Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 03 апреля 2013

Орыс Африкада да орыс

Blog post image

Мәселені Ресейдің өзінен бастайыншы. 2009 жылы Москваға жолым түсті. Орыстың қыздарын айтсаңшы... STOP! Сұлулық туралы айтайын деп тұрғам жоқ ))). Жігіттерімен салыстырғанда қыздары темекіні көп шегеді екен. Ал жігіттерінің негізгі кәсібі сыра. Солай бола тұра орыстар расымен кітапты көп оқиды екен. Метро дейсіз бе, асхана дейсіз бе кітап құшақтаған, есеп шығарып отырған жастар. Шуриктің киносын әр көрген сайын: "Мынау енді өтірік қой",-дейтінмін. Жоқ, расымен оқымысты екен олар. Қақпағы ашық тұрған құдықтан аттап өтіп кетпесе де, жатпай-тұрмай оқып қалғандар. Бірін айтып біріне кетіп қалып жатырмын-ау. Егер дүкенде жақсы өтетін зат бар болса, ол сыра екен. Кеш бата сала, жұмыстан соң, жапа тармағай сыралатады екен. Осы үрдіс Қызылорда да солай. Жалпы орыс жүрген жерде, қақталған балық, кильки, сыра, шошқа еті қатар жүреді-ау. Күні кеше Қапшағайда болып қайттым. Көлдің жағасы тағы орыс. Тағы сыра, тағы темекі. Қазақтар сирек. Жалпы қазақтар қашан да дүние жинаудың соңында жүреді ғой. Өзі ауру болса да, үйіне диван алғысы келіп отырады. Ал орыстар күтініп қалған халық. Дүние күл болмаса, бүл болсын деп, өздерінің денсаулықтарын қалпына келтіруге тырысады. Қалпына келтіруге тырысады деуімнің себебін айтайын енді. Жас кезінде өздерін әбден темекі-арақпен өлтіріп, ал қартайған шағында дария бойлап жүгіріп жүргендері. Бірақ, деймін-ау қазекең де бұл әдеттен ада емес ғой. Орекеңдер кәрілік тиіп жүгіріп жүргенде, қазекең сол жасқа жетпей қылжиып қалады. Норма жоқ ғой! Допингті көптеу қабылдап қояды да. Құрып кетсін сол темекі мен арақтың НОРМАсы!

Еркебұлан Ерлен

0
424
1