Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:10, 30 марта 2013

Бал биінің тарихы қайдан шыққан екен?

ДОСТАР))БАЛ БИІНІҢ ТАРИХЫ ҚАЙДАН БАСТАЛАДЫ ЕКЕН?

Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды. Бал биі әр елде түрлі ұлттық өрнекке ие болып, үздіксіз өзгеріп отырды. Оның көпшілік арасында кең өріс алған бурре, гавот, аллеманда, жига, сарабанда сияқты түрлері пайда болды. Бұлардың ішінен, әсіресе, менуэт кең танылды. 1961 жылы Парижде Би академиясы ашылып, ол Бал биінің стилін (еркін биге тыйым салу, салтанаттылық, бишілердің дәрежесіне сай белгілі тәртіпті сақтау, т.б.) жүйеге түсірді. Осыдан кейін би мектептерінде Бал биінен арнаулы сабақ өтетін болды. 18 ғасырда паспье, мюзет, ригодон, контрданс, экоссез, лендлер сияқты еркін орындалатын жаңа билер шықты. Бал биі одан әрі дамып, лендлер, галоп, канкан, мазурка, полька, полонез сияқты түрлері жер-жерге тарады. 19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды. 19 — 20 ғасырларда Бал биінің дамуына Оңтүстік және СолтүстікАмерика елдері елеулі үлес қосты: вальс-бостон, тустат, уанстеп, блюз, фокстрот,чарльстон, т.б. билер пайда болды. Қазақстанда Бал биі саласы бойынша Алматыжоғары би өнері мектебі арнаулы мамандар, бишілер даярлайды. Вальс,жай вальс,танго, твист, мазурка, полька, полонез, фокстрот, чарльстон, краковяк, т.б. билер кең өріс алған.

0
945
0