Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
02:47, 19 апреля 2013

Домбыра...

Домбыра тарту қолдан келмесе де, қос ішектен шыққан қасиетті үнге ғашықпын. Белгілі жазушы, драматург, дәулескер (дәстүрлі) күйші Таласбек Әсемқұловтың орындауындағы «Алшағыр», «Молқара», «Сылқылдақ», «Жеңеше», «Кемеңгер» атты күйлерді тыңдап, қазақтың қасиетті қара домбырасына арнап қолға қалам алуға тура келді. Blog post image

Күй тартшы, қане!

Мейірімді қандырып.

Қос ішектен шықсын күй,

Құлақта жүрсін жаңғырып!

Көкке де жетсін, күмбірің,

Даланы кезсін қаңғырып!

Алаштан асқан ұста жоқ,

Ағаштан тапқан бақытын,

Жасасын домбыра, мәңгілік!

 

Күмбір-күмбір үніңнен!

О, домбыра, сен ғана!

Қазаққа пайда сіңірген!!!

Тұлпарлардың шабысын,

Өзендердің ағысын,

Түзде жортқан тағысын,

Аңға ерткен тазысын,

Күйге салып күмбірлеп,

Әнге салып әлпештеп,

Әлдилейтін сен ғана!

 

Дабыл менен қомыздың,

Сырнай менен қобыздың

Алдына түсіп асқақтап,

Аспаптардан көш бастап...

Ескі үйдің төрінде,

Ілулі тұрған домбырам!

 

Үш ғасыр ғана жасаған

Гитара озды бәйгеден,

Тұлпардың түсіп алдына!

Тамыры терең домбырам,

Аяқтан біреу шалды ма?!

Білемісің, домбыра?

Гитара сенен үлгі алған!

(Ұрысың сен, гитара),

Ұлысың сен, Домбыра!

 

Қазақтан басқа халықтың,

Домбыраға аса ебі жоқ!

Домбырада қос ішек,

Гитараның шегі көп,

Қанша мықты болса да,

Домбырадай ТЕГІ жоқ!

Тектісің сен, домбырам!!!

 

Домбыраға тіл бітер,

Қолына түссе күйшінің.

Қазақтан асқан сорлы жоқ,

Ұға алмай кетсе күй-сырын!

Қазақтың емі күй ғана!

Қазақтың емі күй ғана!

   
2
2631
1