Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
00:52, 23 апреля 2013

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Австрия Республикасына сапары аясында Австрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Йоганнес Кирлемен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар құқық саласындағы ынтымақтастықтың белсенділігін одан әрі арттыру болашағын талқылады. Қазақстан делегациясы сапарының орнатылған жемісті өзара қарым-қатынастарды әрі қарай нығайту мен құқықтық жүйелердің даму тәжірибесімен алмасу үшін маңызды қадам болып табылатыны атап өтілді.

Осы бағытта Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы төрт конвенциясына қосылуы жөніндегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. А.Дауылбаев Қазақстанның заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы барлық халықаралық стандарттарға  сәйкес келу үшін серпінді дамып және жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Осыған орай,  еуропалық конвенцияларға қосылу аталған мақсаттарды жүзеге асыруға толығымен себепші болады.

Й.Кирле қонағына сапары үшін алғысын білдіріп, Австрия тарапы а.ж. қарашасынан бастап Еуропалық Кеңеске төрағалық ететінін және осы тұрғыда Қазақстанның аталмыш конвенцияларға қосылуына көмек көрсететіні туралы хабарлады. Сонымен қатар, ол екіжақты үлгідегі ынтымақтастықты Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт жасасу жолымен тереңдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Австрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы өзара сенім принциптері негізінде екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі артатынына үміт білдірді.

0
259
0