• 1291
  • 3
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Телефон шыр етеді

 

Телефон шыр етеді, сонда есіме естен кетпес кездесу орала кетеді. Жай ғана кездесу емес, таным көкжиегін кеңейткен кездесу, ойландырған, толғандырған кездесу.

"Нокиа" компаниясы ұйымдастырған тренинг ойдағыдай емес-ау, одан да жоғары дәрежеде өтті. Танымал қалтафон компаниясы тренинг өткізгелі жатыр дегенде, жылтыр жарнамамен шығарып салар көп жиынның бірі ғой деп ойлағанымды жасырмаймын. Танымал телефон демекші, оны қанша жақсы білеміз дегенімізбен, түк білмейтін болып шыққанымыз қызық болды. "Нокиа" компаниясының тарихы сонау ХІХ ғасырдан бастау алады дегенге таң қалмай көріңіз. Дүниежүзін дүр сілкіндірген алып компания Финляндияның аядай ғана ауылының атын иеленіпті. Оның өзі ойландыратын жайт. Әлемдік брендтердің бірі біздің де бір ауылдың атыман аталса, шіркін! Мұндай тамсандыра ой салдырған жайттар мол болды бұл күні. "Нокианың" 2015 жылға жоспарлаған жаңа шығарылымының өзі керемет емес пе? "Суға салса батпайтын, отқа салса, жанбайтын" нағыз мықтының өзі. Таң қалмасқа шараң жоқ. Десек те, аузымызды айқара ашып қашанғы елдің таңсығын тамашалап отыра береміз деген ой қылтияды. "Адам істегенді-адам істейді" қағидасына салсақ, Қазақ елінен де талай брендтер шығатын уақыт жетпеді ме? Қазірше, Қазақстанның қарапайым халқы қалтафонды қажеттіліктен көрі, қызық дап қана танитынымыз рас. Сөйтсек, оның "крутойлығы" біз ойлағандағыдан да бөлекте екен. Тілін тапсаң, қалтафонмен-ақ көп дүниені тындыруға болатын көрінеді. Кездесуден кейін осыны түйсіндім."N..." "E..." сынды ұялы телефон маркаларының да айтары көп болып шықты. Сол арқылы адам психологиясына бойлауға болады десе, бұрындары сенбеген болар едім. Тренер Ерден ағай "Нокиа" тұтынушылардың барлық тобы мен табын қамтиды дегенді төрт түрлі жағдай арқылы оңай түсіндіріп берді. Білім көкжиегінің кеңейгеніне мысал бұл ғана емес. Тренинг барысында тренерден мол мағлұмат алып үлгердік. Тиянақты, әрі жан-жақты дайындалғаны байқалады. Қазақ тіліне шорқақ дегенге, казакша сойлейді екен десек, орысша ойласа да, қазақша қатырып баяндап берді Ерден ағай. Бастамасы "бес".

Тренингтен кейін алдыңғы ойымның мүлде қате шыққанына қуандым. Үйге қарай асқақ сезімнің жетегінде қайтқаныммен, көп ұзамай көңіл құлазыды. Автобустан далаға көз жібере отырып аппақ армандардың ауылы алыстап сала бергені. Әсіресе, дірдек қағып ұсақ-түйек сатып тұрған әнеу бір бала назарымды аудара берді. Шіркін, дейсің мұндайда. Біз қаныққан жайттан мына бала да хабардар болар ма еді. Сонда әлем қара базардың тар аумағынан баяғыда алыстап кеткенін түсінер еді. Түйсінер еді де, замана тамырының соғысын аңдыр еді. Нанотехнологияларға төрін босатып беріп отырған болашақтың бағдарын бағамдар еді. Сөйтер еді де, өзі де талпынар еді, талаптанар еді. Сонда бәлкім, әлемдік брендтердің бірін қазақтың қарадомалағы ойлап тапты деп жаһанға жар сала сүйінші сұрар ма едік?...Сүйінші демекші, осы жолы журналистиканың, оған жүктелер жауапкершіліктің жеңіл емес екенін мойындағандай болдым. Қарапайым халыққа көп жайтты ұғындырар журналистің қалам атты қаруы емес пе? Демек, халықтың көзі ашылып, көкірегі оянуы үшін қаламгер қайраткерлер мүлгіп кетпеуі керек екен. Есте мәңгілік сақтайтын жайт. Қалтафонның журналист үшін таптырмайтын құрал екенін айттық.Тетіктің тілін табармыз-ау, замананың аңдысын аңди алар ма екенбіз? Осы ойландырады.

Бағымыз бер екен.Оңтүстік Шығыс Азия елі бойынша бұл тренинг алғаш рет біз үшін ұйымдастырылыпты. Сосын бірінші рет туған тілімізде.

Зәулім сарайдың жарық әрі кең бөлмесінде ұйымдастырылған кездесуден көп ой түйіп қайттық. Ғимараттың есігін итере жапқан сәттен жаңашыл сезімнің, жаңа түсініктің, жаңа технологиялар әлемінің, жаңа заманның есігі айқара ашылғандай болды. Асхат ағайға мың да бір рахмет!

 

16 марта 2010, 1:18
1291

Loading...

Комментарии

қарындас, кішкентай кеңес сізге- мұндай көп сөзден адам шошып оқысы келмейді. сіз тексттің көбін каттын астына салсаңыз көбірек адам оқитын еді
Кеңесіңізге көп рахмет. Болашақта міндетті түрде ескеретін боламын.
жарайсын Еркеназ

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12130
  • 24
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 7059
  • 96
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5989
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 5086
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4216
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3998
  • 18
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3548
  • 18
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
вчера / 16:01
  • 3220
  • 3
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3359
  • 14