место в рейтинге
  • 109222
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Капитализм және дәстүршілдік

Қазақ әңгімелері

№8 әңгіме. Капитализм  және дәстүршілдік.

Қазақстанды дамыған капиталистік мемлекетке айналдыру сұрағы көп жағдайда адамдардың капитализм алдындағы қорқынышына әкеледі. Әсіресе қоғам алдындағы беделі мен билігі ескі дәуірмен бірге жоғалып бара жатқан бүгінде ескірген қағидаларға, өмір сүрудің дәстүрлі нысанына негізделетін адамдарда осы қорқыныш жиі байқалады. Бұл мақалада біз дәстүршіл-адамдар мен олардың біздің қоғамымызға деген әсері жайында сөз қозғамақпыз.

Дәстүршіл-адамдар олардың өмір сүру әдет-ғұрпын өзгертетін құдіретті күштің алдында жеңілмейтін қорқыныш сезімін сезіне бастайды. Олардың алғашқы, өздеріне ыңғайлы, ескі әлемін құртып, орнына капиталистік қарым-қатынастың пайда болуынан үрейленген олар, одан жасырынуға ұмтылады.  Бұл адамдар тарақандар секілді еденнің саңылауына жасырынып, кейін сол жерлерден уақыттың ырықсыз қозғалысын тоқтату мен өздері қожайын болған ескі және тыныш әлемді қайтаруды талап етіп, айқайлай бастайды. Олардың әлемі көз алдымызда қирап, беделдері түсіп, олар қаусаған дәуірмен бірге жоғалады.

Капитализмнің пайда болуын қалай болса да, тоқтату және жастарға өздерінің әсер етуінің қалдықтарын сақтап қалу үшін бұл үрейленген адамдардың категориясы капиталистік мемлекет жайында қорқынышты әңгімелерді тарата бастайды. Олар капиталистік елдердегі бала алдырудың көптігін, олардағы көгілдірлер мен қызтекелер жайында айтып, дамыған елдердегі суицидті мысалға келтіреді. Олар баланы ойлап шығарған «бабайкамен» қорқытып, өздерін тыңдатуға тырысатын ата-аналар секілді кейіп танытады. Басқа жағынан олар балаларға «үнемі үлкендерді тыңдағандары өте жақсы болады» деген нәрселерді айта бастайды. Бұл жағдайда Аяз Ата келіп, баланы жақсы қылығы үшін марапаттайтын болады. Алайда сәби ырықсыз өсіп, ата-анасының билігінен шығады. Біздің капитализм қозғалысынан қорыққан, беделдерін жоғалтқан, ескі әлемнің өкілдері біздің ұлттың дамуын кері қарай бұрып, біздің ұлтқа әмірін жүргізуге өздерінің билігі болған дәстүрлі қоғамның жатағына қайтып баруымызға шақырады.

Бұл капитализмнен қорыққан өткеннің экспонаттары ақтары дірілдеп, теміржолда тұр. Сонымен қатар, олар бір қолдарына капитализм туралы салынған қорқынышты суретті, ал екінші қолдарына өткен өмір туралы салынған әдемі суретті ұстап тұрып, біздің ұлтты қорқытқысы келеді. Бұл азаматтарды капитализнің пайда болуын тоқтата алмайтындығымызға және олардың керемет өткен елесіне қайтып бармайтындығына сендіру мүмкін емес. Жылдам қарқынмен келе жатқан локомотив оларды теміржол рельсінде езіп, олардың ескірген плакаттарын өмір ағымынан артта қалдырмайынша, бұл дәстүршілер біздің ұлтты өздерінің салынған суреттерімен қорқытып, үркітіп, тұра береді. Сондықтан да, біздің алдымызда бұл «қарттарды» ойынан қайтару міндеті тұрған жоқ. Біз үшін басты мәселе осы адамдарға сеніп, олардың соңынан еріп, ақырында олармен бірге жылдам қарқынмен келе жатқан локомотив астында қалатын жастарымызда болып табылады.

Саналы жастарымыз біздің ұлттың басына өздерінің жеке қорқыныштары мен үлкен көлемдегі қоқыстарын тықпалап, біздің жастарымыздың әлем туралы дұрыс түсінігін бұрмалайтын дәстүршілдердің ықпалына түсетіндігінің бір мысалы ретінде келесі болған мына бір жайтқа зер салайық.

Біздің мықты сараптамалық қабілетке ие, ойлауы анық, өз пікірін нақты және логикалық тұрғыда жеткізе білетін, өмірге деген дұрыс көзқарасы мен өз позициясында нық тұра білу дарыны бар азаматымыз жұмыс орынын ауыстырмақшы болды. Осы уақытқа дейін ол бізбен бір жыл көлемінде жұмыс істеп үлгерді. Біз өзіміздің азаматтарымыздың өскендеріне оң көзбен қарайтындықтан, оның өзіне жаңа жақсы жұмыс тапқанына риза болдық. Себебі адамдар бір жерде ұзақ тұрып қалмауы тиіс, адамдар үнемі өсіп отыруы керек. Алайда 3 айдан соң ол басына үлкен қоқысты толтырып, бізге қайта келді. Осы қоқыстың барлығын ол осы уақыт аралығында дәстүршілердің әсерлеріне беріліп үлгеріп, олардан жинап келген. Мысалға ол капитализм жайындағы әйгілі қорқынышты айта бастады, ал нақтырақ айтсақ, ол Швейцариядағы суицидтердің көптігін айтып, сондықтан да, біздің елді дамыған капиталистік мемлекетке айналдыру қажеттілігіне күмән келтірді. Оның пікірі бойынша біз дәстүршілердің ұсынып отырған «шынайылық» пен «адалдыққа» негізделген мемлекетін құруымыз керек еді. Біздің қолымыздан оның басында жиналған үлкен көлемдегі қоқысты жою келмеді және ол бізде тағы бір ай жұмыс істеп, ірі қазақ банктерінің біріне жұмыс істеуге кетті. Оның көзқарасы бұлыңғырлана бастады, оның бір кездердегі мінсіз логикалық қабілеті енді еш байланыссыз идеялар мен бір-біріне қарсы келетін ойлардың астында астан-кестені шықты.

Мысалы, банкке барып жұмыс істеу шешімі, оның ислам дініне мүлдем санаспады. Басына жинаған қоқыстары ақшаны өсіммен несиеге беру ислам заңдылықтарына және оның мұсылманшылығына қарама-қайшы келетіндігін түсінуге кедергі келтірді. Алайда ең қызығы ол біздің басқа азаматты сол банкте жұмыс істеуге шақырған кезде болды. Біздің екінші азамат қуана келісіп, жұмысқа кіру үшін қажетті үш деңгейлі сұхбаттан өткеннен кейін, басында қоқысы бар бірінші азаматымыз жұмысқа тұрғызуға көмектескендігі үшін пара сұрады. Міне, досы өз досыңан ақша жымқырып алмақшы. Бір жағынан, біздің басында қоқысы бар азаматымыз шынайы, адал қоғамның құрылу керектігін мәлімдеп, капитализмді кінәлайды, ал басқа жағынан пара жасамақшы. Бір жағынан, біз адамдардың бір-біріне деген шынайылығы мен әділеттілігі жайындағы әңгімелерді естіп, ал басқа жағынан нақты өмірде жаман әрекеттерді көріп отырмыз. Оның нақты әрекеттері әңгімелерінен мүлдем өзгешеленді.  Ұрлық жасай алмайтын ұрлықшы, өзін адал санайды. Алайда, дәстүршілер біздің азаматтың басын қоқыспен толтырып тастағанға дейін, ол адамдар арасындағы адамгершілік шекарасынан аттап өтпейтін еді. Идеологиялық тұрғыда біздің дәстүршілдер бізді Швейцариядағы суицидпен қорқытады, алайда мұнымен қоса дәстүрлі пара алуды ұмытпақ емес. Швейцарияда сөзсіз суицид проблемасы бар, бірақ оларда жұмысқа алу үшін ешқашанда пара алмайтыны секілді жақсы құбылыстар бар екенін айта кеткен жөн.

Біздің дәстүршілер үшін үрей туғызатын капитализм мәселесінде, еш қорқыныш жоқ. Капитализм, бұл адамзат қоғамының алдында тұрған өтуге міндетті келесі қадам. Адам баласы ессіз сәбиден, еңбектейтін, кейін жүгіретін балаға, содан кейін балалық, жасөспірім, жастық және кәмелеттік шаққа дейін өсетіні секілді адамзат баласыда өседі. Адамзат үңгірдегі өмірден капитализмге енді жетті және бұл соңы емес, себебі біз әлі жолымыздың жартысына да жеткен жоқпыз.

Адамның капитализм алдындағы қорқынышы, ата-ананың өз баласының алдында билігін жоғалтып алғанда пайда болатын қорқынышы іспеттес. Егер бала сәби шағында ата-анасының көңілін елжіретсе, ал өсе келе, жасөспірімдік шақта бала ата-анасына үлкен машахат алып келеді. Бұл кезде ата-аналарға тек балалары толыққанды және дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға болып жетілгенше күту керек. Себебі, баласына махаббатпен қарайтын ешбір ата-ана баласын өздері үшін сүйкімді күйде қалтыру үшін оның өсуіне кедергі келтіріп, оған қалып кигізбейді. Адамзаттың алға жылжуына қарсы шығатын адамдар, баласына қалып кигізетін ата-ана ұқсайды.

Австриялық экономика мектебінің негізін қалаушы Людвиг фон Мизес мұндай адамдарды диктаторлық мінезі бар деп санайды:

«Диктаторлық қылықтары бар диетолог отандастарының оның мінсіз тамақтану көрінісіне сәйкес әрекет еткенін қалайды. Малшы сиырларына қалай қараса, диктатор да адамдарға солай қарайды. Алайда, диктатордың тамақтану қара бастың қамы емес, ал басқа мақсаттарға жетудің құралы екенін түсінуге миы жетпейді. Мысалы, фермер өз сиырына оны бақытты қылу үшін емес, ал жақсы қоректенген сиырды өз мақсатында пайдалану үшін жөп береді.  Фермер үшін сиыр мейлінше көп көлемдегі сүт пен еттің көзі. Малшының өз сиырларына қарайтын секілді әрбір диктатор өз отандастарын ажыратып, өсіріп, тамақтандырмақшы болады. Дәл осы секілді басқа адамды өз ережелері бойынша өмір сүруге мәжбүрлейтін адамның мақсаты, сол адамды бақытты ету емес, қайта өзін, яғни диктаторды бақытты ететін сезімге келу. Ол адамдарды үй жануарларына айналдырып, оларды малдың деңгейіне жеткізуді қалайды. Малшы да жақсылық жасайтын диктатор болып саналады».

Басқаларға өзінің пікірін жабыстыратын, капитализмге қарсы шығатын барлық адамдар шын мәнінде капитализмнен қорқады, себебі ол оның билігін жоғалтып, адамдарды азат етеді. Капитализм адамға өз өмірін өзі құруға, өзінің қателіктеріне жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдауына мүмкіндік береді. Капитализмге қарсы шығатындардың барлығы өздеріне адам өмірін басқару құқығын қалдырғысы келеді және олар адамдарға не керек, ал не керек еместігін шешуге ынталы. Бізге ақылды малшы келіп, шешім қабылдағанша отарда күтіп отыра береміз бе, әлде өміріміздегі шешім қабылдаудың орталығына өзіміз айналамыз ба, деген маңызды таңдау жасау қажет.

Қоғамдық құрылым тұрғысынан қарайтын болсақ, капитализм – бұл басқа адамдарға қажетті тауарлар мен қызметтерді жасайтын адамдардың билікке ие болатын жүйесі. Бұл жүйеде ешкім сізге не істеу қажет екенін бұйырмайды, сіз өз жолыңызды өзіңіз таңдайсыз, шешімді де өзіңіз қабылдайсыз. Көп жағдайда бұл шешімдер бұрыс немесе қате болуы мүмкін. Және бұл сізді басқарғысы келетін, бірақ олай ете алмайтын адамдардың зығырданын қайнатады. Мұндай адамдар сізге өзінің мінез-құлық ережелерін жүргізіп, оларға бағынбаған сәтте сізді қоғамның толыққанды мүшесі емес деп, жазалағысы келеді. Ал капитализм, сізге еркіндік береді, бұл өзгелердің көзқарасымен емес, өз ойыңызбен өмір сүру үшін берілетін еркіндік. Нәтижесінде, басқа адамдардың миын ашытуға үнемі құштар келетін шенеуніктер мен идеология өкілдері капитализмді мойындауға мәжбүр болады, себебі адамдарға қажетті тауарлар мен қызметтерді тек капиталистер ғана жасайды.

Біздің қазақ қоғамы капитализмді құру немесе оған қарсы келу мәселелері көтеріліп отырған алғашқы қоғам емес. Бізге дейін дәл осындай сұрақты ағылшын қоғамы да Навигациялық Акт қабылданған 1651 жылдан бастап көтерген. Алайда нәтижесінде капитализмнің дамуына кедергі болғандардың барлығы тарихта жолдың жағалауынада сүйретіліп қалды, ал Англия болса ең алғашқы капиталистік мемлекет құрды. Англия әлемдегі ең ірі Британдық империяны құру үшін капитализмнің қуаттылығын пайдаланды. Капитализм Англияға Испан империясын, Голландық республиканы, Қытай империясын, сонымен қатар барлық Үндістанды, Африканың жартысын, Солтүстік Американы және Жаңа Зеландиямен қоса Австралияның быт-шытын шығарғаруға мүмкіндік берген мықты өнеркәсіп құруға мүмкіндік берді.

Содан соң капитализм Францияға келді және француз қоғамы да бүгінгі біздер секілді ескі әдет-ғұрып пен ұлттық дәстүрлерді сақтау қажеттілігі жайында айтысып, пікірлескен еді. Алайда капитализм, Францияны да сындырып, сол кездердегі мықты капиталистік республикаға айналдырды. Капитализм Германияның дәстүрлік құрылымын сындырып, олардың ескі ғұрыптарын қоқысқа тастады және 19 ғасырда бытыраңқы герман мемлекетін орталық неміс ұлтына біріктірген Германиялық империя құрды. Осы жолды итальяндық ұлтта жүріп өтті.

Ресей империясындағы капитализмнің қарсыластары, шаруалар арасында әділетті түрде жерді бөлуге, сонымен бірге дәстүрлі орыс қоғамын сақтап, капитализмнің дамуына жол бермеуге тырысқан «халықшылар» (дәстүршілер) деген атаумен танымал. Капитализм қарсыластарының басқа қанаты православиялық дінге негізделген шынайы қоғам құруға тырысты. Алайда олардың барлығы жеңіліске ұшырады және Ресейдегі капитализмнің дамуы алпауыт қарқынмен үдей түсті. Тек большевиктердің келуі капитализмнің дамуын тоқтатты және ресей ұлты ол үшін азаматтық соғыс, ұжымдық, экспроприация, аштық секілді ауыр зардап шекті. Нәтижесінде 1991 жылы большевиктер уақыттың ағынымен шайылып, капитализм Ресейде өз қозғалысын жәйлап бастады.

Азияда да Европадағыдай құбылыстар орын алды. Жапония 1861 жылға дейін капитализмнің пайда болуына тосқауыл жасады. Алайда ақырында жапондықтар да Мэйдзи революциясынан бастап, өндірістің капиталистік әдісіне көшті. Дәстүрлі жапон өмір салты капитализмге жол берді, бұл Жапонияның өз елін Батыс елдерінің жаулап алуынан сақтауға мүмкіндік беріп, оның дамыған капиталистік мемлекетке айналуына әкелді. Дәстүрлі өмір салтын сақтауды қолдап, ал капитализмге қарсы шыққан адамдар жеңіске жеткен Қытай мен Корея осы үшін өз мемлекеттерінің капиталистік державалардың езгісінде қалу құнымен өтеді. Капитализм арқылы озық өнеркәсіпке ие болған Жапония Кореяны басып алды, ал мыңжылдық қытай мемлекеті Ресей, Жапония, Англия және Франциямен басып алынған. Ақыр соңында 1950 жылдардағы корея соғысынан кейін қазіргі Оңтүстік Корея да және Дэн Сяо Пин реформасының бастауымен Қытай мемлекеті де капитализм жолына тұрды. 30 жыл бойына Қытайдың қыр көрсеткен тұрғындардың дамуы мен өміріндегі айырмашылығы, сонымен қатар Солтүстік және Оңтүстік Корея елдерінің арасындағы өмір сүру деңгейінің айырмашылығы, капитализмнің қандай көрінбейтін күшке ие екендігін көрсетеді.

Капитализм қытайлық, корейлік, жапондық және т.б. секілді ұлы мыңжылдық адамзат өркениетін қиратты. Ал капитализмнен бас тартқан өркениеттер инктер, майя, ацтектер әлем картасынан жойылып кетеді. Мұнымен қоса, әлемде капитализмнен қашып құтылған ұлттар бар екенін түсіну қажет. Бұлар Солтүстік Америкадағы индейлер, Папуа – Жаңа Гвинея аралындағы папуастар, австралиялық аборигендер, амазония индейлері, Африкадағы бушмендер және Ресейдегі чукчалар секілді ұлттар. Алайда барлық аталған ұлттар өз жерінің қожайындары емес. Олардың жерлері дамудың капиталистік деңгейінде тұрған ұлттар арқылы тартып алынған. Ал бүгінде осы жерлердің бұрынғы қожайындары, дамыған елдердің туристері қыдырып, тамашалайтын, ашық аспан астындағы музей экспонатынан кем де кем емес. Сонымен, таңдау шектеулі, қазақ қоғамы не дамыған капиталистік елге айналады, не болмаса еліміз басқа мықты елдің боданына, ал қазақтар ашық аспан аясындағы тірі музей экспонаттарына айналады.

Сондай-ақ, тарих біздің ұлтымызға осыған ұқсас өмірлік сабақты бұрындары да тарттырған. Бір кездері Евразия территориясының үлкен көлемін қадағалауға мүмкіндік берген қазақтардың тиімді көшпенді өркениеті, бәсекелестікте отырықшылардан жеңілген еді, себебі отырықшылар өнеркәсіпті дамытып, мықты күшке айналған болатын. Сол кезде біздің ұлттың алдында отырықшы өмір салтына көшу мен өз өнеркәсібін құру мәселесі тұрды. Дәл қазіргі кездегідей сол уақытта да ұлттың отырықшы салтқа көшуін қалап, ұлтты алға жылжыту жолында тұрған адамдар болды. Алайда, олармен қатар, біздің ұлттың дамуына кедергі келтіріп және тәуелсіз ел болуымызға қауіп төндіріп тұрған ескірген көшпелі өмір салтын қолдаған дәстүршілер де болды. Сол кездің дәстүршілері қазіргі кездегілер секілді отырықшы салттың қиындығы мен кемшіліктерін көрсетіп, аталарымыздың жолымен жүріп, ескірген әлем құрылымын сақтауға шақырды. Шындығында да, сол кездері көшпелі өмір сүру салты отырықшымен салыстырғанда көп жағдайда артықшылыққа ие болды. Алайда бұл өмір сүру салты, ең басты нәрсені, яғни ішкі өнеркәсіпті құруға мүмкіндік бермеді. Әлем өзгерді, алайда дәстүршілер біздің ұлттың әрі қарай дамуына кедергі келтіріп, сол өткенде кідіріп қалды. Сол уақытта дәстүршілер жеңіске жетті, ал ұлтты алға сүйрейтін адамдар жеңілді, мұнымен қоса, біздің ұлтта жеңіліске ұшырады, себебі еліміз өнеркәсібі бар отырықшы ұлттардың боданы айналды.

Нәтижесінде, отырықшылар біздің көшпелі арқамызды сындырып, көшпелі өмір сүру ғұрпын аяқтан жықты да, ұлтымызды отырықшы өмір салтына күштеп кіргізді. Осыдан халқымыздың жартысына жуығы қырылып, өзіміз қашқан қақпанға келіп құладық. Нақты таңдау жасап, өткеннің елесінен айырылмасақ, онда басқа ұлттар оны біздің орынымызға жасайды да, жеріміздің жаңа иесіне айналады. Бұл тарихымызда болған сабақ. Дәл осындай жағдай капитализм орнатуда да орын алады, не өзіміз дамыған капиталистік мемлекет құрып, ұлтымызға тиесілі зауыттарда жұмыс істейтін боламыз, не елімізді жоғалтып, басқа ұлтқа тиесілі зауыттарда жұмыс жасайтын капиталистік мемлекетте өмір сүреміз.

Ұлттық құндылықтар мен дәстүрімізді сақтап қалғысы келетін адамдардың барлығы осы ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің қалай пайда болатынын түсінбейді. Дәстүрлер адамдардың шаруашылығының, тірлігінің, тұрмыс тіршілігінің негізінде қалыптасады. Ұлттың қандай іспен, шаруамен айналысатына байланысты оның дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары ерекшеленеді. Мысалы, ұлттық киім тігушілер ұлт өзінде өсіретін нәрселерді мақта, жібек немесе малдан алатын жүн, былғары, тері заттарын пайдалана отырып, киім тігеді. Киім тігу үшін ұлт өзінде бар құрал-жабдықтарды пайдаланады. Сонымен қатар, киім ұлттың күнделікті тұрмыс тіршілігіне сәйкес тігіледі. Осылардың барлығы ұлттық киімнің пайда болуына әкеледі. Этностың белгілі-бір шаруашылығына сәйкес, яғни ұлт не өсіреді және қандай мал түрін пайдаланады, соған байланысты әзірленген ас ұлт тағамдары салт-дәстүрінің пайда болуына әкеледі. Тура солай, ұлтта бар мейрамдар, ойындар, дәстүрлер этнос өмірінің шаруашылығына, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес пайда болады. Яғни, көшпелі халықтың өзінің дәстүрлері, теңіз жағалауында тұратын халықтың өз дәстүрі, шөлді жер халқының өзіне тән дәстүрлері және орман мен далада тұратын халықтың өз дәстүрлері болады. Этнос өмірінің шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі өзгерген кезде, ұлттың дәстүрлері де өзгереді. Ал жаңа өмір сүру салтында адам өміріне кедергі келтіретін дәстүрлер ақырындап ұмытылып, жоғала бастайды да, ақырында әр ұлттың тек фольклорлық ертегілерінде көрініс алады. Жаңа шаруашылық құрылымда өмір үшін кедергі келтірмейтін дәстүрлер сақталып, этнос арасында өмір сүре береді (Наурыз мейрамы, көкпар секілді). Ескі дәстүрлерді жоғалтумен қатар, ұлттар заманауи өмір салтына тән, әлемдегі ұлттық тұтастықты құрып, толықтырып отыратын жаңа дәстүрлерді де жасай бастайды. Бүгінде қазақтар, жапондар, орыстар, немістер ескі ұлттық киімдерінің орнына заманауи киімдерді киеді, ат мінудің орнына автокөлек айдайды, ұлттық тағамдардың орнына әртүрлі салаттар, пиццалар, кофе және сусындарды пайдаланады.

Ең қызығы, ұлттық құндылықтардың жоғалып кетуіне алаңдайтын көптеген адамдар нақты өмірде мүлдем басқаша өмір салтын ұстанады. Мысалы, бізде әйел орыны отбасы, ошақ қасында, әйел өмірінің мәні тұрмысқа шығып, өмірге бала әкелу және соларды жеткізу деп мәлімдейтін азамат бар. Алайда ол таң атқаннан кеш батқанға дейін кеңседе жұмыс істейді және ол әлі отбасын құрмаған, бала да босанбаған және өз балаларын тәрбиелеп жатқан да жоқ. Әрине ол осы қылығын «әлі лайықты жігіт кездестірмедім, ал кездестірген сәтте жұмысымды тастап, тек жанұяммен айналысатын боламын», деп түсіндіреді. Ұлттық құндылықтардың сақталғанын қалап, ал күнделікті өмірде бұл көзқарастан мүлдем алшақтап бара жатқанын көптеген адамдарды байқауға болады. Сіз де өз таныстарыңыздың арасынан осындай адамдарды көптеп кездестіре аласыз.

Енді келесі маңызды нәрсені түсінгеніміз жөн: біздің ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрлерді өз өмірлеріндегі шаруашылық әдіске сай құрды және олардың құрған дәстүрлері сол заманда жетістікке жетуге ықпал етті. Ал қазір заман басқа, заман өзгерген және біз, біздің ата-бабаларымыз сияқты, бүгінгі әлемде жетістікке жетуімізге мүмкіндік беретін, жаңа ұлттық дәстүрлерді құруымыз қажет.

Қазақстанда капитализмді құру қажеттілі жөніндегі сұрақ пен пікірталастың қорытындысы «біздің ұлт ретінде теміржолдар, телекоммуникация, автокөліктер, заманауи үйлер мен үйге арналған тауарларды, яғни бүгінгі құндылықтарды пайдаланғымыз келеді ме?» деген мәселеге саяды.  Егер біз бұл игіліктерді қолданғымыз келсе, онда оларды алудың екі ғана жол бар, бірі осылардың барлығын өз еңбегімізбен жасау, не өз еңбегімен осы тауарларды жасайтын басқа ұлттардан сатып алу.

Осылардың барлығын өзіңіз жасамай, ал өзгелерден сатып алу үшін, сізде сата алатын табиғаттан берілген сыйлық болуы қажет. Мысалы, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері оларға табиғаттан берілген мұнайды сатып, орнына қажетті игіліктерді сатып алады. Мұндай жағдай, оларға өздерінің дәстүрлі өмір салтын ұстануға жол ашады. Ал егер сізде Жапония немесе Швейцариядағыдай табиғаттан берілген сый мүлдем болмаса немесе Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Нигерия не Алжир елдеріндегідей табиғаттан берілген сый аз ғана көлемде болатын болса, онда сізге барлық қажеттіліктерді ұлт еңбегі арқылы ғана жасап шығару қажет. Ал ол үшін өмір сүрудің дәстүрлі құрылымын өнеркәсіптік өндіріс талап ететін, дәстүршіл ұлтты өндірісті және ғалымдар ұлтына айналдыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылымға өзгерту керек.

Адамдардың жаңа әлемде жоғалып кетуіне, ескі білімдері мен әлем туралы ескі түсініктері жаңа әлемде қажетсіз болады деп үрейленулері, олардың капитализмге қарсы шығуының басты себебі болып табылады. Адамдар капитализмнен қорқады, себебі бұл, әр адам ортақ іске қосқан өзінің жеке үлесі бойынша бағаланатын жүйе. Капитализмде, басқаларға қажетті тауарлар мен қызметтерді жасайтын кез келген адам, жетістікке жетеді. Және керісінше, капитализм кімнің түкке тұрмайтын, керексіз адам екенін бірден көрсетеді. Себебі мұндай опырылған-адам, өз күшімен басқа адамдарға қызықты ештеңе жасап шығара алмайды.

Осыған байланысты өте ауыр, алайда дұрыс айтылған Людвиг фон Мизестің сөзін мысалға келтірсек болады. Бұл сөз бүгінгі капитализм жүйесінде ««ізгіліктің» шекарасын аттап өте алмайтындықтан, жетістікке жете алмаймыз» деп шағымданатындарға арналады.

«...Біздің жолы болмайтын адам өзінің аққөңілдігінің кесірінен жеңіліске ұшырады. Ол оның жолы болғыш бәсекелестері жетістікке жеткені үшін қарыздар болған жексұрын қулық-сұмдықты қолдануға аса тәртіпті бола қалды.

Бұл жолы болмайтындар капитализм кезінде не қайырымдылық пен кедейлікті, не арсыздық пен байлықты таңдау қажет деп біледі. Және біздің «батыр» Құдайға шүкір, екінші жолды нық түрде ысырып тастап, алғашқы жолды таңдады.

Басқаларға көмектесу арқылы пайда тауып, және сол арқылы жетіктікке жететін жүйеде, әр адам игілігін өз қолымен жасайтындықтын, басқаларды кінәлайтын адамдар пайда болады. Себебі бұл жүйе кімнің кім екенін бірден көрсетеді.

Мұндай қоғамда атақ құмарлығы толығымен қанағаттандырылмаған кез келген адам анағұрлым сәтті қарсыласына жауластықпен қарайды.

Қарабайыр адам жанын өсек пен ғайбаттауға апарады. Табиғи болмысы жұмсақтау келген адам осынша төмен деңгейге түспейді. Олар «сенің жеңілісің – сенің өз кінәң» деп айқайлайтын ішкі жан дауыстарын тұншықтыру үшін өз өштерін философияға, антикапитализм философиясына бағыттайды.

Мүмкіндіктері бірдей қоғамда өмір сүретін адамдардың қанағаттандырылмаған атаққұмарлығының азабы, бір-біріне ұқсас келеді.

Мұндай жағдай, бір жағынан, мүмкіндіктері бірдей қоғам алдындағы әртүрлілікке байланысты туындайды, әсіресе осы қоғамдағы адамдардың зияткерлік қабілеті, күші, жігері және талабы бойынша бірдей еместігі бірден көзге түседі.

Бір жағынан шын мәнінде адамның қандай екендігі мен оның неге жеткендігі, ал екінші жағынан ол өзінің мүмкіндіктері мен жетістіктері жайында не ойлайтындығы арасындағы үзік (жаралыс) аяусыз ағынан жарылады.

Тұлғаны оның «нақты құндылықтарына» байланысты бағалайтын «әділетті» әлемдік құрылым жайындағы арман өзіне-өзі толығымен адал емес адамдар үшін қолайлы мекен болып табылмақ.

Сондықтан да, ештеңеден қорықпай және басқаларды кінәлай бермей, жаңа әлемге нық қадам басыңыз. Бұл өзінің жеке қорқыныштарын жеңе біліп, сүйікті ісімен айналысатындардың әлемі. Бұл әлем қауіптер мен шытырман оқиғаларға толы, десе де бұл жердің сізге ұнайтыны сөзсіз…

 
Дана Жол danajol
«Дана Жол» қолданбалы экономика орталығы «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. danazhol.kz vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
6 мая 2013, 17:25
990

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10979
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4643
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3921
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4022
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3631
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3056
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3254
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2897
  • 19