место в рейтинге
  • 111273
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Таблиғи жамағат – елге жат ағым

2013 жылғы 29 наурызда Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып, «Таблиғи жамағат – елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Аталған шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және тиісті орган өкілдері, ғалым-сарапшылар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдары және шетелдік қонақтар қатысты.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылған және тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының қызметін тоқтатуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуді пысықтау, қоғамдағы исламдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар мен ұйымдардың келеңсіз әрекеттерінің алдын алу мәселелерін жан-жақты талқылау болып табылды.

Конференция барысында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф, Қырғыз Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының директоры А.Жұмабаев, тәжікстандық дінтанушы-ғалым Д.Назиров, Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығы Н.Қалымбетов, «Қазақстан қажылары ассоциациясы» қоғамдық қорының төрағасы Е.Дуанаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Р.Бакиров сөз сөйледі.

Дін істері агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф өз сөзінде Прокуратура органдарының ұсынуымен 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен аталған діни ұйымның Қазақстан аумағындағықызметіне де тыйым салынғанын атап өтті.

Аталмыш сот шешімі Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі осы жат діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені біздің қоғамның бір бөлігінің шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз», - дей отырып, дәстүрлі емес секталар мен жалған діни ағымдардың қызметіне қатаң тосқауыл қою қажеттігіне баса мән берген болатын.

Таблиғшылар Орталық Азия елдерінің барлығында белсенді қызмет атқарып келді. Алайда Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдерінде және Ресей Федерациясында олардың қызметіне тыйым салынғанына біршама уақыт болды.

«Таблиғи жамағат» деструктивті діни ұйымдардың қатарына жатады. Теологиялық жағынан аталған діни ұйым исламның сунниттік бағытын ұстанғанымен, бірқатар ғалым-сарапшылардың пікірінше оның идеологиясы исламның бірқатар қағидаларына қайшы және радикалдық тұрғыдан уахабизмге жақын. Яғни, бұл қозғалыстың идеясы да балама ойлар мен пікірлерді жоққа шығарады. Шындығында, исламның ханафи бағытына мұндай біржақтылық тән емес еді.

Ислам дінін зиянды әсерлерден тазалауды алға тарта отырып, бұл қозғалыс өзге діндердің ғана емес, исламның басқа тармақтарының өмір сүруіне қарсы болу арқылы, дінішілік әрі дінаралық қақтығыстардың туындауына себепкер болмақ.

«Таблиғи жамағат» өз мүшелерін Аллаға бойұсынуға, құлшылықтарды ретімен орындауға, діндестерге құрмет көрсетіп, ислам құндылықтарын насихаттауға үндейді. Дегенмен, таблиғшылар өз ілімінде ислам дінін ұстанушылардың басқалардан артықшылығы туралы ойларды кеңінен насихаттайды. Мұндай идеялардың бұқаралық деңгейде қоғамдық санаға енгізілуі, өз кезегінде, оның мүшелерінің басқа дін өкілдеріне қатынастағы төзімсіздігінің туындауына алып барады. Ең бастысы – зайырлы заңдар мен қағидаларды және қоғамның тарихи-мәдени дәстүрлерін орындаудан алыстатады. Осы ретте айтар болсақ, соңғы 20-30 жыл ішінде таблиғшылардың өзге дін өкілдерін қабылдамауға бейімділігі заманауи әлемдегі діни радикализмнің, экстремизм мен терроризмнің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Негізінен «Таблиғи жамағат» ұйымының ерушілері саналы-санасыз түрде террористер ұстанатынжихадшылық идеологиядан аса ерекшеленбейтін исламдық сенімді ұстанады. Дінге бет бұрып жүрген жас мұсылмандардың басым көпшілігінің діни санасының радикалдануының алғашқы қадамы «Таблиғи жамағат» қатарына қосылудан басталады. Француздық басылымдардың бағалауынша, исламдық экстремисттердің 80 пайызы осы ұйым қатарынан шыққан. «Таблиғи жамағат» ұйымы оқшауланған қозғалыс болып табылады. Оның негізгі орталықтары Үндістанда, Пәкістан мен Бангладеште орналасқан болса, ұйымның бағдарламалары мен нұсқаулары қозғалыс басшыларының шағын тобына ғана белгілі. Мұндай тәсіл ислам қағидаларына қайшы, өйткені дәстүрлі ислам оқшаулану мен соқыр бойұсынушылықты құп көрмейді.

Дін істері Агенттігінде қызмет ететін дінтанушылар таблиғшылардың негізгі кітабы болып табылатын «Фазаил амали» кітабына талдау жұмыстарын жүргізіп, қозғалыстың идеялық негіздері өз мүшелерінің ерік-жігерлерін басып тастауға әрі олардың кәсіби және интеллектуалдық іс-әрекеттерін шектеуге бағытталғанын анықтады. Бұл кітаптың мазмұнында «адамды Алламен байланыстыра алатын» діндар шейхты табу әрі «оған қызмет етіп, өз еркің мен қалауларыңды жоқ етіп оның айтқанымен жүру керектігі және оның әмірлерін бұлжытпай орындау қажеттігі» насихатталады.

Кітапта тіпті отбасының мұқтаждығын өтеуге мұрша бермейтін дәрежеде дінге шексіз қызмет етуге көп көңіл бөлінген. «Таблиғи жамағаттың» идеологиясы бойынша отбасыны қамтамасыз етуге жұмсалатын жұмыс уақыты дін мақсаттарына сәйкес келмейді немесе жеткіліксіз.

Біздің қоғамымызда да «Таблиғи жамағаттың» ізбасарлары «дін тарату» мақсатында отбасыларын тастап кету фактілері орын ала бастауда. Таблиғшылардың отбасыларының ыдырауының, олардың әйелдері мен бала-шағаларының әлеуметтік-экономикалық және рухани тарығушылықтарының себептері осы емес пе? Ал ислам дінімұсылманның өз отбасын бағып-қағуға және жұбайына көңіл бөлуге жұмсаған уақытын ғибадаттың бір түрі деп үйретеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары да азаматтардың отбасыларын бағып-қағуын парыз деп белгілеген.

Соңғы кездері Қазақстандағы «Таблиғи жамағат» белсенділерінің іс-әрекеттері өзінің саяси бейтараптығына қарамастан, ресми қызмет атқарып отырған діни бірлестіктердің құрылымдарына енуге бағытталуда.

Әртүрлі жат діни ағымдар мен секталардан қазақстандық жастарға келетін қаупіне ерекше назар аудара отырып, Дін істері Агенттігі «Таблиғи жамағат» ұйымының іс-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізген талдау жұмыстары 2012 жылы бұл ұйымның Қазақстанның барлық аймақтарында белсенділігін артқандығын, әрі «ұстаздардың» ықпалымен көптеген жастардың аталған ұйымның қатарына қосылуының артқандығын анықтады. Олардың кейбіреулері заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, көпшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда, «Таблиғи жамағат» қозғалысы миссионерлерінің сан ғасырлардан бері мұсылман болып табылатын қазақ халқының арасында белсенді түрде жүргізілуіне сақтықпен қарауымыз керек-ақ. Осы орайда, кез-келген миссионерлік қызметтің өзге дін өкілдеріне бағытталатындығын ескерер болсақ, бұл мәселе өте мұқият назар аударуды қажет ететіндігі сөзсіз.

«Таблиғи жамағат» қызметінің әдістемесін екіге бөліп қарауға болады. Яғни, өз қызметтерін жария түрде атқаруға болатын жағдайда қозғалыс мүшелері миссионерлік әрекеттерді ашық жүргізеді. Ал, қоғам мен мемлекет тарапынан қандай да бір тосқауылдарға ұшыраған жағдайда, олар ұйымдасқан түрде жасырын әрекет етуге көшеді. Осы себептерден болса керек, «Таблиғи жамағат» жақтастарының жихадшылық идеяны ұстанатын топтарға қосылып, кейіннен қарулы қақтығыстарға қатысуы жиі орын алуда. Демек, «Таблиғи жамағат» қозғалысы осы сипаты бойынша террористік және экстремистік ұйымдар мен басқа да заңсыз жауынгерлік жасақтарға «әскер» дайындайтын орта болып табылады.

«Таблиғи жамағат» қозғалысы Қазақстанда қызмет атқарған уақытында ешқашан ресми тіркеулерден өтпей, іс жүзінде белсенді түрде бейресми қызмет атқарып келді. Ал 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң күшіне енгеннен бастап олардың іс-әрекеттері тіпті заңсыз болып табылады. Елімізде әр жылы ондаған таблиғшылар әкімшілік жазаға тартылуда.

Сонымен, «Таблиғижамағаттың» қоғамға қауіп төндіретіні күдіксіз. Бұл қозғалыстың діни ұстанымы қоғамның діни-рухани бөлінуіне себепкер болып, оның мүшелері мен ізбасарларыныңконституциялық құқықтар мен міндеттерді ескермеуі «Таблиғи жамағаттың» деструктивті сипатқа ие екендігін көрсетеді.

Сондықтан, Дін істері Агенттігінің төрағасы Қазақстанда «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметіне тыйым салынуы мемлекет тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дер уақытында қабылданған шара деп санайды.

Конференцияға қатысушылар «Таблиғи жамағат» ұйымының мысалында елімізде тыйым салынған ұйымдардың идеологияларының таралуымен байланысты мәселелерді жан-жақты талқылай отырып, аталған ұйымды қоғамымыз бен мемлекетіміздің мүддесіне зиян тигізетін жат діни ұйым деп тануға шақырды.

Конференцияға қатысушылар ел азаматтарын дінді ұстануда бейбіт қатар өмір сүруіне шақыратын шынайы исламдық құндылықтарды басшылыққа алуға баса назар аудартты. Олар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерді діни экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет ету мен алдын алу бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқару қажеттілігін атап өтті.

 
АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
30 марта 2013, 10:47
303

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5834
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 5676
  • 46
Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
сегодня / 17:54
  • 4818
  • 64
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
сегодня / 14:20
  • 4127
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4405
  • 30
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3779
  • 75
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
вчера / 9:25
  • 3338
  • 13
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Ценители качественной одежды или знаменитой этикетки? К открытию H&M в Алматы

Ценители качественной одежды или знаменитой этикетки? К открытию H&M в Алматы

Это надо же, создать такую кампанию, что за их вещи люди готовы не спать всю ночь, школьники отбирают премию родителей, студенты тратят последнею стипендию!
mukhamedian
19 марта 2017 / 1:04
  • 2260
  • 8