Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:44, 26 апреля 2013

Жамбыл облысында әскер қатарына шақырылушыларды шығарып салу салтанаты болып өтті

Blog post image«Көктем -2012» әскер қатарына шақыру науқаны аясында әскер қатарына шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Бұл іс-шараны Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының  басшылығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Шығарып салу «Баласағұн» концерт залында өткізілді. Салтанатты рәсімнің басты кейіпкерлері ретінде әскер қатарына шақырылушылар қызмет алдында насихат сөздер мен тілектерді тыңдау үшін сахнаға көтерілді. Арнайы келген ата-аналар мен дос-жарандар залдағы көрерменге айналды.

Қазіргі уақытта әскер қатарына шақырылып отырған 100 шақырылушыдан Құрлық әскерлеріне, Республикалық ұланға, ТЖМ бөлімшелеріне, ҰҚК Шекара қызметіне жіберу үшін алты команда жасақталған. Оларды шығарып салуға тек ата-аналары ғана емес, облыстық әкімдіктің, ардагерлер кеңесінің және басқа да ұйымдардың өкілдері де келді.

Жас жігіттерге қызметте табыс тілей отырып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскелерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов бұл шығарып салудың барша еліміз үшін мерекелік оқиғалар: Отан қорғаушылар күні мен Жауынгерлік парад қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті.

Генерал-майор Талғат Қойбақов: Сендер өз әскери бөлімдеріңізге жеткен уақытта, Жамбыл облысындағы «Отар» 40-әскери базасында, сендердің туған жерлеріңде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихындағы тұңғыш Жауынгерлік парад өтеді. Өз туған өңірлерің мен төл Армиямыз үшін мақтаныш сезімі сендердің жауынгерлік рухтарыңды нығайтып, мерзімді қызмет атқару барысында әскери мамандықтарды табысты игеруге үлкен күш-қуат береріне кәміл сенемін, – деп өз пікірін білдірді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
592
0