Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
05:55, 29 апреля 2013

Бүгін Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау мәселелері қаралды.

Blog post imageКеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Көші-қон полициясы комитеті, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Мемлекет осы құбылысқа тосқауыл қою бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда:  өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы бірқатар халықаралық келісім-шарттар жасалды, адам саудасына тосқауыл қоюды регламенттейтін негізгі халықаралық актілер ратификацияланды. Ұлттық заңнама осы қылмыспен күрестің тиімді шараларын қолдануға, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Бас Прокурор атап өткендей, адам саудасы қоғамдық қауіптің жоғары деңгейіне ие болып отырған қазіргі қоғамның өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда адам саудасының 600-ге жуық құрбаны анықталған. Құқық қорғау органдары адам саудасымен байланысты 1,5 мыңға жуық қылмыс анықтады, 800-ден астам адам сотталды. Жыл сайын осы санаттағы 300-ге жуық қылмыс тіркеледі.

А.Дауылбаев атап көрсеткендей, атқарылып отырған жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз, адам саудасы фактілерін анықтау, ескерту және жолын кесу, қылмыс құрбандарымен жұмыс тәсілдерін өзгерту қажет.

Үйлестіру Кеңесінің мүшелері осы саладағы қалыптасқан жағдайды талдады, мүдделі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын арттыру, адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, қылмыс құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін жасау, тұтастай алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасады. Кезек күттірмес шаралардың қатарында – жедел-іздестіру қызметін күшейту; адам саудасы саласындағы ұйымдасқан қылмысты анықтау бойынша шаралар қабылдау; адам саудасы құрбандары өтініштерінің қаралуының уақтылығы мен заңдылығына қатаң қадағалауды қамтамасыз ету.

А.Дауылбаев адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасын күшейту аясында еңбек және өзге салалардағы қанауға түсу қауіптілігі туралы халықты кеңінен ақпараттандыру жолымен ақпараттық-насихаттық жұмыстың белсенділігін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ ол барлық ұялы байланыс операторлары үшін күні-түні тегін жұмыс істейтін «11616» сенім телефонының жұмысын жолға қоюды тапсырды.

Жиналысқа қатысушылар құқық қорғау органдарының адам саудасына тосқауыл қою саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдың белсенділігін арттыру маңыздылығын атап көрсетті. Атап айтқанда, Халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу қажеттілігі туралы мәселе талқыланды. Адам саудасының құрбандарына арналған қоғамдық ұйымдар мен баспаналарға қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге облыс әкімдерінің назары аударылды.

Сондай-ақ, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Достастық елдерінің құзіретті органдарымен заңсыз адам трафигіне қатысты әрекет етуші қылмыстық топтар туралы ақпарат алмасу және практикалық өзара іс-қимыл жасасуды жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылдау, бірлескен жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар өткізуді кеңінен қолдану ұсынылды.

 
0
704
0