Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
2
06:11, 12 апреля 2013

En/Fr=Tr/Kz

Ағылшынша мен французшаның арасындағы айырмашылықтар, меніңше, түрікше мен қазақшада да бар сияқты.

Ағылшыншаны түрікшеге, ал французшаны қазақшаға теңдестіріп көрейік J

  • Сөйлейтін адамдар саны бойынша ағылшынша/французша және түрікше/қазақша  арақатынастары шамамен 5-ке жуық.
  • Һәм ағылшыншада да, һәм түрікшеде француз тілінен еңген сөздер көп.
  • Ағылшынша және түрікше, французша мен қазақшаға қарағанда оңайырақ. Сөздері де, дыбыстары да.
  • Ағылшынша да, түрікше де өз тілдерін тарату үшін көбірек “еңбек” етті.
  • Қазақтар мен француздар жаңа сөздерді шығаруға тапқыр. Түріктер болса бар күйінде ала береді. Ағылшындардың ондай мәселелері жоқ та.
  • Қазақша мен французшада әлі мұрындық дыбыстар бар. Қалған екеуінде олар жоқ.

Бір күні, адамдар түрікшені үлкен аймақпен қарым-қатынас тілі ретінде оқыса, қазақ тілін өздері үшін, қалағандары үшін үйренер деген үміттемін.

Ол үшін тілімізді ең алдымен өзіміз қолдануымыз керек. Кейін, өнерлерімізді дамытып, көрсете білуіміз керек болар. Жалғыз-ақ “Барселона” аяқдоп клубы бар Каталонияға, клубтары тілдерін танытуға, тәуелсіздігі үшін күресуге зор жәрдем етіп жүр. Ал бізде болса, халық өнері бай емес пе? Соған дұрыстап ие болсақ қайтеді?

     
2
413
0