Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:36, 01 апреля 2013

Итермей тұршы...

Blog post image

Қоғамдық көлік-мәдениет орны. Күніне кемінде төрт рет автобусқа отыратын болғандықтан болар, онда айтылатын барлық фразаларды жатқа соғатын болдым ;-). Автобус іші әдетте тыныш. Тек кондуктор аялдаманы хабарлап отырады. Әр хабарында екі адам түссе (егер түссе) орнына төрт адам мінеді. Қайтсін бәрі жұмысқа асығыс. Адам лық толғанда аяқ киіміңді көрудің өзі мұң болады. Өз кеудеңді көріп тұрсаң соған да рахмет! Осы сәттен бастап жолаушылардан маза кетеді де әр-әр жерден мынадай дауыстар естіле бастайды: "көзіңе қарасай!", "итермей тұршы!", "әрі тұршы!", "тоңқаймай тұршы!", "аяғым", "қолым", "қысылдым", "артын енді ашпа!", "ақшадан өлген бұлар!", "сексеуіл тиеп келе жатсың ба?", "мал тиеп келе жатсың ба?", "қазіргі жастар орын бермейді", "маған орын бересің ба, балам?", "сен ана жерден ұсташ, маған кедергі жасап тұрсың", "сен ыңғайсыз тұрып қалдың ше, я әрі, я бері тұршы", "анау өтірік ұйықтап отыр, мынау өтірік терезеге қарап отыр", "ұятсыз!", "көргенсіз!", "жүрсей!, жұмыстан қалдық " т.т. Ал өз кезегінде кондукторлар: "Жастар үлкендерге орын берейік!", "я. Өлдім ақшадан", "ұнамаса таксиге мін", "кешіксең ерте шықпайсың ба?", "Апа бәрі жұмысқа асығып бара жатыр, мен мін деп қинап жатқам жоқ", "түсетіндер жақындай берсін", (жүргізуге қарап) "артта 18 келе жатыр, басыңқырап отыр", "апа, біз уақытпен келе жатырмыз, асықсаң түсіп қал".

Еркебұлан Ерлен

0
1308
2