Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:03, 29 апреля 2013

«Abai.kz» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ж.А.Жүргенбаеванің «Қазақстандық жол» атты мақаласы

Тәуелсіз Қазақстан  жаһандық даму кезеңінде өзінің ішкі және сыртқы жолын айқындаған жас мемлекет. Бүгінгі кезде Қазақстанда жүргізіліп отырған реформалар тәжірбиесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің өздері де мойындап отыр.

Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол - күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар. Біздің үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсіретпестен, нарықтық экономиканың негіздерін жасауға және демократияландыруға бағытталған, түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды.

Егер де «Қазақстандық жол» туралы айтатын болсақ, әрине, бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл - жалпы конституциялық ережелерді ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси да үлгі. Бұл аса бай ауқымды дүние және дәл осы мәселелерде Қазақстан үлгі аларлық мемлекет ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұл табыстар дүние жүзінде және өз ішімізде аса жоғары бағаланып отыр. Еліміздің барлық өңірінде  этностық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдайларда қазақстандық жолды айқындап тұр. Ол өте нәзік тепе-теңдіктен құрылған, сондықтан оны бұзып алу жағдайды тұрақсыздандыруға апарып соғары анық.

Бүгінде халқымыздың даналығы, кеңдігі мен сыйластығының арқасында  этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай қазақ елі өзінде мекен еткен барша  ұлттың ұйысуына негіз болып отыр. Тәуелсіздігіміздің орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың қайраткерлігі мен жүргізіп келе жатқан салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ.

Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстан және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген.

Қандай да бір елдің азаматы болу - әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие. Біз терең дара сипаттағы таңдауымызды жасадық. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу - елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз.

Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады.Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес.

Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесе құру жолында бірге еңбек еттік. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет  Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі - біздің бірлесе еткен еңбегіміздің нәтижесі.

Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылып, Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналды.

Толеранттық жағдай әлеуметтік-экономикалық және саяси ілгері басудың ажырамас шарты болып табылады. Біздің мемлекеттің түрлі конфессиялардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестер, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Атлантикалық Келісім Ұйымы (АКҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕЫҚҰ), Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТСҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ),  Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропа Кеңесі(ЕК) жоғары бағалауда.

Елімізде адамзаттың ортақ игілігі үшін түрлі діндерді ұстанушылардың, халықтар мен мемлекеттердің арасындағы өзара құрметтеуді, түсіністікті және ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған діндер мен мәдениеттер диалогын ілгерілету жолындағы ізгі бастамасы Қазақстанның 2003 жылдан бастап, әр үш жыл сайын өткізіп отыратын «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі» осының айғағы.

Мемлекеттің міндеттерінен туындайтын дін саласындағы әркімнің ар-ождан бостандығына конституциялық құқығын қамтамасыз ету саясаты елдегі ұлттық бірлікке және қоғамдық келісімге бағытталып отыр. Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары - барлық этникалық және конфессиялық топтардың өкілдеріне тең құқықтар беру, сондай-ақ олардың мәдени орталықтары мен діни бірлестіктерінің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазақстанның құқықтық база негізіне барлық азаматтардың этникалық немесе діни ұстанымына қарамастан, құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететін азаматтардың азаматтық және саяси қауымдастығы қалыптасқан.

Қазіргі заманның маңызды міндеттерінің бірі - мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасауының үлгісін жетілдіру. 2011 жылдың 25 қазанында өз күшіне енген Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын қабылдау халықтың рухани өмірін жетілдіру, діни бірлестіктердің қызметін реттеу, мемлекет пен конфессиялардың өзара іс-қимылын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Заңның негізгі ережелерін іске асыру дін саласын құқықтық реттеуге мүмкіндік беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты  одан әрі жетілдіруде себепші факторға айналды.

Жазирадай кең байтақ қазақ жерінде қазақ ұлтымен бірге 130-дан астам ұлт пен этностық топ өкілдері, сонымен қатар 17 конфессия өкілдері достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр, сондай-ақ әрбір халық төл тума мәдениетін, тілін,дінін,ділін сақтап  бақытты ғұмыр кешуде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызында құрылған "Қазақстан халқы Ассамблеясы"барлық азаматтардың этникалық ұстанымы мен діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болу және еркін дамуының қағидаттарына негізделген саясатты іске асырумен қатар, этникааралық қатынастар сондай-ақ, конфессияаралық қатынастар үшін де бірегей ортақ шаңыраққа айналды.

Қазақстан жаһандық және ұлттық, дінаралық деңгейде пайда болатын сынақтар мен қауіп-қатерлер аясында туындаған сұрақтарды үздіксіз талқылап, өз мүддесін негізге ала отырып оңтайлы шешімдер шығарып, қолданысқа енгізуі  қажет. Аталған игілікті істерді жүзеге асырылып, орындалуында  2013 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін «Қазақстан-ортақ үйіміз» атты халықаралық конференциясының үлесі зор.

Ары қарай, жаһандану кезеңіндегі «Қазақстандық жолдың» тағы бір өлшемі - қауіпсіздік. Ядролық қарусызданудан, аймақтықжәне әлемдік державалармен шекараны анықтаудан, лаңкестікпен күресуден және әскери-саяси топтардан бастап, жеке адамның қауіпсіздігіне дейінгі мєселелердіңбарлығы - осы жүріп өткен үлкен жолдың белестері. Әрине, бұл жетістіктер мен елеулі табыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Елбасы еліміз үшін күрделі және қиын кезеңде оның аяғынан тік тұрып кетіп,  тұрақты дамуы үшін жауапкершілікпен қызмет атқарды. Ол бейбітшілік пен келісім, кемел даму мен тұрақтылықты арқалаған гүлдену мен табысқа қол жеткізуге асыққан тәжірибелі лидер. Өткен 20 жыл ішінде еліміз  үлкен саяси, әлеуметтік, инновациялық дамудың шыңдарына жетті.

Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күйкешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр. Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.

Осының барлығы мемлекеттен ке­сім­ді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан­да әлеу­меттік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне жақындады.Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалып­тары тұрақты түрде жоғарылады. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игі­лік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан-2030 стратегиясы  мен мемлекеттік бағдарламаларда басты бағытәлеу­меттік-экономикалық жаңғыру болып табылады. Ал әлеуметтік мәселелерді кейінгеқалдыруға болмайды. Бұл, өз кезегінде, жаһандық дау­ыл­дарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұ­рақ­сыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағ­дайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді.Біздің елдеәлеу­мет­тік саясат орнықты, ары қарай даму  үшін тағы не істеу керек?

Бүгінгі таңда  өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұ­тыну­шы­лық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі.Тұтынудың бұл идеологиясыбүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табу керек.Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамыидеясы болып табылады.Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо­ми­калық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес,адам­ның еңбегімен жасалады. Сондықтан Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту саясатының негізішынайы өндірістік еңбек болып табылады. Мұны жүзеге асыратын жол, Еңбекпен қамту - 2020, Бизнестің жол картасы - 2020, Аумақтарды дамыту, «Қол жетімді баспана - 2020»,  Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламалары. Еліміздің ертеңгі жарқын болашағын жүзеге асыратын да, негізін құрайтын да білімді, парасатты, білікті, мәдениетті жастар. 2004 жылығы «Мемлекеттік жастар саясаты ту­ралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында жас маманның мәр­тебесін құқықтық тұрғыдан  айқындау,оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер қарастырылған. 2012 жылдың соңына дейін жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлену үстінде. Басты бағыт - жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру.

Қазақстанда әлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттық дәуірде жүзеге асуда. Бұл факторды міндетті түрде ескеру қажет. Жаңғырту үдерісі, біріншіден, бүкіл қа­зақ­стандық социумды ақпараттық қоғам жағдайына бастауы тиіс, ол әлемдік дамудың трендіне толық сәйкес келеді. Және екіншіден, Қазақстанда экономиканың, әлеуметтік жүйе мен саясаттың бұлжымас дамуының маңызды факторы бола алатындай ақпараттық-мәдени орта құру қажет.Қазақстанда ақпараттық технологиялар ре­кордтық қарқынмен дамуда. Ақпараттық кеңістікті - коммуникациялық желілер мен Бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі БАҚ) цифрландыру жоғары қарқынмен жүруде. Қоғамда халықтың басым көпшілігі интернет желілерін үздіксіз пайдалануда. Іс жүзінде Қазақстан мемлекеті қоғамды жаппай компьютерлендіруге жақындатып  келеді.Бүгінде ақпараттық фактордың барлық өскелең рөлін ескере отырып, «Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлейтін уақыт жетті.

Қазақстан  даму үрдісі барсында әлемдегі халықаралық ұйымдарға мүше болумен қатар төрағалық істерді қолға алып, тәжірибесімен  бөліскен, сонымен қатар,  халықаралық экономикалық көрмелерді өткізетін елге айналды. Қазақстан 2010 жылы  ЕҚЫҰ-на төрағалық жасай  отырып біз іс жүзінде барлық әріптестеріміздің кең қолдауымен  ЕҚЫҰ-ның  бекіткен жоспарын ілгері жылжытып жүзеге асыра алдық. Қазақстандық төрағалықтың шешуші міндеті қауіпсіздіктің іргелі мәселелері бойынша консенсус алаңын кеңейту және нығайту болды. Біз ЕҚЫҰ-ға барлық қатысушылардың қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сынақтарды түсінуінде ортақ көзқарас қалыптастыру үдерістерін жалғастырдық. Мұның қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді сезінуде үйлесімді іс-қимылдар іздестіру үшін және, тұтастай алғанда, Ұйым ішіндегі сенімді нығайту үшін маңызы ерекше зор болды.

Қазақстан БҰҰ, АКҰ, ЕК, ШЫҰ, ТМД, ИКҰ және басқа беделді жаһандық және өңірлік құрылымдар өкілдерінің консультацияларын өткізу арқылы елдер аралық үнқатысуларды кеңейтіп, бұл үдеріске инновация енгізді. ЕҚЫҰ-ның саяси аренасында ортақ және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік түсінігі берік орнықты. Қазақстан Ұйымның барлық үш себебі бойынша дәйекті жұмыс жүргізді. Қарулануға және сенім шараларына бақылау режімін жандандыру мен нығайту бойынша ұжымдық күш-жігер жаңа серпінге ие болды.

ЕҚЫҰ пішіні шеңберінде «сүрленіп тасталған» жанжалдарды реттеудің келіссөз үдерістері көкейкестілендірілді. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде ЕҚЫҰ-ның жанжалдарды ескерту мен олардың алдын алу, дағдарысты жағдайларды басқару мен жанжалдардан соңғы оңалту салаларының әлеуетін нығайтты. Таулы Қарабақ жанжалын реттеу, Қырғызстандағы саяси дағдарысты шешуге белсене қатысты. Қазақстан осы елдегі жағдайды тұрақтандыруда, ішкі жанжалдар салдарынан болған экономикалық шығындарды қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды. Қазақстан  ЕҚЫҰ-дағы әріптестерімізді Ауғанстандағы ахуалды бейбіт реттеу үдерісіне, оның экономикалық жағынан еңсе тіктеуіне қазіргіден де белсендірек қатысуға шақырды. Қазақ елі аталған елге кең көлемді көмегін ұсынды. Біздің елімізде шамамен бір мың жас ауғандықты аса қажетті бейбіт мамандықтарға оқыту үшін қаржы бөлінді. Азық-түлік беру жүзеге асырылды. Қазақстанның Ауғанстандағы проблемалар түйінін шешудегі үлесі ЕҚЫҰ-ның барлық елдері үшін үлгі болып табылады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы басқа мемлекеттердің  Орталық Азиядағы бірқатар қауіпсіздік мәселелеріне назарын аудартты.Атап айтқанда, біз Арал проблемасы бойынша  конференция өткізіп, ЕҚЫҰ пішінінде су ресурстарынан тапшылық көріп отырған өңірдің су проблемаларын реттеудің құқықтық халықаралық негізі ретінде «Су және құқық» бағдарламаларын қабылдау идеясын ілгері жылжыттық. Бұл Қазақстанның жаһандық үрдістерді, ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық себеті мазмұнын есепке алғанда, жаңғыртуға қосқан үлесі болды.Бүтіндей алғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы,  ЕҚЫҰ-ның бүкіл жұмысына ырғақтылық берді. Біз осынау жоғары миссияны атқаруға үлкен жауапкершілікпен келдік және өз алдымызға қойған мақсаттарды толық жүзеге асырдық. 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның  Саммитінде сөйлеген сөздерінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары,  делегациялар жетекшілері біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі жігерлі іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Өз тәуелсіздігінің белең-алаңында Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан толықтай бас тартқан, Еуразиядағы интеграция идеясын белсенді алға апарушы Қазақстан өзін тағы да әлемдік қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретінде көрсетті. ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен Саммитінің Қазақстанға оң ықпалын тигізгенін де атап айтпасқа болмайды.  Ол біздің халқымызды топтастырды,  аса  зор күрделі міндеттерді шешу және ең жоғары мақсаттарға жету қабілетіне деген сенімді нығайтты.  Біз әлемдік қоғамдастық алдында жауапты, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда тиянақты әрі белсенді екенімізді көрсеттік. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті  ЕҚЫҰ тарихындағы  күрделі  кезеңге  қорытынды  жасады. Ол Ұйым үшін болашаққа есік ашып, оның жаңғыруына тамаша мүмкіндік берді. ИКҰ мүше-мемлекеттері 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на және 2011-2012 жылдары ИКҰ Кеңесіне Төрағалық етуін қолдады.

ИКҰ тарихына тоқталып кететін болсақ, ИКҰ құрамында төрт континенттен 57 мүше-мемлекет бар, БҰҰ-нан кейінгі 2-үлкен үкіметаралық ұйымдардың бірі. Бұл ұйым қызметі - мұсылман әлемінің біртұтас ойын білдіруге, мұсылмандардың қызығушылықтарын қорғауға және барлық ұлттар мен адамзат арасындағы келісім мен бейбітшілікті қолдауға бағытталған. ИКҰ  1969 жылы Рабат саммиті кезінде құрылды. Ислам конференциясы сыртқы істер министрлерінің алғашқы мәжілісі 1970 жылы Джидде қаласында өтіп, қорытындысында осы қалада тұрақты хатшылығы құрылды.  Құрылған уақытынан бері ИКҰ-на мүше мемлекеттердің саны 25-тен 57-ге жетті. Ұйымның қазіргі уақыттағы негізгі мақсаттары  ислам құндылықтарын сақтау, мұсылмандарға қатысты дискриминацияға жол бермеу және мұсылман мемлекеттеріне қатысты дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ат салысу.

2005 жылдың желтоқсан айында Мекка қаласында өткен  ИКҰ-ның  жоғарғы деңгейдегі кезектен тыс 3-сессиясында ИКҰ-ның 10-жылдық іс-әрекет бағдарламасы белгіленді. Бағдарламаның негізгі бағыттары ынтымақтастықты нығайту, технология, реформа, білім,сауда салаларын дамыту және мұсылман әлеміндегі адам құықтары мен биліктің ашықтығын қамтамасыз ету.  2010 жыл шеңберінде Қазақстанның ресми өкілдері мен елшілері өздерінің шетелдік сапарлары барысында Орталық Азия республикасының төрағалық етуі  барлық 57 мүше мемлекет үшін тиімді деп ИКҰ-на маңызды мүше-мемлекеттеріне мәлімдеген болатын.

Қазақстанның батыл да, әрі көреген көсбасшысы бар, сонымен қатар халықаралық шаралар өткізуде тәжірибесі мол және ИКҰ-ның басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға үлес қосуда мүмкіндігі зор. 38-Сессияның негізгі мақсаты ұйымға мүше мемлекеттер арасында сауда және инвестиция саласының дамуына ықпал ету, сонымен қатар, әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ұйымның бағыттарын қалыптастыру.Қазақстан бүгінде экономикасы орнықты және тұрақты ел.

Қазақстан жерінде жаһандық іс-шаралар үздіксіз өтуде. Қазақ елі жақында ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығына ие болды. Бұл отандық экономиканың дамуына, ииновациялық дамуға, орнықты экология мен «жасыл» экономиканы енгізуге зор мүмкіндіктер тудыратын сәт.

Жоғарыда аталған анық бағыттар, Қазақстанның даму бағдары және ел Президентінің болашаққа деген ұшқыр ұмтылысы, қазақ елін қоршаған жаһандық әлемдегі даму триумфына жету жолында өз қазақстандық жолын салып берді.

 

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» жетекші ғылыми қызметкері  Ж.А.Жүргенбаева

http://abai.kz/content/zhanna-zh-rgenbaeva-kazakstandyk-zhol

   
0
1040
0