Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:43, 01 апреля 2013

Қызылорда-Алматы

Blog post image

Тағы да сол Алматы. Жеткізбес жол. Уақыт кері жүріп жатқандай. Орал-Алматы бағытындағы пойыз үй төбесі көрінсе тоқтай береді. Бір түнді әзер өткізіп, шәй ішіп отырғам. Қарама-қарсы орында жасы егде тартқан орыс кісі ұйқысынан оянды. Кешелі бері сол кісіге назарым ауып келеді. Өзі бір сөйлесе тоқтамайды. Киімі жұпыны. Балықшылардың арнайы киімін жанына іліп қойыпты. Кісіні киімін

е қарап қарсы алып, сөзіне қарай сыйлайтын халықтың ұлымын ғой ))). Сөйтсем, бұл балықшым елбасымыз Н.Әбішұлының кластасы болып шықпасы бар ма.
Әңгіме енді басталды. "Қай жерге келдік өзі?",-деді әлгі орыс. "Жуалы ғой",-дедім. "Б.Момышұлы туылған ауыл. Білемісіз оны?" -Білемін деді. Сонан ұзын сонар әңгіме басталды. "Өзім Фабричныйда тұрамын"-деп бастаған әңгіме ұзаққа созылды. Көп ғибратты әңгімелер айтты. Назарбаевтың әке-шешесінің қалай танысқанынан бастап қызықты әңгімелер баяндады. Елбасымызды шексіз жақсы көретіні көрініп-ақ тұр. Жаза берсем, баяндама болып кететін шығар. Ол кісінің Еркебұлан деп атымды айтуға тілі келмей "Еркен" дей берейінші деді. Мен бірінші Алматыдан түсетін болғасын, әттең десіп қалды ол да. Айтпақшы Елбасымыз жайлы повест жазыпты. Өз көзімен көрген білгенін. Бала күндерін. Жақында жарыққа шығып қалар деді. Повест "Алмаға толы қалта" деп аталады. Тек орыс тілінде. Мүмкін бұдан соң да көрісерміз дейді маған. Нұрсұлтан ағамен бірге ойнаған, бір ауылда өскен ол кісінің алақанын қысып тұрып қоштастым. Кәдімгідей қимастық болды. Орысқа деген қимастық! Қызық! Өмірді қойсаңшы, қайдағы кездесу? Өмір қысқа! Оны бәріміз білеміз. Ал тағдыр әрқилы! Бір ауылда бірге асық ойнаған балалардың бірі елбасы бірі жәй ғана зейнеткер. Ғалым болмасаң болма, тек адам бол деген. Мен көрген бұл қарттың көзі ашық екен.

 
0
598
0