• 89084
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ерен туған Ер Бекзатты Анкара қазақ жастары еске алды (ФОТО)

Анкара. 8 сәуір. Baq.kz – Қазақ спортының құлагері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, ұлттық мақтанышымыз Бекзат Сейілханұлы Саттарханов тірі болғанында үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде өзінің 33 жасқа толған туылған күнін қалың елінің ортасында аман-есен атап өтер еді... Жиырма жасында шаршы алаңда қарсыластарына есе бермей есеңгіретіп, Олимп шыңын бағындырған дарабоздың рухына тағзым ету мақсатында «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің мүшелері еске алу кешін өткізді. Бұл туралы бірлестіктің баспасөз бөлімінен Мырзахан Байболов хабарлап отыр.

Басқосуда алыптарды алқындырған аламанда алтыннан алқа тағынып, көк байрағымызды биікте желбіреткен өрен жүйріктің спорт әлемінің табалдырығын аттауынан бастап, Сиднейдегі ақсарбас айтқызып, ақ түйенің қарны жарылған, қуаныштан көздің жасын ыршытқан тарихи сәтке дейінгі жеңісті жолы байыппен баяндалды. 
Көрнекті режиссер Сатыбалды Текеевтің «БЕКЗАТ» деректі фильмінің назарға ұсынылуы – келелі кештің маңызын кемерінен асырды. Бәйшешек ғұмырлы батырдың былғары қолғапты өнердің сиқырына елітген бозбала шағынан ұлт мерейін тасытып, өшпес даңққа кенелген кернеулі кезеңі мен қабырғаны қайыстырған қазасына дейінгі мерзім шебер суреттелген деректі дүниені тапжылмай тамашалаған жастар батыр Бекзаттың өзімен жүздескендей ғажайып бір күй кешті. 
Айбынымызға айналған арда азаматымыздың көзін көріп, араласу бақыты бұйырған замандастары, түркістандық білімгерлер Жамбыл Ералиев, Ерлан Алашбаев пен Нұржан Абишевтер тебіреніске толы естеліктерін ортаға салды. Дінмұхаммед Әметбек болса, Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқынын» нақышына келтіре шертіп, көңіл пернелерін дөп басты. 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенті, жас ақын Тоқтар Жетпісбайұлы Бекзат ағамызға арналған «Наз» өлеңінде: 
О, ғажайып тәңір берген ұлылық,
Қаталдыққа кетті ме әлде бұғынып.
Жер астында қалай жатыр көміліп,
Жер бетіне сыймай кеткен жұдырық...-деп жырлағанындай, марқұмның рухына құран бағыштаумен қорытындыланған тағылымды кештен соң сайыпқыран саңлақтың күрделі болмысы айқындала, ересен ерлігіне қапысыз құрмет еселене түсті.
Baq.kz үшін арнайы Анкарадан Мырзахан Байболов.

 
nazgulnaz
8 апреля 2013, 17:34
376

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 26109
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10900
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10509
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 8900
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7223
  • 19
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5921
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5527
  • 36
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
вчера / 13:14
  • 5399
  • 5
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09