Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:19, 23 апреля 2013

ПІКІР АЛМАСУ

Сәлеметсіздер!!!

Қазіргі әлемдегі білім әлеуметтануындағы әлеуметтік желілердің рөлін анықтау мақсатында ғылыми мақала дайындап жатқан жайым бар. Осы ізденіс барысында SWOT-талдау жобасы жасалған еді және оның нәтижелері төмендегідей болды.

Бұл ойларға өз ойларыңызды қоссаңыздар??! Мүмкін ұмытып бара жатқан мәселелер де бар шығар...

Әлеуметтік желілердің жағымды жақтары: компьютерлік сауаттылықтың жоғарылығына байланысты ақпарат алу, алмасу жылдамдығы артады; халықтың билік органдары блогтарына хабарласуы арқылы кері және өзара байланыс орнатуға жол ашылады; іздестіру жүйелері арқылы кез келген тақырыпта ақпарат алу және пайдалану; тиімді пайдаланған жағдайда білімін толықтыру; сыныптастар мен курстастарын, ескі достарын табу және хабарласу; тек компьютер арқылы ғана емес, ұялы телефондар арқылы да желіге ену; өз мүддеңе сай келетін азаматпен виртуалды тілдесу.

Әлеуметтік желілердің жағымсыз жақтары: бос уақыттың жұмсалуы; оппоненттің манипуляциялық тәсілдеріне мән бермей, алдауына түсу; ақпараттың ақиқаты мен жалғандығын айыра алмау, кез келген ақпараттың ұсынылуы; қоғам құндылықтарына жатпайтын лас сөздерді пайдалану, теріс пиғылды азаматтардың өз мүддесін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктің болуы; ақпаратты кез келген тұлғаның өз мүддесі үшін пайдалануы; толықтай электронды бағыныштылық;

Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері: ақпарат алмасуда сурет, бейне, блогтар мен микроблогтар, қауымдастық, чат және т.б. көздер арқылы қажетті мәліметтерді кеңінен пайдалану; өз профиліңді құру және автор туралы мәлімет ұсыну; мүдделері бойынша ортақ виртуалды достармен қатар, өмірдегі достар, туысқандар, әріптестер, сыныптастар мен курстастар бірлестігін құру; халық пен мемлекет арасындағы өзара байланысты блогтар арқылы күшейтеді; кез келген жерде қажетті ақпаратты өз уақытында алу және пайдалану.

Әлеуметтік желілердің қатерлері: орналастырылған ақпаратты кез келген азамат оңай тауып және өз қажетіне пайдалана алады; ұсынылған ақпаратты жұмыс берушілер, ата-ана, балалары, қылмыскерлер, құқық қорғау органдары кез келген шараларға қолдана алады; әлеуметтік желілерге тәуелділік; ауызша, жазылмаған заңдар басшылыққа алынады; заңнамалық базаның әлсіздігі; виртуалды тілдесуге байланысты сөйлеу, ақпараттың жылдам алынуы және жеке ізденістің жоқтығына байланысты ойлау қабілеті кемиді, дүниетанымы төмендейді; компьютерлік тролльдер қақпаны түсу.

0
3533
0