Шохан: «Мен үшін махаббат — бақыт кілті»

«Екпін» журналы қазіргі жастар үні мен тынысынан әрдайым хабардар болып, оны оқырманға жеткізіп отыруға тырысады. Қазірде қазақ жастары арасында қазақша рэп тыңдармандары көбейіп келеді. Қазрэптің жарқын өкілдері AshҚазақPro, Жақаумен сіздерді таныстырып үлгердік. Енді бүгін тағы да бір рэп майталманы, бас қала Астанамызды таныстырып жүрген, рэп оқуда өзінің ерекше техникасымен көптеген тыңдармандарын баурап алған Шоханмен таныс болайық. Сондай-ақ бүгінгі ғашықтар күніне орай Шоханмен бірге оның сүйікті жары Сабинаны да әңгімеге тартып, махаббат жайлы сөз қозғадық.


— Сәлем, Шоқан! Алдымен әңгімемізді шығармашылығыңнан бастасақ. Қазір рэп сен үшін жұмыс па әлде хобби ме?

— Негізі рэп айтуды мектеп бітіріп жатқан кезде бастағанмын. Брейк биімен әуестенгеннен басталды ғой бәрі. Сол кезде рэп хобби болатын. Бірақ хобби бола тұра, концерттерге шығып, бейнебаян түсіріп жүргендіктен, жастар арасында тыңдармандарым көбейе бастады. Олардың әр концертте мені жақсы қарсы алып жатқандары маған талпыныс берді. Сол себепті ол хобби дәрежесінен бастапқы жұмыс дәрежесіне көтерілді.

Қазірде жұмысым тек қана рэп айтумен шектелмейді, басқа рэперлерге бейнебаяндар түсірумен, студияда дыбыс жазу, өңдеумен айналысамын.

— Тек қана рэп айтумен күн көруге бола ма?

— Болады. Егер рэпердің ерекшелігі, басқалардан өзгешелігі болса. Егер халыққа берерің болса, онда саған деген сұраныс жоғарылайды. Сұраныс болған жерде, табыс та болады. Алайда ол, әрине, 50 Cent, Eminem сияқты бай болып кетесің деген емес. Ондай біздің елде мүмкін емес қазір. Бір жағынан продюсерсіз әрекет ету біршама қиындық туғызады. Бірақ бүгінде ақырындап өз күшімізбен алға жылжып келеміз. Өз-өзімізге продюсер болып жүрміз. Ағаларға барып, өзіңді таныстырып, әрекет етесің. Кейде өзіңді таныстыру да бір түрлі көрінеді. Мақтанып жатқандай боласың.

— Концерттер жиі болып тұратын шығар?

— Иә, қазірде менің концерт беретін аймақтарым негізінен Оңтүстік жақ. Бұрында Павлодар, Көкшетау, Өскемен, Бурабай жерлерінен шықпасақ, соңғы кездері көбінесе Қызылорда, Шиелі, Қазалы, Байқоңыр, Жетісай, Тараз өңірлері болып кетті. Ол жақтарда қазақша сөйлейтін халық көп болғаннан кейін сұраныс көбейді.

— Ал өзің қай жерде туылдың?

— Негізі туылған жерім Ресейдің Санкт-Петербург қаласы. Бірақ бір жасымнан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында өстім. 7-сыныптан кейін Астанаға оқуға келіп, осында қалдым.

— Қазақша рэп айтудың тіл мәселесіне тигізіп жатқан әсері бар ма?

— Қазақша рэптің қазақ тілі дамуына қосып жатқан үлесі бар деп ойлаймын. Өйткені осы жақтағы орыс достарым қазақ рэпінің айтылу техникасына қызығады. «На вашем языке тоже оказывается можно рэп читать» деп таң қалады. Өз тілін менсінбейтін, сөйлемейтін қазақ жастарының өздері де «біздің тіл заманауи бола алады екен» деп жатады. Қазақ тілінің көптеген сөздерін сәнді бағытта естіген кезде тілге деген қызығушылықтары арта бастағанын көрдік.

— «Әке мен бала» қақтығысы әр кезде болған ғой. Аға буын кейінгі ұрпақты түсінбей жатады. «Хабар» арнасындағы ток-шоудан соны айқын түсінгендей болдық...

— Бағдарламадағы көптеген ағалар сендер ақындардың өлеңдерін оқыңдар, онда мағына бар деп бізге үйреткендей болды. Бірақ біздің өлеңдерде де мағына жоқ емес. Негізі біздің жақсы тексттерімізді талқыламай қойды олар. Сахна сыртында ол ағалар «ойбай, біз рэп туралы түк білмейміз, не айтамыз? Рэп деген не?» деп не айтарларын білмей тұрғанын өз көзіммен көрдім. Әйтеуір ойдан шығарып, сендер қарсы боласыңдар дегеннен кейін бір нәрсе айтып жатты. Енді ол шоу ғой.

Біздің мәтіндерде өзіміз күнделікті қоладанатын сөздер ғана бар, ондағы мақсатымыз өз замандасымызға түсінікті болу. Қиыннан қиыстыратын болсақ, бізді тыңдарманымыз түсінбей қалады, тыңдамайды да. Рэп пен поэзия екі түрлі нәрсе. Осыны түсіну керек. Рэпте кейде бір қатардың өзінде 15-16 сөзге дейін жетіп жатады. Ол төрт шумақты өлеңге мүлде ұқсамайды.. Өлең рэп емес, рэп өлең емес.

— Рэп жасаудағы басты мақсатың қандай? Тыңдарманыңа жеткізер идея, ұстанымың бар ма?

— Ең алдымен, рэп айту маған ұнайды. Осы өнерге ғашықпын. Екіншіден, мектеп кезінде Шымкенттен Астанаға көшіп келдім. Орысша білмейтінмін. Балалар мені «орысша білмейтін мамбетсің» деп жабылып ұратын. Сонда неге бір қазақтың баласы екінші қазақ бауырына «сен қазақша сөйлеме, бұл Астана, бұл солтүстік аймақ, бұл жерде орыс тілі сәнде » деп соққыға алады? Бұл жағдай намысыма тиетін. Оларға әрқашан қарсы тұратынмын. Сол себепті осы рэпті бастағанымда, қазақ тілінің сәнде, оның керек екенін өзіммен жасты жастарға, іні-қарындастарыма жеткізгім келді. Өз басымнан өткен жағдай сияқты, «сен қазақша сөйлеме, ол ескі тіл» деген мазақтауалар болмау үшін, қазақ тілін көне тілге жатқызып жібермеу үшін осының бір көмегі болар деп ойлаймын. Рэп деген тіл дамуының мыңдаған құралдарының тек бірі ғана.

— Рэптің болашағын қалай елестетесің?

— Қазіргі таңда рэпер көбейіп кетті. Ресейдің Драго деген рэпері: «қазір кімнің аузы бар, сол рэп айтатын болып кетті» дейді (күліп). 5-6 жыл бұрынғымен салыстырғанда рэп дамып келе жатыр. Шын мәнінде тыңдармандар көбейіп, үлкен концерттер жиналып жатыр. Мысалы, алдында бір «Біз» деген бағдарламаға қатысқанмын. Тақырып ән туралы болды, тек соңында ғана мен рэп туралы сөз қозғап жібердім. Сонда сол жерде шаршап отырған жастар, үлкендер өздері шапалақтап, шулап, ысқырып қолдау көрсетіп кетті. Содан-ақ рэптің жаңа өнер ретінде бір серпініс әкелгенін көрдім. Оның болашағы бар, 15-20 жылдан кейін рэп шоу-бизнеске толықтай кіреді. Қазірше бізді «сендерге болмайды» деп, аяқпен теуіп жатқандай.

— Рэперлер бас қосқанда осындай мәселелерді талқылайсыңдар ма?

— Жақау бауырым, Қызылорда жақтан Саддам, Шымкенттен Баллер, Баги бауырлармен бас қосамыз. Бірігіп жақсы дүниелер жасауға кірісіп жатырмыз. Жақында Жақаумен «Діл мен тіл» деген тақырыпта жаңа ән шығады.

— Жалпы рэп саласының деңгейге көтерілуі үшін рэперлерге бір арнада, біріге жұмыс істеуі керек шығар. Ал сендердің керісінше баттл, айтыстарыңның пайдасы бар ма?

— Баттл деген бұрында Қазақстанда болмаған. Ол пайда болуының өзімен қызықты болды. Батыста Жақау, Алматыда Шыңғыс, мына жақта мен, т.б. көптеген рэперлер баттл, дисс, айтыс жасаған себебі — рэпке назар аударту. Рэп өнері деген алдын ала жазып, дайын нәрсені айтып беру емес, ол қазақтың айтысы сияқты суырыпсалма өнері. Сол себепті біздің дисстердің жастарды қаратуға көмегі тиді. Бір-бірімен қырылысып жатыр екен деп тыңдармандар интернетті қоймай іздеді, негізі бір жарылыс болды. Бірақ ол кездері біз боқауыз, жаман сөздерді қолданып кеттік. Ол кезде бізге басымыздан нұқып, айтуға болмайды дейтін аға да болған жоқ.

— Қазірде сол боқауыз сөздерді айтқандарың қате деп ойлайсың ба?

— Иә, боқауыз сөздер қателік болды. Бірақ дисс деген қате болмады. Өйткені жастар тапқырлығымен айтысты. Бір-бірін балағаттамай, өнерімен озу керек болды. Жаман сөз айтып, әркім көтеріліп кете алады. Жақсыны көрсету қиынырақ. Қазірде бірақ ол әрекеттерді қойдық, балалық қой. Бұрында айтысып жүрген Жақау бауырымызбен жақсы араласып тұрамыз, мысалы. Бірақ өнерде де, өмірде де араласпайтын адамдар бар. Әркім өз қатесін біледі.

— Тыңдармандарыңа жақын арада қандай жаңалықтар дайындап жатырсың?

— Өлеңдерің азайып жатыр дегенді көп еститін болдым соңғы кезде. Бұрынғыдай асығып шығару деген жоқ қазір, асықпай ойланып-толғанып 2-3 аптадай тыңдап қойып, өңдеп жаңа деңгейде өлеңдер дайындап жатырмын. Аллаға шүкір, қазір «Муззон» арнасында ЖанСакс, Сабина үшеуіміздің клуб стилінде жазылған Астананың 15 жылдығына арналған әнімізді беріп жатыр. Ол біз үшін жетістік. Сондай-ақ жаңалық: Айдос деген кішкентай кезінен мүгедек болып қалған жігіт екеуіміздің «Талпыныс» деген әнімізге бейнебаян түсірдік. Ол да жақында шығады. Және де өзімнің жеке альбомымды дайындап жатырмын. Ол тыңдармандарға тосын сый болады.

— Енді 15-сәуір ғашықтар күніне орай сіздің біраз жеке өміріңізді де көрсетсек, жұбайыңыз Сабина екеуіңіз қалай таныстыңыздар?

— Студияда таныстық. Кейін бірге ән айтып, концерттерге шығып жүріп араласып, бір-біріміз үшін жаралғанымызды түсіндік. Бас қостық.

Сабина:

— Оны жалпы мен дұрыстап айтып берейін: Шоқанға әнші қыз керек болып, ол продакшнда кастинг жариялаған болатын. Бұған дейін мен бірақ рэпер ретінде оны білмедім. Өзім Астанаға Қарағандыдан жұмыспен келген болатынмын. Сосын хабарламаны көріп қалып, кастингке келгенде алғаш рет таныстық. Кастингте ол мені таңдап, кейін жұмыс істеп кеттік. Алдымен, екеуіміз жақсы дос болдық. Өмірде бір қиындық туындап қалғанда кеңес сұрап оған баратынмын. Оның әр мәселеде терең ойлайтыны маған ұнайтын. Біраз әңгімелесіп, оның ашық ойларын тыңдасам болды, бәрі де түсінікті бола қалып, дұрыс шешім қабылдайтынмын. Уақыт өте келе достықтан махаббат пайда болды.

— Ал Шоқан қалай ұсыныс жасады?

Шоқан:

— Ол негізі қызық болды (күліп). Бір кеште клубта концерт болатын болды. Оның алдында тамақтанып алайық деп, бір кафеге кіре салдық. Манты жеп отырғанда тосыннан «Сабина, маған тұрмысқа шық» деп қалдым. Сабина оны мүлде күткен жоқ еді.

— Отау құрғандарыңызға қанша болды?

— 1 жыл болды, Аллаға шүкір.

— Сабина, сен де әншісің, екі өнер адамына бірге тұру қиын емес пе?

— Мен үшін қиын емес. Керісінше, біз бір-бірімізді өнер адамы ретінде түсінеміз. Бірге жұмыс істеп, гастрольге де бірге шыққандықтан, біз үшін ол тек қана плюс.

Шоқан:

— Телепатиялық түсіністік. Біздің Сабина да көптеген байқаулардың жеңімпазы: «Жас Қанат», «Жастар жұлдыздары», т.б.

Сабина:

— 2 апта бұрын дүниеге қызымыз Риана келді (сұхбат 2 ай бұрын алынған - ред.). Әкесі есім таңдау ісіне шындап кірісіп, анықтамалар оқып, мұсылманша мағына беретін есім таңдады.

Шоқан:

— Бейсенбіден жұмаға қараған түні және де Пайғамбарымыздың туған күнінен кейін туылған соң, Аллаға ризашылығымызды білдіріп атын Риана деп қойдық. Риана есімінің жұмақтың гүлі, көзі ашық, т.б. жақсы мағыналары көп.

— Жас ата-ана рөліне үйреніп қалдыңыздар ма?

Сабина:

— Алғашқы күндері, әрине, қиын болды. Өйткені өзім жаспын (Сабина 23-те - ред.), анам Қарағандыда, қасымда көмектесер жақыным болмады. Бірақ қазірде енді мен анамын деген ойға үйренісіп, біраз жеңілдеп қалдым. Әкеміздің көмегімен, әрине.

Шоқан:

— Маған әке рөлі қиын болмады. Өйткені бұған дейін Бекнұр, Нұрайым деген екі нәрестем бар.

— Махаббат сіздер үшін...?

Сабина:

— Махаббат деген сүйген адамыңсыз өмір сүре алмау. Әрдайым оны көргің, сезгің келіп тұру. Және де әрине бір-біріңе қамқор болу, сену.

Шоқан:

— Мен үшін махаббат — бақыт кілті.

— Шоқанның мінезі қандай?

Сабина:

— Оны танымайтын адамға мінезі ауыр болып көрінуі мүмкін. Ал мен үшін оның мінезі мінсіз, маған бәрі жағады. Ең бастысы, ер мінезді, өз позициясын, көзқарасын қорғай алады. Бірақ отбасына, маған келгенде басқаша. Үйде де көп шешімді ол қабылдайды. Менің де сөзіме құлақ түріп, егер ойымды дұрыс деп тапса, қолдайды.

— Ал Шоқанның қыз тыңдармандары мазаламайды ма?

— Кейде көшеде кетіп бара жатқанда қыздар келіп суретке түсуін өтініп жатады. Ондай кезде мен керісінше ол үшін қуанамын. Өйткені тыңдармандарының сүйіспеншілігінен ол риза болады. Оның риза болғаны мені қуантпай қоймайды. Мүмкін, ең басында, енді ғана жүріп жүрген кезде біраз қызғану болған шығар, бірақ қазірде жақын адамың болып кеткеннен кейін толықтай сенім бар.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Фото автордікі

_________________________________________________________________________

Материалды өзге сайттарға көшіруге редакцияның рұқсатынсыз жол берілмейді

Алия Arsik
15 сәуір 2013, 10:18
9360

Загрузка...

Пікірлер

Aikona
1
0
тыңдармандарының бірімін, ұнайды маған әндері
smerch
0
0
c характерно профильным высшим образованием)
))) А если честно, Шохану бы стайл изменить, а бы выглядит он не очень презентабельно. Вон например, ди-джей Прашкевич. Кто знает, может быть и был бы у него успех
Все таки не зря же говорят, встречают по одежке...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 25229
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10887
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10425
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 8724
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7188
  • 19
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5857
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5445
  • 36
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
вчера / 13:14
  • 5074
  • 5
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4595
  • 4