Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:18, 04 апреля 2013

Қазақша ма әлде орысша ма? Интернационалис пікірінің өзгерілуі

Серікболсын ағам кезінде мені интернационалиспіз деп, арамызда қазақша түсінбейтін бір адам болса да, ол түсіну үшін орысша сөйлеуіміз керек деп үйреткен.
Бүгін, он жыл өткесін арамызда орысша түсінбейтіндер үшін қазақша сөйлеуіміз керек деген пікірге келдім. Неге? Қазақша сөйлемесек, қазақтілділерді шектейміз. Ал орыстілділер үшін дискриминация болмайды. Өйткені он жылдың ішінде кем болғанда "Хабар" жаңалықтарын да тыңдап, тұрмыстағы қазақшаны үйренуге болатын еді. Ал орысша білмейтін шетелден келген отандастар және ауылдың қазақтары үшін, сонымен бірге синхрондық аударма қызметі үшін қыруар ақша жұмсамау үшін, мемлекеттік тілде сөйлегеніміз дұрыс деп ойлаймын.
Сонда да өзімді интернационалиспін деп санаймын. Айтпақшы, "интенационалистің" қазақша баламасы бар ма?

Махамбет Абжан

0
373
1