Yvision.kz
kk
SmartShow
SmartShow
207 постов0 подписчиков
SmartShow.kz - казахстанский портал о мобильных технологиях и гаджетах.
8
06:47, 09 апреля 2013

Nokia Lumia 920 смартфонына шолу

Symbian ОЖ-мен қоштасып, Фин компаниясы Nokia өзінің кезекті Nokia Lumia 920 атты жаңа смартфонын ұсынды. Ал "lumia" сөзі, фин тілінен аударғанда "қар" деген мағынаны білдіреді. Сонымен "Қар" сериясынан бүгін біз 920 моделімен жақынырақ танысамыз.

Blog post image

Техникалық сипаттамасы және құрамы

Nokia Lumia 920Samsung Galaxy S III
Kindle_Touch.jpg
Blog post image
Форм-фактормоноблокмоноблок
Операциялық жүйесіWindows Phone 8Android 4.0, 4.1 - ге жаңартуға болады
ПроцессорыQualcomm Snapdragon S4 (2 ядролы), жиілігі 1.5 ГГц, Графика Adreno 225Exynos 4412 (4 ядролы), жиілігі 1.4 ГГц, графикасы Mali-400MP
Жады1 ГБ жедел жады, 32 орнатылған жады, кеңейтуге мүмкіндік жоқ1 ГБ Жедел жады, 16/32/64 ГБ орнатылған жады, +microSD (до 64 ГБ)
Байланыс түрлеріGSM/GPRS/EDGE, UMTS, HSPA, LTE, W-CDMAGSM/GPRS/EDGE, UMTS, HSPA, LTE
Wi-FiБарБар
ДисплейIPS, диагоналі — 4.5 дюйм, кеңейтілімі — 786х1280Super AMOLED, диагоналі — 4.8 дюйм, кеңейтілімі — 720х1280
ИнтерфейстеріUSB 2.0, HDMI, Bluetooth 3.1, GPS/ГЛОНАСС, NFCUSB 2.0, HDMI, Bluetooth 4.0, GPS/ГЛОНАСС, NFC
Камера

Баста камера — 8.7 Мп, автофокус, FHD-видео, сурет стабилизациясы;

Баста камера — 8 Мп, автофокус, FHD-видео;

АккумуляторLi-ion 2000 мАчLi-ion 2100 мАч
Өлшемі және салмағы134.4 x 69.9 x 8.9 мм, 135 г136.6 x 70.6 x 8.6 мм, 133 г
Бағасыорташа бағасы - 94000 тгорташа бағасы - 80000 тг
 

Дизайн және жинақтамасы

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Қорабы қарапайым қазіргі смартфондар секілді. Ал дизайн ерекше екені бізге мәлім. Nokia Lumia 920 өзінің жарқын фирмалық дизайнымен ерекшеленеді. Поликорбонаттан жасалынған корпус кездейсоқ соққылардан қорғап қана қойма, сондай-ақ қолға ұстаған кезде өте ыңғайлылық тудырады. Ал корпустың ішінде, сымсыз заряд алуға арналған, Qi стандарты бойынша жасалынған, арнайы катушка бар. Бұл жаңа қосымша, қарапайым сыммен зарядтанудан 10% - ға ғана аз жұмыс жасайды, ал процессті әлдеқайда оңайлатады. Lumia батырмалары циркон керамикасынан жасалынған. Бұл материал, аса жоғары бекемділік және басқан кездегі ыңғайлылықты бере алады.

 

Интерфейс және бағдарламалық жасақтама

Nokia Lumia 920 смартфонында орнатылған операциялық жүйе Windows Phone 8. Windows Phone 7 ден бері келе жатқан жаңа интерфейс, Modern Style.

Blog post imageBlog post image
Blog post imageBlog post image
Blog post imageBlog post image

 

Орнатылған бағдарламалар және интернет дүкені

Office

"Офис" өзімен бірге тегін жүретін бағдарлама. Бұл дегеніміз, құжаттармен, "презентация" және кестелермен жұмыс жасайтын адамдарға өте ыңғайлы. Компьтеріңізден жүктеп немесе дәл осы бағдарламаның ішінде жаңасын ашу арқылы, жұмысты әлдеқайда оңай жасай аласыз.

Blog post imageBlog post image
 

Дүкен (бағдарламалар немесе ойындар жүктеу үшін) және ойындар бөлімі

Дүкен әдеттегі бәсекелестерінің дүкендері секілді. Тек интерфейсі әртүрлі. Қазіргі таңда WP 8 операциялық жүйесіне бағдарламалар айтарлықтай көп емес. Уақыт өте келе бұл дүкен де жаңа, пайдалы, әрі қызықты бағдарламаларға толы болатынына сенімдімін.

Жүктеп алған ойындар бағдарламалар тізімінен емес, арнайы ойындар бөлімінен пайда болады.

Blog post imageBlog post image
 

"Nokia Город" бағдарламасы

Қазіргі таңда, бұл бағдарлама Алматы қаласымен де жұмыс жасай алады. Тек жұмыс істеу үшін басты талап, интернеттің болуы.

Blog post image

 

Пернетақта

Nokia Lumia 920 пернетақтасының өзіндік ерекшелігі бар. Жақсы жаңалықтардың бірі, қазақ тілінің болуы. Және Lumia пернетақтасы ақылдырақ болған. Қатеңізді дұрыстап, сөдердің орнына өзінің нұсқасын ұсыну және қатеңізді көрсету деген секілді.

Blog post imageBlog post image
 

Тіл

Өкінішке орай интерфейстің қазақша аудармасы жоқ екен. Тек қана кейбір бөліктері ғана қазақ тіліне аударылған. Болашақта, жаңартулармен бірге, қазақ тілі де толық еніп қалар деген үміттемін.

Blog post image

 

Экран

Экран, жоғарыда көрсетіп кеткенімдей, IPS және пикселдер санының дюймға қатынасы жоғары. Кеңейтілімі 768х1280. PPI шамамен 332-ге тең.

Экранның басты артықшылықтарының бірі, қатты денелерді қабылдай алуы. Бұл мүмкіндік қыстың суық күндері қолғап арқылы басқаруға жол береді.

Blog post image

Blog post image

 

Камера

Nokia Luma 920 камерасы 8,7 Мп. Қос жарық диоды.

Нокияның камерасы жайлы біраз шу болды. PureView технологиясын қолдану арқылы смартфон аса жоғары сапаға ие. Суреттер шынымен өте жоғары сапада, төменде сілтеме арқылы суреттерді жүктей аласыз.

Оптикалық тұрақтандыру видеоның сапасына өте қатты жауап береді. Менің білуімше, тұрақтандыру тек қана видео емес, сондай-ақ фотоның сапасын да жақсартады.

Nokia Lumia 920 смартфоны арқылы түсірілген суреттер

 

Zune

Тағы да бір жақсы жаңалық. Енді смартфонға файлдарды жіберу үшін, USB арқылы компьютерге қоссаңыз жеткілікті. Егер де сіз операциялық жүйенің 7.х нұсқасын қолданған болсаңыз, файлдарды жай ғана жазу мүмкін болмайтынын білетін болу керексіз. ОЖ-нің 8 нұсқасында бұл ыңғайсыздық шешілді. Енді, өлең, фото, файлдар немесе видеоны оп оңай жаза аласыз.

 

Жұмыс істеу уақыты

Аса жоғары жүктеме кезінде смартфон шамамен 7-8 сағат жұмыс жасайды. Ал ғаламтордағы ақпаратқа сүйенетін болсақ, Nokia Lumia 920 күту режімінде 400 сағат, сөйлесу режімінде 17 сағат, ал әуен тыңдау кезінде шамамен 67 сағат жұмыс жасай алады. Бұл көрсеткіштер қазіргі таңның смартфондарымен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш.

 

Айтылмай кеткен қосымшалары

Бұл қосымшаларды тексеруге мүмкіндік болмағандықтан, сіздерге жай ғана қандай түрлері бар екенін жазып кетейін. Олар жайлы ғаламторда біраз мақалалар жазылған.

Олар:

1) Сымсыз заряд алу

2) NFC модуль

3) Фотобағдарламалар

4) Видео жазу және ойнату

...

 

Үкім

Nokia нарықта өзінің орнын қайтадан көрсетті. Басқа нарық лидерлерінен еш қалыспай тағы да бір өте тамаша смартфонын ұсынып кетті. Жеке мен өзім бала кезімнен бері Nokia телефондарымен өсіп келемін. Ал смартфонның бұл моделі менің үмітімді толық ақтап шықты.

 

- Сатып алуға жарайды ма?

- Алуға болады, және көптеген түстер арасынан өзіңізге лайықтысын таңдай аласыз.

 

UPD: Қазақ Тілі бар. Және өте жақсы аударылған. Тек менднгі нұсқасында болмай қалған секілді, бірақ байқамай қалуым да мүмкін.

(с) Alisher Toiguliyev SmartShow үшін

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін SmartShop.kz интернет-дүкеніне алғысын білдіреді.

 
8