Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:18, 08 мая 2013

Астанада С.Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан турнир өтеді

Blog post image

 

9-13 мамыр аралығында Астанада тұңғыш рет Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы армия генералы С.Нұрамағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады армияның орталық спорт клубы.

«Бұл турнир тек Қазақстанда емес, басқа да елдерде танымал. Жыл сайын турнирге жақын және алыс шетелдің 150 үздік спортшысы қатысады. Осы жолы да Қазақстан облыстарымен қатар Бирма, Ирак, Моңғолия, Сирия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ресей, Украинадан боксшылар келеді. Сондай-ақ, турнирге еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері қатысады», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, осы байрақты бәсекеге қатысқан еліміздің талай саңлақтары, атап айтқанда Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Мұхтар Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиевтер Олимпиада және әлем чемпионаттарында топ жарған болатын.

Турнирге армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың қатысуы күтілуде.

 
0
166
0