Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:37, 01 мая 2013

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚИЫН ХАЛ-АХУАЛДАН ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРЫЛУ ТУРАЛЫ ҚҰРАННЫҢ АЯТТАРЫ ЖӘНЕ ХАДИСТЕР НЕ ДЕЙДІ?

-       Мұхаммед Пайғамбарсғс қайтыс болғаннан кейін мұсылмандардың бірте-бірте рухани, ахлақи және дүнияуи тоқырау-құлдырауы жайында

-       Аллаһтың (13 ғасыр өткенде, ~ 1891 ж.) бір лайықты мұсылманды Мәһди-Мәсіх ғс ретінде тағайындауы, яғни Мұхаммедтің сғс сенімді мирасқоры, әрі барлық мұсылмандардың Имамы, және оның «қайтадан жаңғыртылған Исламның Жамағаты» («Әл-Жама‛а әл-Исламиййа әл-Ахмадиййа» – «Ахмадиййа Мұсылман Жамағаты») арқылы бастапқы Исламды құтқару, қайта жаңғырту және нағыз адамгершілік, әділет пен бейбітшілікті жеңіске жетелеуі турасында

-       сондай-ақ барлық мұсылмандарға оның Жамағатына кіре және оның міндетін қолдай отырып (оны жалған үміткерлерден ажырату үшін, оның белгілерін көрсетіп) тануды Аллаһтан бұйрық туралы

Исламның бастапқы дереккөздері алдын ала айтқандай, Исламның рухани байлығы және оның мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарына берген жоғары адамгершілік тәрбиесі тарихта бұрын-соңды болмаған қоғамдағы өзара сенім, әлеуметтік қорғалуға және ертеңгі күнге деген сенімділік сезімдерінің артуына себеп болды. Экономика, білім беру, ғылым, техника және технологиялар осындай әлеуметтік жағдайлардың «ашытқысында» қарқынды дамып, «швейцарлық сағаттардай» жұмыс істеді. Соның нәтижесінде пайда болған және көбейе берген адам айтқысыз дүнияуи игіліктер мұсылмандардың кейінгі ұрпақтарының жоғарғы билігінің үлкен бір бөлігінің көзін тұндырып, олардың назарын рухани құндылықтардан бұрып, материалдық артықшылықтарға қарай аударды. Билік пен байлыққа өңмеңдей ұмтылу бірте-бірте өзара сенім сезімін жойып, ақырында, өзімшілдік, менмендік және басып-жаншу сияқты кемістіктерге жеткізді. Құдайға құлшылық етуді ығыстырып, билеушіге бас игізу мақсатында адамдардың діни сезімдерін пайдалану сияқты тоталитарлық құбылыстар орын алды. Нәтижесінде, мақсаттары, Пайғамбар сғс үйреткендей – Құдайға құлшылық ету және Оның белгілеген құндылықтарын бағалау емес, қолында билік барлардың әртүрлі қалау-ниеттеріне қызмет ету болып табылатын «имамдар» – каста іспетті молдалар туды. Жаңа ұрпақтардың діни қызметшілері шынайы сенім мен шынайы білімді тіпті болмашы үлеспен алатын болды, соның салдарынан олардың орнын надандық, соқыр наным-сенімдер, Исламға дейінгі пұтқақұлдық, дінді саясаттандыру және сауда-саттыққа айналдыру басты.

Нақ осы кезеңде және көрсетілген себептерден осы дүние жайында және оны діни түрлендіру тәсілдері жайында бүгінгі күнгі мұсылман молдалары мен олардың ізбасарларының басым көпшілігі ұстанатын біршама бұрмаланған, қате көзқарастары қалыптасты.

Ол қате нанымдар көпшілік мұсылмандардың санасын қиял-ғажайыптарға сендіріп, оларды озық рухани-ғылыми идеологиядан және бірліктен ажыратты, мінез-құлықтарын улады, материалдық-дүниелік тұрғыда алда болу ниеттерін талқандап, оларды кикілжіңдесу, өзара қызғаныш және ұрыс-керіс алаңына лақтырып тастады, соның салдарынан олар терең күйзеліс пен бейшара күйге түсіп өмір сүрді. Исламды дін ретінде қаралауды жалғастыра отырып, өз-өзін сүю және экстремизм ұранымен ол күйзелістерден шығуға тырысқан олардың әрекеттері бос әурешілікке айналды.

Құран мен хадистер олардың дүниетанымын қалай теріске шығаратынын және Мәсіх-Мәhдиді ғс танып, соның артынан жүруді қалай ұйғаратынын қарастырып көрейік:[1]

 

«Менің үмметім қалайша құрымақ, егер оның басында мен, ал соңында Мәриямның ұлы Иса тұрса?» (Муснад Ахмад ибн Ханбал, Канзу-л-уммал, 7-том, 203-бет).

«Мәриямның ұлы араларыңнан шығып, Имамдық еткенде, сендер қандай күйде болар екенсіңдер?» (Бұхари, Пайғамбарлар Кітабы, «Мәриямның ұлы Исаның келуі» тарауынан).

«Өмірімді Өз қолында ұстап тұрған (Аллаһтың) атымен ант етемін: Мәриямның ұлы шын мәнінде араларыңнан табылып, әділеттілікпен сот жүргізеді» (Бұхари: бұл да сонда).

Ондай қате нанымдардың ең бастысы да зиянды – Назареттік Иса Мәсіх ғс туралы. Молдалар оның айқышқа (креске) керілгенге дейін-ақ көкке көтерілгенін, 2000 жылдан астам сонда өмір сүретінін, енді-енді жерге түсіп, барлық мұсылман еместерді семсерімен Исламға қуып тығып, келіспегендерді өлімге қиятынын айтып, соған үйретеді...

Осындай аса қауіпті қате наным мұсылмандарды немесе Исаға сендіріп-бағындырады, немесе лаңкестік пен терроризмге сендіріп-бағындырады.

(Өкінішке орай, "ресми" молдаларының көбі осы қате наным арқылы Исламнан христиандыққа немесе лаңкестікке мыңдаған мұсылман жандарын қуып шықты... Егер осы өкінішті екі құбылысты тоқтатуға келсек, ең біріншіден жаңағы нанымды құрту керек. - А.Р.)

Ал, келесі хадистер ондай пікірді теріске шығарады.


№1-хадис. Исаның ғс [2] және басқа пайғамбарлардың ғс дәрежелері мен мекені.

Мәлік бин Сағсаға ра [3] Пайғамбардың сғс оған Миғраж жайында төмендегіні әңгімелеп бергенін айтты:

«Жебірейіл періште ғс өзімен бірге алып кетуге келгенде, мен Хатимде (Меккедегі Қасиетті мешіт. – А.Р. [4]) жатқанмын. Алдымен ол мені бірінші аспан күмбезіне шығарғанда, Адам атаны ғс көрдім. Жебірейіл ғс маған: «Бұл – сенің әкең, оған сәлем бер», – деді. Мен оған сәлем бердім, ол менің сәлеміме жауап берді де: «Қош келдің, салихалы ұл және салихалы Пайғамбар», – дегенді айтты. Содан кейін біз одан да жоғарыға көтерілдік те, аспанның екінші күмбезіне жеттік... Мен екі немерелес бауыр – Жақия ғс (Йахйа, «Шоқындырушы Жохан») мен Исаны ғс көрдім. Жебірейіл: «Бұл Жақия ғс және Иса ғс, оларға сәлем бер», – деді. Мен сәлем бердім, олар менің сәлеміме жауап қайтқан соң: «Қош келдің, мейірбанды бауыр және салихалы Пайғамбар» – деді...»

(Осыдан кейін басқа да аспан күмбездеріне барғандары айтылады: аспанның үшінші күмбезінде Жүсіп ғс (Йусуф), төртіншісінде – Ыдырыс ғс (Идрис), бесіншісінде – Һарун ғс, алтыншысында – Мұса ғс, жетіншісінде – Ибраһим ғс, ал содан кейін Қасиетті Мұхаммед Пайғамбар сғс – жалғыз, Жебірейілсіз, аспан күмбезінің ең биік шыңына шығады» (Бұхари, Сахих. Банийану-л-Ка‛ба. Бабу-л-Ми‛раж).

Хадистің түсіндірмесі: Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің айқын хадистер жинақтарына енгізген. Бұл хадис Насаи еңбегінде де орын алған.

Келтірілген хадистен Исаның ғс көкке басқа пайғамбарлар сияқты көтерілгенін анық ұғуға болады: ол тірідей көтерілмеген, яғни оның тәні көкке көтерілмеген, барлық пайғамбарлардың тәніндей өлген; бірақ ол рухани түрінде көтерілген, яғни барлық пайғамбарлардың жаны сияқты, оның жаны рухани биіктікке өрлеген. Егер ол осы уақытқа дейін тірілердің арасында болса, онда оған басқа пайғамбарлардан бөлек болатын орын берілетін еді, өйткені тірі адамдар мен өлгендердің жандары әртүрлі әлемдерде өмір сүреді. Ал Миғраж кезінде Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың сғс басқа өлген пайғамбарлардың жанымен бірге Исаны ғс көргені, Исаның да басқа пайғамбарлар сияқты қайтыс болғанын дәлелдейді. Сөйтіп, Хазірет Имам Хасан – Мұхаммедтің сғс немересі Хазірет Әлидің ра рамазанның жиырма жетінші түнінде, яғни Мәриямның ұлы Исаның жаны аспанға көтерілген түні қайтыс болғанын баяндайды [1].

Хазірет ‛Аллама бин Қаййим Қасиетті Пайғамбардың сғс жаны Миғраж деп аталған ғажап және бірегей оқиғаны бастан кешкенін, ал ол кезде барлық басқа пайғамбарлардың жандары өздерінің фәни тәндерінен тек өлгенде ажырап, сонда ғана көкке көтерілгенін, әрқайсысы өзіне әзірленген мекенге жайғасқанын жазған-ды [2].

Әулие сопылардың ішінде аса құрметтелетін бірі Хазірет Дата Ганж Бахш Хужвири Аллаһтың Пайғамбарының сғс:

«Мен Миғраж кезінде, Құдайдың танымал пайғамбарларын: Құдай таңдаған Адамды ғс, Шыншыл Жүсіпті ғс, Аллаһтың сұхбаттасы Мұсаны ғс, Жұмсақ Һарунды ғс, Құдайдың рухы Исаның ғс және Құдайдың досы Ибраһимді ғс көрдім», – дегенін жазған [3].

Бұл олардың жандары болғанына еш күмән жоқ. Демек, Миғраж туралы хадистерден Исаның ғс табиғи өліммен өліп, барлық басқа аса қадірлі пайғамбарлар құсап, рухани түрде көтерілгені және Жаратқан Аллаһтың енді ешқашан шықпайтын және ешкім де ешқашан кері қайтып оралмайтын мәңгі Жұмағының мекеніне енгенін айқын ұғуға болады.

 

№2-хадис. Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың сғс тауаффайтани сөзіне берген түсіндірмесі. Ибн ‛Аббас ра Пайғамбардың сғс (Қиямет күнін еске алып) былай дегенін баяндайды: «Менің сахаба-серіктестерімнің кейбіреуі сол жаққа шығарылады, сонда мен: «Бұлар менің сахабаларым ғой, менің сахабаларым!» – деймін. Бірақ Аллаһ: «...Сен олардан кеткен кезде, олар кері бұрылған», – деп жауап береді. Сонда мен Аллаһтың салихалы құлы (Мәриямның ұлы Иса ғс) сияқты жауап беремін: «О, Раббым! Олардың араларында болғанымда, мен олардың үстінен куә болдым, бірақта Сен маған өлім жіберген соң, - оларды бақылаған Өзінсің; әрі Сен барлық нәрсеге Куәсің». (Бұхари, Сахих. Китабу-л-анбиййа; Бұхари, Сахих. Китабу-т-тафсир. Әл-Маида сүресі).

Хадистің түсіндірмесі. Бұхари мен Мүслим бұл хадистің дұрыстығына бірауыздан келісіп, оны өздерінің айқын хадистер жинақтарына енгізген. Келтірілген хадис Тирмизи және Насаи кітаптарында да орын алған.

Имам Бұхари бұл хадисті өзінің Тәпсір кітабында Құранда пайдаланылған тауаффайтани сөзін (Әл-Маида 5:117) Қасиетті Пайғамбардың сғс «табиғи өлім» деп түсіндіргенін атап көрсету үшін келтірген.

Сөйтіп, Әл-Маида сүресінің 117-аятында Аллаһ Тағала Қиямет күні Исадан ғс: «Сен адамдарға: «Мені және менің анамды құдайлар етіп қабылдаңдар», – деп айттың ба?» – деп сұрағаны, оған Иса ғс құрметпен: Мен  адамдарға осындай сандырақ ілімді қалай бере аламын және ешқандай құқым болмаған сөзді қалай айта аламын? – деп жауап қатқаны туралы сөз болады. Ары қарай: «Егер сондай нәрсені айтқан болсам, ол Саған мәлім болар еді... Мен оларға Өзің әмір еткен сөзді ғана айттым: «менің Раббым, әрі сендердің Раббыларың болған Аллаһқа құлшылық қылыңдар!». Олардың араларында болғанымда, мен олардың үстінен куә болдым, бірақта Сен маған өлім жіберген соң, - оларды бақылаған Өзіңсің; әрі Сен барлық нәрсеге Куәсің».

Бұл аятта Иса ғс өзі басынан кешкен екі күйді еске алады. Біріншісі – оның өз халқына куәгер болғаны, ал екіншісі – тауаффадан кейін (яғни өзінің өлімінен кейін) өз халқынын ортасында болғанын теріске шығара  отырып, халқының Куәгері – Құдай, тек Құдай ғана екенін айқындағаны. Кей адамдар тауаффа сөзін (Исаға ғс қатысты) қолданғанда, «табиғи өлім» деп емес, «тұтастай, тірі тәнімен алып кетіп, көкке көтеру» деп аударады, бірақ беріліп отырған хадис ондай мағынасын қабылдамайды, өйткені Қасиетті Пайғамбар сғс дәлме-дәл Исаның ғс сөзін өзіне қатысты қолдануы арқылы, сол тауаффа сөзінің мағынасын «табиғи өлім» деген мағынада белгіледі. Одан әрі, Имам Бұхари солай түсінудің дұрыстығының қосымша дәлелін Хазірет ибн ‛Аббастың ра куәлік етуін келтіре отырып береді, яки: «Йа,'Иса! Инний мутауаффика» аятындағы (Әлі-Имран сүресі 3:56)  мутауаффика сөзінің мағынасы мумитука, яғни: «Ей Иса! шындығында, Мен саған өлім жіберушімін», – дегенді білдіреді [4]. Сөйтіп, тауаффа сөзінің мағынасы біздің Ұстазымыз және Тәлімгеріміз Қасиетті Пайғамбар сғс үшін де, Хазірет Иса ғс үшін де бірдей болып шықты. Егер тауаффа сөзінің қарама-қарсы мағынасы болған жағдайда, Қасиетті Пайғамбарымыз сғс ондай қарсы мағынадағы сөзді ешқашан қолданбаған болар еді. Оның үстіне, егер қандай да бір сөзді аударған кезде, әлдекім оның жалпы қабылданған мағынасына қарама-қарсы мағынаны пайдаланбақ болса, оның дұрыс емес аудармасын ешкім де ешбір сөздікке енгізбейді. Мұхаммед сғс үшін де, Иса ғс үшін де, атап айтқанда: Иса ғс үшін –  «тірідей аспанға көтерілу», ал барлық пайғамбарлардың Көсемі Мұхаммед сғс үшін – «табиғи өлім» және жер қойнына беру деген мағынада тауаффа деген бір сөздің мағынасын әртүрлі белгілеуге әрекет ету – ешбір негізсіз және ақылға қонымды мағынаға қарсы әрекет болып саналады. Демек, Қасиетті Пайғамбардың сғс өзі түсіндіріп кеткен Құран Кәрім аятындағы тауаффа сөзі бұл жерде «өлу» деген мағынада қолданылғаны айқын көрініп тұр, сондықтан Исаның ғс өлгені – анық дәлелденген, әрі дау тудырмайтын жәйт.

 

№3-хадис. Қасиетті Пайғамбардың сғс сахабаларының алғашқы ‛ижмасы (келісім-пәтуасы, консенсусы).

Абдулла бин ‛Аббас ра баяндайды: Қасиетті Пайғамбар сғс өмірден өткенде Әбу Бәкір ра (Пайғамбардың сғс қайтыс болғанына көзі жетіп. – Авт.) сыртқа шығады, сол уақытта Омар ра адамдармен дауласып жатқан еді. Әбу Бәкір ра оған: «Ей Омар, тізе бүк», – десе де, Омар отыра қоймады, алайда адамдар оны жайына қалдырып, назарларын сөз бастаған Әбу Бәкірге ра аударды. Ол айтты: «Қорыта айтарым: Мұхаммедке тағзым еткендерің Мұхаммедтің сғс қайтыс болғанын біліңдер; ал Аллаһ Тағалаға құлшылық еткендер Аллаһтың тірі екеніне және мәңгі тірі болатынына сенімді болсын. Аллаһ Тағала былай дейді: «Мұхаммед – тек Елші ғана, оған дейін болған барлық Елшілер (өмірден) өткен («өлген»). Сонымен, егер ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер (сенімдеріңнен) кері айнисыңдар ма? Шын мәнінде, кері айныған адам Аллаһқа еш зиян келтірмейді, ал Оған риза болғандарға Аллаһ сыйын береді» (Бұхари. Сахих. Китабу-л-мағази. Баб марад ан-наби уа уафатихи).

Хадистің түсіндірмесі. Имам Бұхари бұл баяндаманы өзінің жинағына енгізе отырып, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадиске өздерінің кітаптарында Насаи мен Ибн Мажа да орын берген.

Қасиетті Пайғамбардың сғс қайтыс болғанын білген соң, оның серіктес-сахабалары ра естерінен танған жағдайды бастарынан кешті. Осындай күйзеліске түскен Хазірет Омар ра екіжүзділердің кейбір сөздерін естіп қалып, Қасиетті Пайғамбардың сғс бұл дүниеге қайтып келетінін айтты. Әлбетте, бұл пікір қате болғандықтан, Әбу Бәкір Сыддық ра алдымен Хазірет Айшаның ра үйіне келіп, Қасиетті Пайғамбардың сғс мәйітінің үстіне еңкейіп, бетін жапқан жамылғыны ысырды да, маңдайынан сүйді, сосын: «Сен тіршілігіңде де, өлгеннен кейін де Қасиеттісің. Аллаһ Тағала Сенің екі рет өлуіңе жол бермейді, тек бір-ақ рет», – деді. Бұл сөйлем жалғыз ғана мағынаны білдіреді: Қасиетті Пайғамбар сғс енді ешқашанда бұ дүниеге оралмайды. Содан кейін Әбу Бәкір ра барлық сахабаларды Пайғамбардың сғс Мешітіне жинап, мінберге көтерілді де, төмендегі аятты оқыды: «Мұхаммед – тек Елші ғана, оған дейін болған барлық Елшілер (өмірден) өткен («өлген»). Сонымен, егер ол өлсе немесе өлтірілсе, сендер (сенімдеріңнен) кері айнисыңдар ма?» (Әлі-Имран 3:145) [5].

Бұл сахабалардың (оларға Аллаһтың ризашылығы болсын) шығарған алғашқы ‛ижмасы (келісім-пәтуасы) болды: соған сәйкес, барлық Пайғамбарлар, оның ішінде Иса ғс да, қайтыс болған. «Өткен», «өту»  (халәт) деген сөздің Исаға ғс қатысты «тірідей аспанға көтерілу» деген мағынасы да бар деп наразылық білдіру –  ол тап-таза қасарысу демеуге лаж жоқ.

Айтылғанға қосымша айтарымыз: араб тілінің бірде-бір сөздігі «өту», «өткен» (халәт) сөзінің «тірідей аспанға кету» мағынасында қолданылатынын растамайды. Оған қоса, Жаратқан Аллаһ халәт сөзінің мағынасын сөйлемнің екінші бөлігінде Өзі түсіндірген, яғни «егер өлсе немесе өлтірілсе» деп анық айтқан. Ол сөйтіп халәт сөзінің осы аяттағы мағынасының шекараларын: өлімнің – табиғи өлім және зорлықпен өлтірілу деген екі түрін көрсетті. Егер осы екі мағынасынан басқа тағы бір мағынасы бар болса, онда түсіндірмесі: «егер өлсе немесе өлтірілсе немесе (мысалға) табиғи денесінде тірідей аспанға әкетілсе» деген түрде болуға тиіс еді! Әйтпесе ол сөз шеберлігін тікелей бұзу болады: Құран қағида түрінде халәт сөзінің екі мағыналық мәнін айқындайды, ал Иса ғс аспанға тірідей көтерілген деп санайтындардың сөзі бойынша, – бұл аятта да, Құранның кез келген жерінде де, айқын хадистерде де айтылмағанмен, – оның мағынасы бір ғана емес, көп болып шығады. Жалпы, бұрын да айтқанымыздай, Хазірет Әбу Бәкір ра уағызының мағынасы Қасиетті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұ дүниеге екінші рет қайтып оралмайды дегенді білдіреді, және Әбу Бәкір ра Қасиетті Пайғамбардың маңдайынан сүйіп қоштасқанда, соны меңзеген. Олай болса, Исаның ғс да ешқашанда бұл өмірге қайтып орала алмайтынын мойындауға тура келеді. Сахабалардың ‛ижма-пәтуасы (оларға Аллаһтың ризашылығы болсын) ескермеуге болмайтын  нәрсе емес! [6].

 

№4-хадис. Жүз жыл өткенде – Қиямет күні. Жабир бин Абдулла ра Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі қайтыс болардан бір ай шамасы бұрын төмендегідей сөздерді айтқанын баяндайды:

«Бүгінгі күні өмір сүріп жатқан және тыныс алатын тірі тіршілік иелерінің ішіндегі бірде-біреуі жүз жыл өткен соң, тірі қалмайды» (Мүслим. Сахих. Китабу фазаили-с-сахаба. Баб қаулуху ла йа’ти миату санатин... Бұхари. Сахих. Китабу-л-‛илм).

Хадистің түсіндірмесі. Бұл тақырыпқа арналған баяндау сонымен қатар Сахих Бұхари жинағында бар: «Сол уақытта жер бетінде өмір сүріп жатқан бірде-бір тіршілік иесі жүз жылдан кейін тірі қалмайды». Шындығында, Қасиетті Пайғамбар сғс бұл сөздерді Қиямет күніне қатысты қойылған сұраққа жауап ретінде айтқан: «Қайта тірілудің Басты Күніне байланысты айтсам, ол туралы Жаратушы Аллаһ қана біледі, бірақ мен Аллаһ атымен айтамын және ант етемін: Қияметтің бір күні жүз жылдан кейін де болады». Өткен замандардың ғұламалары оны «қайта тірілудің аралық күні» деп атаған. Басқа сөздермен айтқанда, Қасиетті Пайғамбардың сғс нақыл сөздерінен әр адамның өлімі жеке, дербес Қиямет күні (сол адам үшін. – А.Р.) болатыны да, Қиямет күнінің сонымен қатар сол кезде өмір сүрген ұрпақтары үшін де келетіні, жүз жылдан кейін Жер бетінде бірде-бір жанның да (олардың ішінен. – А.Р.) тірі қалмайтыны айқын көрінеді.  Бұнда «Жер» сөзі Жер бетінде өмір сүретін тірі тіршілік иелері, – олардың қатарында Иса ғс да бар, – дегенді білдіреді, оны аспан тұрғыны деп әсте айтуға келмейтінімен келісетін шығарсыз. Тіпті егер көз алдымызға мүмкін болмайтынды елестетсек, яки: ол кезде Қасиетті Пайғамбардың сғс қаралып отырған сөздерді айтқанын жорамалдаған уақытта Иса ғс тірілердің арасында болғанын ескерсек, онда (осы хадиске сәйкес. – А.Р.) жүз жылдың ішінде ол, сөз жоқ, қайтыс болуға тиіс қой [7]. Соған сүйене отырып, еріксіз оған қатысты адамдарды ақтық сапарға шығарып салғанда айтылатын: «иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражи'ун» (шын мәнінде, біз Аллаһтанбыз, және, шын мәнінде, біз Оған қайтып ораламыз». – А.Р.) деген сөздерді айтуымызға тура келеді. Мұсылман үмметінің кейбір қадірлі діндарлары да келтірілген хадисті басшылыққа ала отырып, тіпті Қасиетті Пайғамбардың сғс сөз еткен уақытында Хазірет Хызыр ғс [5] өмір сүрсе де, оның нақты қайтыс болғанын сенімді түрде айтқан. [8].

Исаның ғс аман-сау өмір сүруінің тоқталмағанын жақтаушылардың қандай уәжді басшылыққа алғаны белгісіз, олар Исамен ғс бірге бұл хадисте  Хызырдың ғс да ажалсыздығы сөз болатынын келтіреді. Алайда Қасиетті Пайғамбардың сғс Жаратушы Аллаһтың атымен ант етіп, оның заманында бұ дүниеде өмір сүретіндердің бірде-біреуі жүз жыл өткенше тірі қалмайтынын айтқаны тайға таңба басқандай анық, өйткені ондай айқын көрегендікті Құдайдан түскен аянсыз айту, сондай-ақ, қалай болғанда да, бұл ант етілген сенімділіктен басқа бір өзгеше нәрсе шығару мүмкін емес [9]. Атап айтқанда, бұл хадиске байланысты әлемде, Исаны ғс да қосқанда, біздің Қасиетті Пайғамбарымыз сғс қайтыс болғаннан кейін жүз жыл өткенде, бұрынғы бір кез келген пайғамбардың тірілердің әлемінде жүргенін айту – мүлдем ақылға сыйымсыз.

 

№5-хадис. Назареттік Хазірет Исаның ғс моласы. Айшаның ра айтуынша, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатты науқастанып, өлім аузында жатқанда: «Өздерінің пайғамбарларының моласын табыну нысанына айналдырған яхудилер мен христиандарға Аллаһтың қарғысы түссін», – деген (Бұхари. Сахих. Китабу-л-жанаиз. Баб ма йакраху мин иттихази-л-масжид ‛аля-л-кубур).

Хадистің түсіндірмесі. Бұхари мен Мүслим бұл баяндаманы өздерінің жинақтарына енгізіп, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадис  Насаи еңбектерінде де бар.

Аталған хадис –  (қазіргі, яғни бұрмаланған. – А.Р.) христиандыққа қарсы керемет уәж; өйткені онда яхудилер де, христиандар да өздерінің пайғамбарларының ғс молаларына табынатыны айтылған. Христиандарға келсек, олар ешқандай яхуди пайғамбарларға ғс және олардың молаларына табынбайды, өйткені олардың барлығын күнәһарлықтан ада емес деп санайды. Рас, Палестинада Иса Мәсіхтің ғс «моласына» («Тәңірдің Табытына») мінәжат ету орын алған. Жылдан-жылға айдың белгілі бір күндерінде «молаға» мыңдаған, он мыңдаған христиан жиналады. Сөйтіп, егер бұл «мола» шынымен де айқыштан түсірілгеннен кейін, Иса ғс уақытша қойған кесене болса, онда бұл хадистің оған қатысты қолданылуын дұрыс деуге болады. Ал егер бұл «мола» шынымен Исаның ғс нағыз мола-кесенесі болмаса, онда, Аллаһ сақтай гөр, Хазурдың сғс нақыл сөзі дұрыс болмағаны! Иса пайғамбардың моласы деп, Қасиетті Пайғамбардың сғс мүлде басқа мақсатқа пайдаланылған сағананы[6] атауы – мүлдем мүмкін емес нәрсе ғой, өйткені пайғамбарлар ешқашанда шындық үшін өтіріктің дәрежесіне түспейді. Демек, егер келтірілген хадисте христиандар пайғамбарларының қабірлері туралы сөз қозғалғанда, нақ сол «мола» жайында айтылмаса, ендеше, христиандар табынатын әлдебір пайғамбардың қабірінің жатқан жерін білетіндер болса, айтып берсін. Ал олай болмаса, Палестинадағы қасына жыл сайын христиандар тобы жиналып, тағзым ететін мола-кесене, яғни жараланған Исаның ғс тірі денесі уақытша сақталған қабір-кесене Иса Мәсіхтің ғс қабірі деп мойындалсын. Сонымен, уақытша болса да, егер бұл нақ сол қабір болса, молдалардың және солардың соңынан ерген мұсылмандардың "Мәсіх ғс айқышқа керіліп азаптанбаған, бірақ зынданның шатыры арқылы тікелей аспанға көтерілген" деп сендіруінің бұл шындыққа қаншалықты қарама-қайшы екенін өздеріңіз ойлап көріңіздер!.. Рас, пайғамбар Жүніс ғс киттің ішіне кіргені сияқты, Исаның ғс өзі де үш күнге "қабірге" енетіні туралы айтқан... Пайғамбар келтірген мысал көлеңкедей де күмән тудыра алмайды. Яһудилер оны өлген деп есептесін, ал ол құтылып кетсін – деп, Иса ғс тірідей "қабірге" қойылған, дау жоқ, бұл Аллаһ Тағаланың жоспары болған [10]. Бәрі дәл осылай болған. Ал Иса ғс айқышқа керілгенмен, өлімнен құтқарылып, Мұсаның шынайы ілімін уағыздау және соған қайтару үшін, Исраилдің он ру-тайпаларын іздеп табудың ұзақ жолына түсті. Ол Таяу Шығыс, Иран, Ауғанстан, Тибет елдерінен өтіп, Кашмирге дейін жетті де, сол жерде өз міндетін толығымен орындап, ол тайпаларды Исламға дайындап (олар Исламды пайда болысымен тез және жаппай қабылдады), 120 жасқа жеткенше өмір сүріп, қайтыс болғанда, Сринагар қаласының Ханйар аумағында жерленген.

 

№6-хадис. Аллаһ тарапына көтерілудің мағынасы. Әбу Һурайра (оған Аллаһтың ризашылығы болсын) Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын баяндайды: «Қайыр-садақа жасау – байлықты азайтпайды, ал Аллаһ Тағала рақымшылдығының нәтижесінде адамға құрмет сыйлайды және дәрежесін көтереді», – (Мүслим. Сахих. Китабу-л-бирри уа-с-салят. Баб истихбабил афви уа-т-тауаза).

Хадистің түсіндірмесі. [11] Имам Мүслим бұл баяндаманы өзінің жинағына енгізе отырып, сол арқылы оның дұрыстығын растаған. Бұл хадис  Тирмизи еңбектерінде және Муваттада бар.

Бұл хадистен айқын болатыны: рафа'а сөзі Аллаһ Тағаланың адамдарға мойынсұнғандары үшін тарту ететін құрмет және жоғары дәрежелерге көтерілуді белгілеу үшін қолданылады. Ал көтерілу, – Иса ғс жеткендей, Құдайға жақындау, – яһудилердің оны өлтіріп, сол арқылы қарғыс атқан және жеккөрінішті адам болғанын дәлелдей алмағандығын көрсетеді. Жаратушы Аллаһ оны рухани мағынасында көтерді және Ол берген уәдеден білетініміздей,  тауаффа жасады, яғни Исаны ғс зорлықсыз өлтірді. Сөйтіп, Иса ғс рухани мағынасында көтерілді (Әлі-Имран 3:56). Өздерінің түсіндірмелерінде ‛Алляма Шауқани (Фатху-л-Қадир), мысырлық ғұлама-діндар – Шайх Мухаммад Абдо және Мұстафа Мараги де соны мойындайды, шииттік ғұлама-діндар ‛Алляма Кумми де «Икмалу-д-дин» кітабында осындай көзқарасты ұстанады. Араб тілінің сөздігі де рафа'а сөзінің дәл осындай мағынасын береді: рафа'а – құлау деген сөздің антонимі, ал Аллаһ Тағаланың Көтеруші деген сипаты  Оның қарапайым мүміндерді ізгілік жолдай отырып көтеретінін, ал әулиелерді Өзінің жақындығын сыйлай отырып көтеретінін білдіреді. (Лисану-л-араб: рафа'а сөзіне қатысты).

Сонымен, бұл сөз келтірілген мағынасында хадистерде көп рет қолданылған. Бір жолы Қасиетті Пайғамбар сғс адам бойсұнушылықтың терең сезіміне батқанда, Жаратушы Аллаһ оған аспанның жетінші күмбезіне көтерілу бақытын сыйлайтынын айтқан.

Кейбір баяндамаларда би-с-силсилә, яғни Аллаһ Тағаланың ондай адамды әлдебір баспалдақтардың көмегімен, демек, біртіндеп көтеретіні туралы сөз кездеседі [12]. Тағы бір баяндамада Аллаһ Тағала үшін мойынсұнушылық пен қарапайымдылық жолымен жүретін адамды Жаратушы Ие бір сатыға көтеретіні және, ақыр соңында, 'иллийиндер, яғни жоғарғы дәрежелілердің қатарына енгізетіні айтылады. Тәкаппарлықпен жүретін адамды Аллаһ Тағала бірте-бірте төмендетіп, оны сол біртіндеген күйінде төменгі орындардың ең төменгісіне бір-ақ түсіреді [13].

Шиит әдебиетінде осылармен қатар жоғарыда айтылғанға байланысты тым астарлы тағы бірнеше баяндама бар. Абиссинияға көшу кезеңде Хазірет Жа‛фар Таййар жерде отырған абиссиндік Негус Патшаны көріп қалып, неге олай отырғанын сұрайды. Негус Иса Мәсіх ғс алған аян өзімен бірге мынадай түсінік әкелгенін айтады: Жаратушының құлдары Құдайдан әлдебір қайырымдылық ала отырып, өзінің бар жан-тәнімен Оған толық мойынсұнатынын көрсетуі керек, сол себепті ол, Негус, қазір өзінің қолы жеткен жеңісі үшін осындай бойсұнушылық көрсетіп отыр. Қасиетті Пайғамбар сғс Негустың осылай дегенін естіген соң: «Бойсұнушылық адамды (яғни, оның мәртебесін) көтереді, Жаратушы Аллаһ өздеріңді биікке көтерсін десеңдер, сендер де сондай мойынсұну сезіміне беріліңдер», – дегенді айтты [14].

Қасиетті Пайғамбардың сғс өзі бойсұнушылықтың жоғарғы бейнелерін көрсететін намаздағы иіліп-бүгілу кезінде, екі сәжде арасында "уарфа'ний!" [15], яғни «(О, Аллаһ!) мені көтере гөр!» деген сөздер айтылатын дұғаны оқитын. Егер рафа'а сөзінің мағынасы аспанға адамның тірідей көтерілетінін білдірсе, онда Қасиетті Пайғамбар сғс оқыған бұл дұғаның, Құдай сақтасын, бір рет те қабылданбағанын мойындауға тура келеді. Ал сол кезекте, Исаның ғс таусылмас өміршендігін жақтаушылардың пікірі бойынша,  оның бірінші дұғасының және халқының оған жәбір көрсетіп жатқанына шағынуының нәтижесінде-ақ, Иса ғс дереу аспанға көтерілген-міс [16].

Сахих Бұхаридің жинағында Құранның (Ар-Рахман 55:30): «әр сәтте Ол Өзінің ұлылығын көрсетеді» - деген аятына берілген түсіндірмеде әр күн сайын Жаратушы Аллаһтың бірнеше халықты көтеретіні (рафа'а. – А.Р.) және бірнеше халықты төменшіктететіні жазылған [17]. Демек, рафа'а сөзінің мағынасы рухани көтерілу екенінде, ал Исаның ғс көкке көтерілуі дәл сондай түрде болғанында жатыр. Хазірет ‛Алляма ибн ‛Араби «Бірақ Аллаһ оны Өзіне көтерді» деген аятқа берген түсіндірмесінде Исаның ғс көтерілуінің мағынасы Мәсіхтің ғс жаны жердегі бұл әлемнен ажырап, биік әлемге көтерілгенін білдіретінін жазған [18].

Демек, егер тіпті Исаның ғс аспанға тірідей көтерілгені туралы қандай да бір баяндама табыла қалса, онда ол Қасиетті Құранға және айқын хадистерге қайшы келеді, яғни ойдан құрастырылып шығарылған болады, ал Исаның ғс өлгенін тіпті христиан-монотеистер ұстанатын наным да растайды [19].

Иса ғс әлі күнге дейін тірі дейтін нанымға келсек, ол – христиандардың қиялдарының жемісі. Оны: ‛Алляма ибн Қаййим, ‛Алляма Зарқани, Науаб Сиддик Хасан Хан, Мауляна Әбу-л-Калам Азад, ‛Алляма ‛Убайдулла Синдхи, Сэр Сайид Ахмад Хан және Ғұлам Ахмад Парвез де солай деп сипаттаған. Олар бұл нанымды кейінгі христиандардың (яғни, христиандардың алғашқы ұрпақтарына жатпайтын) ойлап тапқаны деп жариялаған. Олардың пікірінше, Орта ғасырларда оны түсінбеушіліктің құрбаны болған аңқау мұсылман ғұламалары қабылдаған.

 

№7-хадис. Назареттен шыққан Иса Мәсіхтің ғсжәне мұсылман үмметінен шыққан «Исаның» өзара айырмашылықтары бар сипат-белгілері.

А) Ибн Омар ра Пайғамбардың сғс: «Мен Исаны, Мұсаны және Ибраһимді көрдім. Иса (оның сипат-белгілерін айтады. – Авт.) жирен, бұйра шашты және кең кеуделі болатын», – дегенін айтады. (Бұхари. Сахих. Китабу-л-анбийа. Баб уа-зкур фи-л-китаби Марйам).

Б) Абдулла бин Омар ра Аллаһтың Елшісінің сғс: «Бүгін кеште мен түсімде Қағбаны айналып жүрген кезімде бидай өңді адамды көрдім. Оның бидай түсті беті өте сұлу көрінді. Таралған ұзын шашы да әдемі көрінді, шашынан су тамшылап тұрды, ол екі адамға сүйеніп, Қағбаны айналып жүрді. «Бұл кім? – деп сұрап едім, маған: «Мәрияның ұлы», – деп жауап берілді. Содан кейін көзім шашы қопыраған, бір көзі қисық, – қисықтығы жүзім сияқты томпақ, – бір адамға түсті. «Бұл кім?» – деп сұрағанымда: «Мәсіх Дәжжәл[7]», – деген жауап алдым», – дегенін баяндайды. (Бұхари. Сахих. Китабу-л-либас. Бабу-л-жа‛ад).

Хадистің түсіндірмесі. Олардың дұрыстығын мойындап, Имам Бұхари өзінің жинағына екі баяндаманы да, ал Имам Мүслим екіншісін енгізген.

Бұл екі хадис (сол кездің өзінде болашақта келуге тиіс болған) Уәделенген Мәсіхті, яғни «Исаны» ғс және (сол уақытқа дейін пайғамбарлық міндетін атқарып қойған) исраилдік Мәсіх ғс – Мәрияның ұлын ғс екі бөлек адам ретінде әбден айқын ажыратып көрсетеді. Исраилдік пайғамбардың сипат-белгілері суреттелгенде, сырт келбеттің исраилдіктерге тән белгісі – жирен бұйра шашы алдымен айтылады. Ал, Уәделенген Мәсіхке ғс келсек, оның бидай өңділігі және түзу шашы айтылады. (Қойылған мақсаттары бойынша – А.Р.) Назареттен шыққан Иса Мәсіхке ғс ұқсатылған нақ осы Уәделенген Мәсіх «Иса» Мұхаммедтің сғс қауымынан шығуы тиіс болған және идеялық тұрғыда қазіргі заманғы (бұрмаланған) христиандықты және Дәжжәлдың жақтастарын жеңуге тиіс еді. Пайғамбардың сғс түсін сипаттаудың екінші бөлігінде Қасиетті Пайғамбардың сғс Қағбаны айналып жүрген Уәделенген Мәсіхті және Дәжжәлді көргені айтылады, бірақ-та хадистерде Дәжжәлдің Меккеге де, Мединеге де кірмейтіні айдай анық жазылған-ды [20]. Демек, бұл түстің өткен заманның мұсылман ғұламалары іске асырған түсіндірмесі мынаған саяды: Дәжжәлдің Қағбаны айналып жүруінің мәні – ұры сияқты «оған енуге» әрекет жасау, басқаша айтқанда, Ислам дінін құртуға әрекеттену. Уәделенген Мәсіхтің ғс Қағбаны айналып жүруі – барлық ізгілікті іс-әрекеттерімен Исламды қорғау және соған қызмет ету дегенді білдіреді [21]. Уәделенген Мәсіхті ғс екі жағынан сүйеген адамдар – олар барлық мүмкін болатын жолдар арқылы оған жәрдемдесетін көмекшілері мен ізін қуушылар.

Қысқасы, екі Мәсіхтің ғс сырт келбеттеріндегі айқын айырмашылық Қасиетті Пайғамбар сғс түсінде Ибраһим ғс және Мұсамен ғс бірге көрген жирен бұйыра шаштың иесі – Мәрияның ғс ұлы Иса Мәсіх ғс (Назареттен шыққан. – А.Р.)  осы пайғамбарлар да бастан кешкен сол шекке жеткен, яғни табиғи өліммен қайтыс болған. Уәделенген Мәсіх ғс – бидай өңді, тегіс түзу шашты болашақ «Иса» туралы айтсақ, – онда ол Мұхаммед сғс үмметінен шыққан, Дәжжәлмен, яғни уәждер алаңында христианның діни қызметшілерімен күресуге тиіс сол Мәсіх ғс болып шығады, сондықтан  Пайғамбардың сғс түсінде ол да, оның миссиясы да келесі емес, осы өмірде көрсетілген.

Нақ осы себептен баяндамаларда сипатталған (болашақ. – А.Р.) Мәсіх пен Мәһдидің ғс сипат-белгілері бірдей: Мәһдидің ғс терісі бидай түстес, яғни Уәделенген Мәсіхтің ғс денесінің түсіндей [22].

Шииттік баяндауларда Имам Мәһдидің ғс ұқсас сипат-белгілерін табуға болады: ол орта бойлы және сырт келбеті тартымды. Ұзын шашы иығына түскен, ал қара сақал жапқан бетінен нұрлы сәуле шашырап тұрғандай [23].

Басқа дереккөздерде Мәһдидің кең ашық маңдайы және таңқы мұрны сипатталады [24].

Егжей-тегжейлі сипатталған осы сыртқы белгілері Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадта ғс кездеседі. Оны жақыннан жиі көрген және онымен бір үйде тұрған Хазірет Мир Мухаммад Исмаил Сахиб оның сыртқы келбетін төмендегідей сөздермен сипаттайды:

Оның терісінің түсі бидайдай, осы сөздің ең бір жоғары сапалы мағынасындағы бидайдай болатын, яғни жарық пен шуақ төгіліп тұратын... басындағы шашы түзу және жатық, жалтыраған және жұмсақ... ұзындығы, әдетте, мойынорамал орағандай, мойнына жететін... Мұрны... өте сүйкімді, биік, жұқа, таңқылау және бет әлпетімен әдемі үйлескен. Мейірлі  маңдайы түзу, биік және кең болатын» [25].

Хазірет Уәделенген Мәсіх ғс, Мәһдидің ашық маңдайы мен таңқы мұрны айтылатын сыртқы белгілерінен басқа, сонымен қатар ол құпия ақиқатты да білдірген. Ол (ақиқат) мынада: Жаратушы Аллаһ оның адамдарды өзіне тартып тұратын байсалдылығы мен айбындылығы дұшпандарының жүректеріне қорқыныш ұялататын маңдайын адалдықтың шуағына бөледі дейтін осы екі қасиет те Уәделенген Мәсіхтің ғс бойынан айқын да қуатты көрінеді [26].

Осы (яғни Имам Маһди және Уәделенген Мәсіх туралы - А.Р.) хадистердің жинағын құрастырушысының (яғни, Пәкстандағы Ахмадиййа Мұсылман Жамағатының көрнекті ғалымы һәм қызметшісі Хафиз Мұзаффар Ахмедтің - А.Р.) атасы, Уәделенген Мәсіхтің ғс Сахабиі (серіктесі) - Хазірет Мауляуи Ғұлам Расул деген кісі - Уәделенген Мәсіхтің ғс шамамен: «Аллаһ Мұхаммед бин Исмаил Бұхариге Өзінің рақымшылығын берсін, егер ол менің сырт келбетімді Назареттен шыққан Исаның ғс бет әлпетінен ажыратып сипаттамағанда, мені мұхаддистер қалай таныр еді», – дегенді жиі-жиі қайталағанын айтады [27].

Хазірет Уәделенген Мәсіх ғс былай дейді: «Мен Мәсіхке (Исаға - А.Р.ғс ұқсап, Уәде етілген болдым, ол (Иса - А.Р.) маған (Мұхаммедтің сғс құлына) арналған мінберге тұрмасын деп келдім».

 

№8-хадис. Ерекше белгілердің көрінуі. Мұхаммед Пайғамбарымыздың сғс Сахабиі Әбу Қатада (Аллаһтың оған ризашылығы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ерекше нышандар мен белгілері екі жүз жыл өткеннен кейін көрінеді», – дегенін баяндайды (Ибн Мажа. Сунан. Китабу-л-фитан. Бабу-л-айат).

Хадистің түсіндірмесі. Бұхари мен Мүслим белгілеген белгілерді басшылыққа алып, Имам Хаким Қасиетті Пайғамбар сғс ерекше белгілер туралы және бұл белгілер екі жүз жыл өткенде көрінуге тиіс болатынын жайында еске салу айтқан хадисті [28] дұрыс деп айқындаған. Алайда, Һижрадан кейін екі жүз жыл өткенде келтірілген хадиске байланысты қандай да бір ерекше оқиғалар орын алмағандықтан, сірә, дәл осы себепті ‛Алляма Мулла ‛Әли Қари Ханафи осы хадиске берген түсіндірмесінде әл-мийатайн сөзіндегі  әл деген белгілілік артиклінің қолданылуынан «мың жыл өткеннен кейінгі екі жүз жыл» (яғни белгілер бір мың екі жүз жыл өткен соң көрініс береді) деген мағынанын бар болу әбден мүмкін деп жазған. Ал нақ осы дәуір Мәсіх пен Мәһдидің ғс Дәжжәлмен қатар пайда болатын заманы ғой [29].

Тағы бірнеше хадис Мулла ‛Әли Қаридің осы көзқарасын растайды. Сөйтіп, Абдуллаһ бин Омар ра Қасиетті Пайғамбардың сғс соңғы дәуірдің қиын жағдайын және құлдырауын еске сала келе, былай деген: «Сол белгілер, маржан алқаның үзілген жібінен шашырап түсетін моншақтар секілді, бірінің артынан бірі тізіліп көрінетін болады. Ол белгілер, дәл солай бір тізбек түрінде көрінеді» [30].

Таңғаларлығы, аталған нышан-белгілер, Һижрадан санағанда, он үшінші жүзжылдықта орындалды. Олардың ішінде: айқыштың (крест) салтанаты, ғылым күнінің Батыстан тууы, көліктің бірден-бірге жетілген түрлерінің шығуы және көлік құралы ретінде түйенің қызметінен бас тарту, мұсылмандардың құлдырауы және артта қалуы, әлемдік соғыстар, жер сілкінісінің орасан көп болуы, аштық, оба ауруы, құйрықты жұлдыз, сондай-ақ рамазан айында Ай мен Күннің тұтылуы сияқты оқиғаларды айтуға болады.

Тағы бір хадисте: «Бір мың екі жүз қырық жыл өткен соң, Аллаһ Тағала Мәһдиді жібереді», – делінген.

Қасиетті Пайғамбар сғс жариялаған алдын ала сөздерді басшылыққа алсақ, Һижрадан санағанда он екі ғасыр өткеннен кейінгі он үшінші жүзжылдықта нышан-белгілер бірінің артынан бірі орындалған кезеңнің жүзден бір бөлігі де Қасиетті Пайғамбардан сғс кейін екі жүз жыл өткенде келген дәуірге еш ұқсамайды. Осы ғажап оқиғалар мен белгілердің пайда болуы кезінде Һижрадан кейінгі 1250 ж. Мирза Ғұлам Ахмад Қадиани ғс дүниеге келіп, Һижрадан санағандағы 1290 ж. ол Құдайдан түскен аянды иеленуші болды. Ол өз заманының ағартушысы (реформаторы), Мәсіх және Мәһди ғс екенің жариялады, және де «Ерекше белгілердің көрінуі 200 жыл өткенде орын алады» деген хадисті терең ойлана түсінудің нәтижесінде бұл баяндаманың мағыналарының бірі Һижра бойынша он үшінші жүзжылдықтың соңында Уәделенген Мәсіх-Мәһдидің ғс келуі екені оған аян түрінде ашылған. Оның есімін (әбжад деп аталатын араб жүйесіне сәйкес. – А.Р.) құрайтын әріптердің мәндік сандық сомасы, яғни «Ғұлам Ахмад Қадиани» дәлме-дәл 1300 санын құрайтыны, сол уақытта бүкіл әлемде одан басқа осындай есімді бірде-бір адамның жоқ екені аянда ашылып көрінген. Сөйтіп, оның назары Һижрадан санағанда он үш жүзжылдық өткенде келуге тиіс болған сол Мәсіх «Иса» және Мәһди ғс өзі екені және ғасырлардың сол кезеңін білдіретін жылдың сандық көрінісі оның есіміне жазылған фактіге ауды.

Ары қарай Мирза Ғұлам Ахмадтың Құран мен хадистердегі Мәсіх-Мәһди ғс ретіндегі мәртебесінің шынайылығының қысқаша дәлелдерін келтірейік.

 

Бүкіләлемдік Ахмадиййа Мұсылман Жамағатын құрған

Қадианнан шыққан Хазірет Мирза Ғұлам Ахмадтың -

Аллаһ уәде еткен Мәсіх «Иса» және Имам Мәһди ғс

ретіндегі мәртебесін растайтын -

негізгі Құран аяттарының (А) және хадистердің (Х)

қысқаша жиынтық тізбесі

 

Қасиетті Құран аяттары (А)

(Жамағатымыз, алғашқы Исламдағы салтын жалғастырып, "Бисмилләһи-р-Рахмани-р-Рахим" деген сөз тіркесін аят ретінде мойындайды, яғни басында кездесетін сүрелерінің бірінші аят ретінде санайды. Сол үшін басқа ұйымдар шығарған қазіргі аудармаларымен аят саны 1-ге айырмашылығы мүмкін.)

(А1). Әл-Жұм‛а 62-сүресінің 3-4-аяттары (яғни 62:3-4, басқаларда 62:2-3). Мұнда алдымен Мұхаммед Пайғамбардың сғс араб халқы ішіндегі елші (3-аят), ал содан кейін Құран түсірілген кезде әлі Исламды қабылдай қоймаған, бірақ оны кейіннен қабылдауға тиіс болған («солардың ішіндегі әлі оларға қосылмаған басқалар арасындағы») араб емес халықтар арасындағы елші екені айтылады (4-аят) және олардың Сахих Бұхаридің беделді хадистер жинағында берілген тәпсірінде (Китабу-т-тафсир, 420-хадис) Ислам дінін жаңғыртудың қозғалтқышы ретіндегі Парсыдан шыққан (Мұхаммед Пайғамбардың жалғыз парсы серіктес-сахабасы Салман Фарсидің халқынан шыққан) ражул (еркек, адам) немесе рижал (еркектер, адамдар) туралы өсиет сөз айтылған түсіндірмесі берілген. Исламды парсылар қабылдағаннан кейінгі бір келешек уақытта Құдай Парсыдан шыққан бір адамды дінді құлдыраудан құтқарып, қалпына келтіруші етіп тағайындауға тиіс болған. Ислам аясында ондай пайғамбар кейде зилли нәби («<Мұхаммедтің> көлеңке(сіндегі) пайғамбар(ы)» – дербес те емес, заң әкелуші де емес, бірақ толықтай Мұхаммедке сғс бағынатын және сенімді қызметші сияқты, оның еркін орындап, ісін жалғастыратын пайғамбар»), үммети нәби («<Мұхаммед> үмметінен шыққан» – мұсылман) және буруз <Мұхаммади> (тіпті күннің шағылысқан жарығын көрсетсе де, толған айдың күнге тең болмайтыны сияқты, түп Пайғамбарға сғс парапар емес, «<Мұхаммедтің> көрініс-бейнесі») деп аталады.

(А2). Йа Син 36-сүресінің 21-33-аяттары: «Қаланың алыс бөлігінен бір адам (түпнұсқасында – ражул) жүгіріп келді. Ол: «Ей, менің халқым! Елшілердің соңынан еріңдер»...» – деді. Түсіндірмешілер бұл аяттарды келешектегі көшбасшы – Мәсіх-Мәһди ғс туралы алдын ала уәде сөз деп тәпсірлеген [34, 239-бет]. «Қаланың алыс бөлігі» онда Ислам әлемінің шеті деп түсіндірілген. Пенжаб дәл сондай шет болып табылады.

(А3). Көптеген түсіндірмешілердің пікірі бойынша ([35, 53-бет], [36, 195-бет], [37, 24-бет]: «Ол (Аллаһ), барлық діндерден үстем түссін - деп, Өз Пайғамбарын тура жолмен және хақ дінмен жіберген...» – дейтін үш: 9:33, 48:29, 61:10 аятты ғаламдық-идеялық тұрғыда ғана Мұхаммедке сғс жатқызу керек, ал тікелей іс жүзіндегі маңызы бойынша олар оның көнбіс көлеңкесі – Мәсіх-Мәһдиге ғс жатқызылады, өйткені нақ соның және сол құрған Жамағаттың іс жүзіндегі күш-жігерінің көмегімен (Мұхаммедтің сғс бүкіл өмірі мен қызметінің пісіп жетілген және іске асқан басты еңбектерінің жемісі ретінде қаралатын) Исламның аяттарда жорамалданған идеялық жеңісі салтанат құрмақ.

(А4). Имам Мәһдидің келуінің ерекше айқын дейтін белгілерінің бірі, 75:8-10 сүресімен байланыстырылатын (және Х21 нөмірімен қаралған хадисте сипатталған) ай мен күннің тұтылуы саналған.

(А5). 3:82-аятта «Мен сендерге Кітапты және даналықты тарту етемін, соңынан қолдарында барды орындайтың пайғамбар келеді; оған иман келтіріңдер және көмектесіңдер...», – деген Аллаһтың пайғамбарлардан (ал солар арқылы – олардың халықтарынан) алған өсиеті (мисақ) айқындалады, ал 33:8-аят: «Біз пайғамбарлардан өсиеттерін алғанда, сенен де (яғни Мұхаммедтен) және Нұхтан да...» – деп жазылған. Сондықтан мұсылмандарға Мұхаммед сғс арқылы болашақ пайғамбарға қатысы бойынша, – демек, Исламдағы атқарушы пайғамбар – Мәсіх-Мәһдиге қатысты өсиетін орындау міндеттелген (хадистерде айтылғандай оның мақсаттары табысты болмақ). Ол келіп, өзі туралы мұсылмандарға мәлім көрегендікті орындағанда, мұсылмандар оған сенуге және жәрдемдесуге тиіс. 3:82-аятта пайғамбарлардың келуінің үздіксіздігінің жалпыдіндік ұстанымы көрcетілген: бұл әлемде адамдар бар болып тұрғанда, оларға пайғамбарлар келіп тұрады (соңғысы адамдар құрып бітетін шақта келеді), – пайғамбарлар олардың Жаратушымен байланысын, – ал онсыз адамдар қашанда адасады, күйзеліске түседі және Құдай кезекті пайғамбарды, бұл жағдайда атқарушы пайғамбарды, жібермейінше, одан ешқашанда өздігінен шыға алмайды.

 

Хадистер (Х + нөмір дәйексөз келтіріліп отырған, хадистің толық түсіндірмесі берілген кітап тарауының нөмірін білдіреді)

 

(Х8).  ([Ай] күнтізбесі бойынша) 1240 жыл өткен кезде, Аллаһ Тағала Өзінің уәде еткен Мәсіхін ғс жібереді (Ан-нажму-с-сақиб). (Осы хадис Һижра бойынша 10шы жылының маңайында айтылған мүмкін.) Ғұлам Ахмад 1835 жылы (Һижра бойынша 1250 ж.) дүниеге келген.

(Х12). Хадистерде аталған Мәсіхтің ғс келетін және қызмет ететін жерлерінің атауы: Када (Жауаһиру-л-Асрар. 55-б.; Бихару-л-Ануар. 13-т., 23-б.) және  Луд қақпасының қасында ол Дәжжәлмен («Антихристпен») шайқасып, оны жеңіп шығады. (Сунан ибн-и-Мажах, Баб фитнати-д-дәжжәли уа хуруж ‛Иса бин Марйам уа хуруж Йа‛жуж уа Ма‛жуж, хадис 4075, хадис 4077; Сахих Муслим, Китаб ал-фитан уа-л-малахим)Қада – жергілікті тұрғындар Мирза Ғұлам Ахмад дүниеге келген және өмір сүрген Қадианды осылай атайтын. "Луд"-бен басталатын Лудиана (Лудхиана, Лудхияна) Қадианнан алыс емес және онда Ахмадиййа Жамағаты орныққанға дейін Үндістан бойынша христиандықтың таралу орталығы болды. Ғұлам Ахмадтың және оның Жамағатының қызметі ғана елдегі христиандықтың жаппай таралуына нүкте қойды.

(Х12). Мәсіхтің ғс пайда болуы орны Дамаскіден шығысқа қарай орналасуға тиіс болды (Мүслим,  Китабу-л-фитан уа-л-малахим, Баб зикри-д-дәжжәл). Қадиан Дамаскіден шығысқа қарай орналасқан көршілес еңдікте.

(Х12). (Х25) Мәсіх ғс Шығыстан келеді (Сунан ибн-и-Мажах, Баб хуружи-л-мәhди. № 4082, 4088, тж. Мат. 24:27). Пенжаб – Шығыста орналасқан.

(Х15). Мәһди Салман Фарсимен байланысты болмақ: яғни парсылардың жерінен шығады немесе, қалай дегенде де, онымен басқадай байланысы болады (Сахих Бұхари, Китабу-т-тафсир, 62:3-4). Ғұлам Ахмадтың ата-бабалары, оның ішінде Әмір Темірдің немере ағасы Қажы (Сейфуддин) Барлас (ежелгі Иранның бір бөлігі болған) Мауараннаһрда Барлас тайпасының көшбасшысы болған [38, 162-б.]. Оның үстіне, Ғұлам Ахмадтың тікелей ата-бабаларының он бесі – Сейфуддиннен бастап Хади-Бекке дейін (Ирандағы) Хорасанда тұрған. Хади Бектің ұрпақтары да парсы тілінде сөйлеп, парсы мәдениетін ұстанған. Оған қоса, парсы тілі Үндістандағы биліктің тілі ұзақ уақыттың ішінде болған.

(Х15). Аллаһ халифі әл-Мәhдидің Хорасанмен байланысы (Мишкат Тайиби, Баб ашраат ас-са‛а. Фасал 3. Муснад Ахмад бин Ханбал; Байхаки, Ша'бу-л-иман, 2-бөл., 311-б.) – Ғұлам Ахмадтың Қажы (Сайфуддин) Барластан бастап Хади Бекке дейінгі 15 ата-бабасы Хорасанда тұрған /114, 154/.

(Х17). Мәһдидің Мауараннаһрге қатысты болуы (Сунан Әбу Дауд, Китаб әл-мәhди). Ғұлам Ахмад – Әмір Темірдің немере ағасы Барлас руынан шыққан Қажы Сайфуддиннің ұрпағы, ол Мауараннаһрде тұрған және Кеш (қазіргі Шахрисабз қаласы, Өзбекстан)  қаласында билік еткен /114. 145/.

(Х21). Хадистердің он жинағында, солардың ішінде  Сунан Даракутниде айтылған, сондай-ақ Құранның (75:7-11) аяттарымен байланысы бар жалпылама мойындалған хадисте бір жылдың ішінде Ай мен Күннің тұтылуы туралы айтылады: Айдың тұтылуы – рамазан айының бірінші түнінде (Ай күнтізбесі бойынша тұтылуы мүмкін болатын үш түннің біріншісі – яғни, осы айдың 13-ші түнінде) және Күннің тұтылуы – сол Ай күнтізбесінің рамазан айындағы ортадағы күнде (тұтылуы мүмкін болатын үш күннің бірі – яғни, ортасындағы 28-інші күні). – 1894 ж. 21 наурызда және 6 сәуірде (Һижраның 1311 жылы; яғни Ғұлам Ахмадтың тірі кезінде) олар (Күн мен Айдың тұтылуы) тек Қадианда ғана емес: олардың іздері Шығыс жарты шарының жері бетімен алысқа созыла көрінген. Келесі жылы сондай үйлесімділік Батыс жарты шарында да қайталанған және байқалған. Ондай үйлесімділік ешқашанда және еш жерде оның алдында болған емес және одан кейін де ұзақ уақыт бола қоймас [39, 45-51-б.].

(Х25). Мәсіхтің ғс Үндістанмен байланысы (Ибн Касир; Бұхари. Тарих Кабир). Кадиан мен Лудиана Үндістанда орын тепкен.

(Х28). Мәһди есімінің Мұхаммед сғс есімімен ұқсастығы; Пайғамбардың сғс Құранда бекітілген екінші ресми есімі Ахмад (61:7) болған, ал хадистерде де Ахмад есімі Мәһдидің есімдерінің бірі ретінде кездеседі [40] [41]. Ғұлам Ахмадтың басты есімі – Ахмад. Ғұлам Ахмад – Ахмадтың, яғни Мұхаммедтің қызметшісі дегенді білдіреді.

(Х31). Мәһди тұратын жерде қарлы таулардың болуы (Мустадрак Хаким, Китаб-әл-фитан уа-л-малахим, Баб хуруж әл-мәһди), –  мұсылман өлкелерінде сирек кездесетін ландшафт, бірақ Үндістанның солтүстігіне тән.

 

АХМАДИЙЙА («Алғашқы Исламдық»)

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰСЫЛМАН ЖАМАҒАТЫ

(Мәһди-Мәсіх Жамағаты)

 

Дүниежүзілік Ахмадиййа Мұсылман Жамағатының негізі 1889 жылы қаланып, Мұхаммед Пайғамбардың сғс құрметіне, атап айтқанда, Мұхаммедтің сғс екінші ресми есімі – Ахмад (Құранның 61:6/7 аятында Исаның Інжілде алдын ала айтқанындай – Ахмад) атымен аталады. Негізін салушының есімі – Ғұлам Ахмад – «Ахмадтың қызметшісі», яғни «Мұхаммедтің сғс қызметшісі» дегенді білдіреді.

Мұхаммедтің сғс көзі тірісінде-ақ Пайғамбар сғс өмірінің екі кезеңін бейнелейтін: бастамасында «Ахмадиййат», ал содан кейін «Мұхаммадиййат» атаулары «Ислам» сөзінің екі ғана толық синониміне айналды. Алғашқысы – Ахмадиййа кезеңі, яғни Пайғамбардың сғс және мұсылмандардың Мединаға көшкенге дейінгі Меккеде он үш жыл бойы қудалануға ұшыраған Исламның аман сақталуының аса қиын уақыты болды. Ахмадиййат ішкі төзімділіктің, әсемдік пен рухани жеңістің синониміне айналды. Екінші, Мұхаммадиййа кезеңі де басқыншыны түбегейлі жеңіп, даңқ және жауға деген асқан мейірбандық синониміне айналды. Бұл екі ұғымды ажырату мүмкін болмаса да, Ахмадиййат туралы оның Уәделенген Мәсіхтің ғс уақытында қайта оралып келетіні жайында айтылған алдын ала сөздер сақталған. Мұхаммадиййатты Аллаһ Тағала Мұхаммедке сғс ғана сый еткендіктен де, оған қайта көріну жазбаған. Бұдан шығатын қорытынды: Уәделенген Мәсіхтің ғс кезінде діни соғыс-қақтығыстар болмайды, ал идеялық кемелдену бейбіт келіссөз арқылы жалғасады. «Ахмадиййат» жаңа дін дегенді емес, «жаратылысындағыдай (бүлінбеген) Ислам», «алғашқы Ислам» дегенді білдіреді, сөйтіп бұл Жамағат басқаларынан Исламдағы тек біріктірушілік рөлін атқаруы арқылы ажыратылады. Исламдағы ондаған бағыттардың ішінде өзінің идеологиялық қағидасын айқындап көрсету үшін, ахмади мұсылмандар «Ислам», «мұсылман» сөздеріне қосымша - «ахмади», «Ахмадиййат», «Ахмадиййа Жамағаты», «Ахмадиййа қозғалысы» деген атауларды, барынша пәк күйінде күшейтіп көрсету үшін қабылдады, өйткені тек осы сөздер ғана, олардың шынайы мағынасын білетін және есіне сақтаған немесе түсінгісі, бағалағысы келетіндер үшін, Исламның басты мақсаты орындалуы үшін осы бір бүкіләлемдік Исламдық, ортақдіндік және жалпыадамзаттық бірлікке жұмылдыратын бастауға біріктірудегі алғашқы Исламның шартты сөзі болып табылады. Жамағаттың негізін салушының ойынша, Ахмадиййаттың қазіргі заманмен байланысы бар, өйткені біздің заманымыз Исламның уақытша тоқырау кезеңінен кейін оны қалпына келтіріп, бүкіл әлемге насихат етуге өте қолайлы.

Жамағатты Қадианнан шыққан Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад (1835-1908) құрған, ол Құдайдан аян алдым деп, діндердің әлемдік қауымдастығы күтіп отырған Уәделенген Мәһди және Мәсіхтің ғс өзі екенін жариялаған. Ол құрған Жамағат, Исламның ізгі хабарының – бейбітшіліктің, жалпыға бірдей бауырластық пен Құдай Еркіне бағыну хабарының пәк таза күйіндегі жүзеге асқан түрі болып табылады. Хазірет Ахмадғс Исламды болашақ адамының діні деп жариялады:

«Естеріңде болсын: көктерде туған ниеттер бойынша ғана атқарылатын істерден басқа, ештеңе де бұл жер бетінде іске аспайды. Және де, ақыр соңында, Ислам ғана адамдардың жүректерін жаулап алатынын маған Көктегі Құдай ашып берді». Осы сенімді Ахмадиййа Жамағаты бір ғасыр ішінде Жер шарының барлық түкпір-түкпіріне жеткізді.

Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад ғс – Әмір Темірдің (Ақсақ Темір) немере ағасы Мауараннаһрдан шыққан Қажы Сайфуддин Барластың ұрпағы. Қадиан –  бұрынғы мұсылмандық Моғол патшалығының аумағында, Үндістанның солтүстігіндегі Пенжаб штатында орналасқан шағын қала; оны Қазы (яғни Әкім) Мирза Хади Бек есімді оның моғолдық бабасы салдырған, ол 1530 жылы өзі «Ислампур» деп атаған жерге Хорасаннан көшіп келген, сосын ол аймақтық Қазы (Әкім) болып тағайындалғаннан кейін, бұл қалашық «Ислампур Қазиан» деген атпен танымал болды.

Жамағаттың әлеуметтік-саяси идеологиясы ашық қоғам анықтамасына сәйкес келеді; демократиялы, зайырлы, құқықты, әлеуметтік мемлекетті ол Ислам идеологиясындағы бейбітшіл, әділетті және орнықты даму мұраттарына сай мемлекет деп жариялайды.

Жалпыдіни тұрғыда Жамағат ертедегі басқа ірі діндердің негізін салушылар – Кришнаны, Зәрдүшті (Зороастр), Конфуцийді, Бұдданы, сондай-ақ грек философы Сократты бүгінгі күні Ислам үйрететін сол жалпыадамдық құндылықтарға бағыттаушы пайғамбарлар деп танитындығымен және Құран мен хадис бойынша дәлелдегенімен ерекшеленеді. Бұл 35:24-25-ші аяттарға («араларынан сақтандыратын (пайғамбар) өтпеген халық жоқ» дейтін) және адамзаттың бүкіл тарихында 124 000 мыңнан астам пайғамбар болғанын айтатын белгілі хадиске сәйкес келеді. Тарих барысында олардың ілімдері көпшілік жағдайларда жоғалып кетті немесе бұрмаланды, бірақ олар соңғы дін Ислам жайында алдын ала сөздерді сақтап қалған, және де ахмади мұсылмандардың пікірі бойынша, ақыр соңында, бүкіл әлемдегі адамдардың көпшілігінің жүректерінен орын табу Исламға жазған. Барлық басқа діндер де сонымен қатар өмір сүруін жалғастыра бермек. Бұдан Ахмадиййа Жамағаты діндерді біріктіре және олардың қоғамда бейбіт татулықта қатар өмір сүруіне ықпал ете алатын негізді әлеуеті бар деген қорытынды түйіндеуге болады.

Нақты Ислам дінінің негіздері мәселелерінде, оған дейін белгілі болған Ислам құқығының төрт мектебі (мәзһабы) ішінен ол ханафилік мектепті алғашқы Исламның қағидаларына жақынырақ деп санайды.

Мирза Ғұлам Ахмад 1882 жылы Құдайдан аян алғанын жариялады, ол аян: алдымен оған XIV-ші ғасыр мүжаддидінің (хадистерде айтылғандай, Һижра бойынша әр ғасырдың басында үмметке кем дегенде бір Ислам жаңғыртушысы келуі тиіс), кейіннен Уәделенген Мәсіх («масих мауд», «Иса» – Құран мен хадистерде айтылғандай, Һижра бойынша XIV-ші ғасырдың басында, Исламды және оның рухани жеңісін қайтадан орнату үшін келуге тиіс болған пайғамбар) және Имам Мәһдидің («<Құдай> жетелеген басшы») міндетін жүктеген. I–XIII ғасырларда кімдердің жаңғыртушы (реформатор) болғаны хақында мұсылмандар арасында толық келісім орнаған. Ал XIV-ші ғасырдың жаңғыртушысы (реформаторы) кім екендігінде әлі күнге дейін келісім жоқ – Ахмадиййадан өзге, басқа бағыттарда тіпті үміткер де жоқ, дегенмен олардың өз түсініктері бойынша барлық мерзімдер өтіп кетті, ал уәде-өсиеттердің орындалуы мен Ислам тарихының бүкіл барысы бұзылып қалған-ды.

Ахмадиййа Жамағатының 200 миллионға жақын мүшелерінің ұраны: «Баршаға сүйіспеншілік, ешкімге өшпенділік!». Оның идеологиясын мына сөздермен сипаттауға болады: ұмыт қалған алғашқы Исламды тарихи кезеңдердегі жағдайлардың ерекшеліктеріне, араб және басқа да ұлттардың мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктеріне еш байламастан, өзіндік Ислами рух арқылы қайта жаңғырту. Сөзсіз, рухты алғашқы Исламның тәнінен бөліп алу: ондаған философтардың, әлеуметтанушылардың, саясаттанушылардың, экономистердің, сондай-ақ идеологтардың күш-жігерімен салыстыруға болатын орасан үлкен жұмыс жүргізілгенде ғана нақты мүмкін болмақ. Ондай жұмысты Жамағаттың негізін салушысы жүргізген, оның куә-дәлелдемесі бойынша, Құдайдан түсетін тұрақты аяндардың арқасында, ол өздігінен дұрыс қорытындыға келе алмайтын жерлерде, Құран мен сүннеттің іске асырылуының құпиясы ашылып отырған. Сөйтіп, ол: адам өздігінен, Құдайдың көмегінсіз рухани-діни (сондай-ақ материалдық-табиғи және моральдық-адамгершілік те) игіліктер мен құндылықтарды таза, жаратылыстағыдай бүлінбеген түрінде сақтай алмайды, оған қоса, олар жоғалса немесе бүлінсе, қайтып таба да, қалпына келтіре де алмайды дейтін Ислам қағидасын ұстанады.

 

Ахмади мұсылмандардың баға белгілейтін саны.

Есептік мағлұматтарға сәйкес, қазіргі таңда әлемнің 201 еліндегі Ахмадиййа Мұсылман Жамағаты мүшелерінің саны 200 миллионға жуық. Бұл – әлемдегі ең қарқынды өсіп келе жатқан, бөлшектенбейтін ірі конфессияны білдіретін діни ұйым. Ахмадилердің көп санын Үндістаннан, Пәкістаннан, Батыс және Шығыс Африка елдерінен, Индонезиядан табуға болады. Олар Азия мен Еуропаның басқа да көптеген елдерінде, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында көптеп кездеседі. Ахмадиййат өзін көптеген Оңтүстік Америка және Қиыр Шығыс елдерінде танытуға күш салуда, сонымен бірге Ахмадиййат жаңа көкжиектерді игеруге батыл қадамдар жасап отыр. Шығысеуропалық елдер ішінде венгр-мұсылмандары өткен ғасырдың үшінші онжылдығында елеулі ауқымда Ахмадиййат құрамына енді. Алайда революциядан кейін олардың жалпы Жамағатпен байланысы үзіліп қалды. КСРО-да Ахмадиййа Жамағатының қатысуынсыз қалған жоқ еді. Бұл фактіні мойындай отырып, совет ғалымы К.А. Антонова өзінің «Ахмадиййа Мұсылман ағымының ілімі және аңыздары туралы» деген еңбегінде әлемнің барлық елдерінде бөлімшелері ашылғаны – Ахмадиййа Жамағатының ерекшелігі екенін атап айтқан. Ахмадиййат дәні Польша және бұрынғы Югославия республикалары сияқты басқа да шығысеуропалық елдерде себілген. Польшада Жамағат поляк ұлтының миссионері басқаратын миссияның негізін құрды.

 

Хазірет Ахмадтың қайтыс болуы және ізбасарлық.

Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад 1908 жылы қайтыс болғанда, оның ісін сайланған халиф (ізбасар) жалғастырды. Сөйтіп, ізбасарлықтың (хилафаттың) институты «Хилафат Рашидиййа» – «Ізгі Хилафаты» деп аталатын алтын ғасырдан кейінгі ұзақ үзілістен соң, қайтадан жанданды. Ол Мұхаммед Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, ғылым мен өркениеттің, мәдениеттің және кәсіптердің әлемдік дамуына септігін тигізген-ді. Хазірет Ахмадтың  ізбасары (ісін жалғастырушы) өмірлік мерзімге сайланып, Халиф деп аталады және Ахмадиййа Жамағатының рухани, әрі әкімшілік басшысы болып саналады. Қазіргі, Бесінші Халиф – Хазірет Мирза Масрур Ахмад 2003 жылы оның алдындағы Халиф – Хазірет Мирза Тахир Ахмад қайтыс болғаннан кейін сайланған. Халиф 1982 жылдан бері Жамағаттың халықаралық орталығына айналған Лондон қаласында тұрады.

Ахмадиййа Мұсылман Жамағаты Ислам адамгершілік пен рухани құндылықтарды жасарту мақсатында құрылған. Ол дінаралық сұхбаттарды құптайды және Ислам туралы Батыста және жалпы әлемде қалыптасқан қате түсініктерді шыдамдылықпен түзетіп отырады. Ол күш-жігерін бейбітшілік, төзімділік, әртүрлі дін ұстанушылар арасындағы сүйіспеншілік пен түсіністік жолына арнайды. Ол Құранның: «Дінде зорлық жоқ», – деген іліміне нық сенеді және соған сай әрекет етіп, қандай болса да, кез келген зорлық-зомбылыққа және терроризмге батыл қарсы шығады.

Қасиетті Құранда және Мұхаммед Пайғамбардың өмірлік тәжірибесінде (сүннетінде) Ислам даналығы, философиясы, ахлақи ұстанымдар мен руханилығы қандай болса, Жамағат сондай кейпінде айқын көрсетуді ұсынады. Кейбір ахмади мұсылмандар, мысалы, марқұм Сэр Мухаммад Зафрулла Хан (БҰҰ Бас Ассамблеясы 17-сессиясының Төрағасы, БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық Сотының Қазысы, содан кейін Төрағасы) және доктор Абдус Салам (Нобель сыйлығының жалғыз мұсылман лауреаты, көптеген академиялардың (КСРО ҒА-сы және РҒА-ны қосқанда) шетелдік мүшесі, КСРО Ғылым Академиясының Ломоносов атындағы Алтын медалінің лауреаты) және тағы басқалары адамзат алдындағы елеулі еңбектері мен жетістіктері үшін әлемдік қауымдастыққа құрметпен танылған.

 

Мешіттер.

Ахмадиййа Мұсылман Жамағатының әлемнің әр түкпірінде 20 000-нан астам мешіті бар. Лондондағы ең алғашқы мешітті ахмади-мұсылмандар 1924 жылы салды. Жамағат бүгінгі күні Еуропаның басқа да  маңызды қалалары – Гаагада, Гетеборгте, Копенгагенде, Франкфуртта және Цюрихте – осылардың әрқайсысында ең бірінші мешіттерді тұрғызуымен қызғаныш тудыратындай дәрежеде ерекшеленіп тұр. Испанияда, бес ғасыр бұрын аяқталған мұсылмандық биліктен кейін, 1982 жылы онда алғашқы мешіт тұрғызылды. Тағы бір алғашқы мешіттің бірінші кірпіші 1983 жылы Австралияның Сидней қаласында қаланып, соңынан тұрғызылған. Ахмадиййа Мұсылман Жамағаты 1994 жылдың қазан айында АҚШ-тың Вашингтон метрополиясында ең ірі мешіт салды. Шығыста көрнекті мешіт болып табылатын Рабва қаласындағы Мәсжид Ақса мешіті, ол мінәжат етушілерінің санына қарай Азиядағы ең ірі жабық мешіт саналады. Жер шарының әр бөліктеріндегі осындай мешіттер үнемі, жыл сайын көбейіп келеді. Қазіргі уақытта, мысалы, жеке алынған Германияда Жамағат өз мешіттерінің санын жүзге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Телекөрсетілім.

Ахмадиййа Мұсылман Жамағаты Ислам тарихында, тіпті дін тарихында «Эм-Ти-Эй Интернэшнл» (MTA International) деп аталатын дүниежүзілік жалғыз діни спутниктік телеарнаны ашты. Ахмадиййа Мұсылман Интернэшнл Телекөрсетілімі жарнамасыз, әуенсіз, тек діни, танымдық-тәрбиелік, мәдени, отбасылық және денсаулық сақтау хабарларын тәулігіне 24 сағат бойы бүкіл жер шарына әр уақытта 30 тілде, және бір мезгілде 6-8 тілде (ағылшын, урду, араб, француз, неміс, орыс және т.б. тілдерінде) келесі спутниктер арқылы таратады:

ТМД / Қазақстан Hotbird 7A және Asiasat 3S

Еуропа / Таяу Шығыс Hotbird 7A

Солтүстік Еуропа Eurobird 1

Азия AsiaSat 3S

Орталық және Оңтүстік Атлантика HispaSat 1C

Солтүстік Америка AMC-3

Оңтүстік Америка Intelsat 806

Африка Eutelsat W3A

Интернет: www.alislam.org/mta.

 

Қасиетті Құранның әртүрлі тілдерге аударылуы және баспадан жарық көруі.

Исламды насихаттаудағы Жамағаттың құрметпен ұсынатын үлкен қызметтерінің бірі Қасиетті Құранды әртүрлі тілдерге аударып, жарыққа шығаруы болып табылады. Ахмадиййа Жамағаты Қасиетті Құранды әлемнің 60-тан астам тіліне аударды және енді 40-қа жуық аударма қазіргі уақытта іске асырылып және басуға дайындық жасалып жатыр. Ахмадиййа аудармаларының дәрежесі мен сапасына әлемнің жетекші мұсылман және мұсылман емес ғалымдары мақтануға тұрарлық деп таныған.

 

Газеттер мен журналдар.

Жамағат  әлемнің 15-тей тілінде, оның ішінде: ағылшын, араб, бенгал, испан, малай, неміс, поляк, үрду, француз, орыс және т.б. тілдерінде 50-ден астам газеттер мен журналдарды шығарады.

 

Басқа да әдебиеттер.

Ахмадиййа Жамағаты сонымен қатар Ислам әдебиеті саласына да айтарлықтай үлесін қосты. Тартымды әдебиет адамның қызығушылығын тудыратын және кең ауқымды қажеттілігін қанағаттандыратын тақырыптарда әлемнің маңызды саналатын әрбір тілінде басылады деуге болады. Аударма жасалатын тілдердің саны 130-дан асып отыр. Қасиетті Құран мен Мұхаммед Пайғамбардың өсиет сөздерінен басқа, осы әдебиеттердің басты өзегі Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад жазған 85-тен астам кітабынан, Халифтердің жүздеген кітаптарынан және көптеген ахмади ғалымдардың ғылыми-ағартушылық еңбектерінің орасан көп санынан тұрады. Мысалы, БҰҰ Бас Ассамблеясының бұрынғы сессия Төрағасы, БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық Сотының бұрынғы Төрағасы – Мухаммад Зафрулла Хан, шынайы ағартушылық еңбектер жазуымен және бірқатар еңбектерді ағылшын тіліне аударуы арқылы осы бір игілікті іске өз үлесін қосқан.

 

Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызмет.

Қаражатының шектеулілігіне қарамастан, Жамағат жүздеген қайырымдылық білім беру және медицина мекемелерін ашу қажеттігінен бас тартқан жоқ. Піл Сүйегі Жағалауы, Гамбия, Гана, Заир, Үндістан, Либерия, Нигерия, Пәкістан, Сьерра Леон және Уганда сияқты мемлекеттерде үлкен жұмыс атқарылды. Олардың жұмыстарының керемет сапасы және жан аямай қызмет ету рухы барлық жерде ерекше аталуда.

 

Адамдарды біртұтас ғаламдық бауырластыққа біріктіру.

Бүкіл әлемге тарала отырып, Ахмадиййа Жамағаты Жер шарының әртүрлі халықтары арасында ғаламдық сүйіспеншілік пен бауырластықтың түйінін түйді. Бұл кезекті тартымды идея ғана емес, бұл өте жанды және белсенді де, үдемелі құбылыс. Осы бір игілі жетістікке жетудің жолында – түр түсі, нәсілі немесе ұлтына орай туындаған, - ешқандай араздықтар көлденең тұра алмайды. Әлемнің барлық жерінде Жамағат адамдарды біріктіру ісінде шын ынтасымен беріле және шаршамастан еңбектеніп келеді. Бір ғасыр бұрын-ақ Жамағат жаңа заманда алғашқы болып дінаралық келісім жиналысын ұйымдастыра бастаған: ол жиналыстарда әр конфессияның өкілі басқа діннің және оның негізін салушысының оң қасиеттері жайында баяндама жасап, қатысып отырған діндердің әрқайсысы бойынша міндетті түрде осындай баяндама жасалуына ықпал етті. Біздің қазіргі уақытымызда ондай жиналыстар жер жүзі бойынша өткізіледі. Осылайша, Жамағат жиналыс өткізілетін әр елде дінаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтып, сол арқылы бүкіл әлемде дінаралық және конфессияаралық келісімді орнықтыруға үлес қосып отыр.

 

Нұрым Тайбек, дінтанушы

 

Дәйексөздер алынған дереккөздер:

 

1.  ‛Алляма ибн Са’д. Ат-табакату-л-кубра. 3-т. Дару-с-садр, Бейрут. 39-бет.

2.  ‛Алляма ибн Каййим. Заду-л-ма’ад фи худда хаури-л-‛ибад. 1-т. Низам,

Канпур. 302-б.

3.   Дата Ганж Хужвири. Кашфу-л-махжуб. Кашмири базар, Лахор. 317-б.

4.   Бұхари. Сахих. Китабу-т-тафсир. Әл-маида сүресі. Баб ма жаа Аллаһ

мин баһира.

5.   Бұхари. Сахих. Китаб-л-манакиб, Баб фазли Әбу Бәкір.

6.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Барахин-и-Ахмадиййа. 5-бөл. // Рухани

Хазаин. 23-т. Мүбарак Саки, Лондон. 1984. 375-б. 21-сілтеме.

7.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изаля ауһам. 437-б. // Рухани Хазаин. 3-т.

Мүбарак Саки, Лондон. 1984. – 634-б.

8.  Мазахиру-л-хакк, шарх мишкат әл-масабих. 4-т. 381-б. Нашрият Ислам,

Лахор.

9.   Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Хамамату-л-бушра. 14-б. Сілтеме. // Рухани

Хазаин. 7-т. Мүбарак Саки, Лондон. 1984. – 309-310-беттер.

10. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Сат баччан. Сілтеме ішіндегі сілтеме. 164-б.

// Рухани Хазаин. 10-т. Мүбарак Саки, Лондон. 1984. – 192-бет.

11. Мауляна ‛Аляу-д-дин ‛әли Муттаки. Канзу-л-‛уммал. 3-т. 110-б.

Муассасат ар-рисаля.

12. Канзу-л-‛уммал.  2-т. 26-б. Низамийа энциклопедиясы, Хайдарабад.

13. Ахмад бин Ханбал. Муснад. – 3-т. – 76-б. Дару-л-фикр ал-‛араби.

14. Ас-сафи шарх усул әл-кафи. – 20-21-б. Мунши Нау Лакшор. Лакхнау.

15. Ибн Мажа. Сунан. Китабу икамати-с-салят. Баб ма йа’кул байна-с-

саждатайн.

16. А) ‛Алляма Мухвммад бин Жарир ат-Табари. Тафсир Жами‛у-л-байан.

3-т. 290-б.  Мустафа Әл-Баби әл-Халаби, Мысыр.

Ә) Бихару-л-анвар. 16-т. 144-б. Муассисату-л-вафа, Бейрут, Ливан.

17. Бұхари. Сахих. Китабу-т-тафсир. Ар-Рахман сүресі.

18. ‛Алляма ибн ‛Араби. Тафсиру-л-Кур’ани-л-Карим. 1-т. 296-б. Дару-л-

Андалус. Бейрут.

19.  А) ‛Алляма әбу Бәкір Байхаки. (Үм. 458 ж.с.). Даляилю-н-набувва. 1-бөл.

438-б. Лажна ихйау уммахат кутуб ас-сунна. 1970.

Ә) ‛Алляма Вахиди. (Үм. 468 ж.с.). Асбабу-н-нузул. 61-б. Дару-л-фикр.

Бейрут.

20.  Сахих Бұхари. Китаб фазаили-л-Мәдина, баб ла йадхулу-д-дәжжәл фи-л-

Мәдина.

21.  Мазахиру-л-хакк, шарх мишкати-л-масабих. 4-т. 359-б. Аламгир Пресс

Лахор.

22.  Мауляна ‛Алляма ибн Хажар Хайсми. Әл-фатава әл-хадисиййа. 2-т.

147-б. Мустафа әл-Баби әл-Халаби. 1979.

23.  ‛Алляма Йусуф бин Яхья әл-Мукаддаси аш-Шафи‛и (7-ғас.). ‛Акду-д-

Дурар фи акбар әл-мунтазир. – 41-б. 1-басылым.

24.  Әбу Дауд. Сунан. Ктабу-л-мәһди. № 7-хадис.

25.  Мирза Башир ахмад. Сирату-л-мәһди. – 2-т. 122-бет.

26.  Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Китабу-л-бариийа. 268-б. Сілтеме. // Рухани

Хазаин. 13-т. Мүбарак Саки, Лондон. 1984. 307-бет.

27.  Асхад-и-Ахмад. 2-т. 172-б. Құрастырушы – Мәлик Садаху-д-дин М.А.

28. Имам Хаким. Мустадрак. 4-т. 428-б. Мактаба ан-наср әл-хадисиййа, Рияд.

29. Миркату-л-мафатих, шарк мишкат әл-масабих. 5-т. 185-б. Мактаба

Маймуниийа, Мысыр.

30. Тирмизи. Сунан. Абвабул-фитан. Баб ма жаа фи хулюлил-масхи вал-

хасфи.

31. Ан-нажму-с-сакиб. 2-т. 209-б. Ахмади Патна Мугалпура.

32. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Изаля аухам. 186-б. // Рухани Хазаин. –

3-т. Мүбарак Саки, Лондон. 1984. – 190-б.

33.  Құраннан келтірілген дәйексөздер сүре:аят ретінде түзілген: мысалы, 2:5     – 2-сүре, 5-аят.  Кез келген сүренің (1 және 9-дан басқа) кез келген      аятының нөмірі Ахмадиййа Жамағаты (басқа да Ислам қауымдары) іске       асырған Құран басылымдарында, басқаларға қарағанда, сол аяттың бір      нөмірі артық беріледі, өйткені ахмади мұсылмандар (басқа мұсылмандар да) Құранның бастапқы нөмірленуін ұстанады, яғни Би-смилләһи-р-Рахмани-р-Рахим(и) аятын 1-сүреде ғана емес, әр сүренің (ол жоқ 9-сүреден басқа) бірінші аяты деп санайды. Ханафийлік имамдар да, имам Шафи‛и  және т.б. сондай пікірді ұстанады.

34. Қараңыз: Әбу Жа‛фар Мухаммад ибн Жарир ат-Табари. Китаб жами‛

әл-байан фи тафсир әл-Кур’ан. 21-т. Булак, 1323-1329 жж. сақталған.

492-б.

35. Қараңыз: Әбу Жа‛фар Мухаммад ибн Жарир ат-Табари. Китаб жами‛

әл-байан фи тафсир әл-Кур’ан. 28-т. Булак, 1323-1329 жж. сақталған.

492-б.

36. Мазхари. Тафсиру-л-Кур’ан. – 4-т. Дели: Фаруки Пресс, [б.г.], 374-б.

37. ‛Алляма Табриси. Тафсир Мажму‛а-ул-байан фи тафсири-л- Кур’ан. 5-т.

Бейрут: Ахйау-т-тарас әл-‛араби, [б.г.],  461-б.

38. Хазірет Мирза Ғұлам Ахмад. Китабу-л-бариййа. // Рухани Хазаин. 13-т.

Лондон: Мүбарак Саки, 1984. 1-366-беттер.

39. Профессор Салих Аладдин. Чанд ор сураж гарехен. – Лахор, 1991, 92-б.

40. Хафиз Әбу Абдуллах Наим бин Хаммад. Китабу-л-фитан. Баб фи

сирати-л-мәһди уа адлюху. 98-б. (‛Алляма Йусуф бин Йахйа. ‛Акду-д-

дурар фи ахбари-л-мунтазир сүрелері. – 35-б. Мактаба алиму-л-фикр.

Каир).

41. ‛Алляма ибн Хажр Хайсми. Әл-каулю-л-мухтасар фи алямати-л-

махдийи-л-мунтазир. – 27-б. Мактабату-л-Кур’ан.  – Каир,

Булак, Кумаш, 3-үй.

 

Пайдаланылған әдебиет:

 
  1. Артемьев А.И., Тайбектеги Н. Откуда родом ваххабизм? (Современные течения в Исламе и религиозный экстремизм: история, реалии, проблемы). // Мысль. – Алматы. 2000. – № 8-9. – 28-34-беттер.
  2. Тайбектеги Н. Вклад религиозных конфессий в межнациональное согласие и прогресс (на примере Всемирной Ахмадийской мусульманской общины) // Казахстан на рубеже XXI века: межгосударственные и межнациональные отношения. Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 15-16.05.2001. – Алматы. – 80-83-беттер.
  3. Тайбектеги Н. Из опыта Индии в качестве мировой «кузницы духовного согласия» // Восток – Запад: диалог культур. III Халықаралық симпозиум материалдары. – Алматы. 25-27.10.2001. – II бөлімі. – 192-197-беттер.
  4. Тайбектеги Н. Мирза Ахмад толкует Мухаммеда (Идеология Ахмадийской мусульманской общины) // Мысль. – 2001. № 11. 76-79-беттер.
 

[1] Түзетіле отырып: «Хафиз Музаффар Ахмад. Мәсіх аор Мәһди ғс Мұхаммед Расул Аллаһ сғс ки назар мэ» («Мәсіх және Мәһди ғс Мұхаммед Аллаһтың Елшісінің сғс көзімен») еңбегінен алынған.   IIP LTD. Islamabad UK. 1998. 175-бет. 228-дәйексөз (Кітап аудармасының редакторы – Н. Тайбек).

[2] ғс (арабша: ‛аляйхи/а/им(а) ас-салям): оған (оларға) сәлемет болсын – бұл дұғаны мұсылмандар кез келген пайғамбардың (олардың ішінде Мәсіх-Мәһдидің), Жебірейіл періштенің, Қасиетті Мәриямның есімдері аталғанда қосып айтады.

[3] ра (арабша: рази Аллаһу ‛анһу/а): Аллаһ оған разы болсын – бұл дұғаны мұсылмандар Қасиетті Мұхаммед Пайғамбардың сғс сахаба-серіктестерінің  (немесе басқа бір пайғамбардың сахаба-серіктестерінің) есімдерін айтқан сайын қосып отырады.

[4] А.Р. – аударма редакторы (бұл жерде: бастапқы аударманың редакторы туралы айтылған. – Аудармашы).

[5] Бір нұсқада: Қыдыр (ата).

[6] Сағана – шіркеуде немесе молада өлгендердің мүрдесін қоятын орын. Кей жерлерде «ақым» деп те аталады. – Аудармашы.

[7] Дәжжәл – арабша: өтірікші; антихрист-мәсіх.

 
0
1867
0