінің ата-бабаларының арқасында тыныш, бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Біздің басымызға келіп қонған бар бақ – ол осы тайсалмай соғысқа аттанған,батыр ата-бабамыздың арқасы. Олардың ісі мәңгі ұмытылмас, құнды мұра қалдырды ол – бейбіт өмір. Біз, жас ұрпақ осы жеңіс үшін сіздерге өмір бойы риза болып өтеміз!

 
2
27026
0