Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:14, 27 марта 2013

Түркиядағы қазақ жастары Мұстафа Өзтүрікті еске алды

ЫСТАМБҰЛ. 11 ақпан. BAQ.KZ – Қазақтың аймаңдай ұлы, даңқты таэквандошы- Мұстафа Өзтүріктің Ыстамбұл қаласының Гүнешлі ауданында жерленгенін өкінішке қарай көпшілік біле бермейді. Тіпті, осында білім алып жатқан жастардың оның басына барып құран оқып қайтқандары некен-саяқ. Осындай олқылықтардың орынын «саналықтар» толтырмақшы,-деп хабарлайды Түркиядағы қазақ жастарының құрған «Сана» интеллектуалды клубының өкілі Ержан Төлек.

Blog post image

Мұстафа Өзтүрік ағамыздың Гүнешліде тұратын бауыры Омар Тәйжімен кездесіп, батырды еске алған жастар танымал спортшының тұрған үйін көріп шықты. «Сана» интеллектуалды клубының өкілдері алда әйгілі таэквандошыға қатысты бірқатар шаралар атқаратын болды. Атап айтқанда, Мұстафа батыр тұрған үйдің қабырғасына естелік тақта орнатқызу, жастарды жиып, зиратының басына барып құран оқу мен киноларын жастарға насихаттау. Омар мырза «саналықтарға» халықтың санасында мәңгі қалатындай етіп Ыстамбұлда бірлесіп әдемі бір Наурыз той өткізсек деген ұсынысын да жеткізді. «Саналықтар» бұған қуана-қуана келісті. Жастар Наурыз мерекесін Ыстамбұлдың ең әсем тарихи жерінде өткіземіз деген үмітпен тарасты.

Айта кетейік, белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман 1954 жылы 23 қарашада Түркияның Қайсері қаласы Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген. Ол тоқсаныншы жылдары таэквондо сынды спорт түрін қазақ топырағына әкеліп, тамыр жайғызған тау тұлғалы азамат, алты алаштың айбынына баланған айбоз ұлы. Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген ол осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан болатын. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашады. Атажұртын аңсап «өз елім!» деп Қазақстанға оралған Өзтүрік 1995 жылы Алматыда көз жұмды.

 
0
504
0