место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жаратылыста әділетсіздікке орын жоқ

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! 

Әділдік - Алла Тағаланың кемел қасиеттерінің бірі болып табылады. Өйткені, Оның мүлтіксіз жаратқан ғаламында артық-кемі жоқ ғажайып тепе-теңдік орныққан. Сондықтанда онда ешқандай да әділетсіздікке орын жоқ. Мұны ақыл иелері ғана жақсы түсінеді. Және, иман келтіргендер ғана оны сөзсіз мойындайды. Сондықтанда олар сабыр етушілер. 

Әркімге де ерте ме, кеш пе өлім сәті жетеді. Сол кезде біреулер өздерінің жаман істерінің жазасын тартпай әділдіктің қармағынан қашып құтылғандай болып тыныш қана көз жұмып жатады. Ал, біреулер болса, керісінше, жақсы істер істеп лайықты өмір сүрсе де бастарынан бейнеті арылмай, күрсінумен арманда өтіп жатады. 

Мұндай жағдай көптеген жандардың өз істеріне өте жауапсыз қарап бетімен кетулеріне себеп болады. Өйткені, бұл тірліктің қисыны бойынша жаман адамның барар жері қараңғы көр, жақсы адамның да барар жері сондай көр. Жаман адамның тартатын жазасы өлім, жақсы адамның алатын сыйы да сол өлім. Өлім сен жақсысың не жамансың, ақылдысың не ақымақсың, бақыттысың не сормаңдайсың, байсың не кедейсің деп алалап, бөліп-жарып жатпайды. Ол бәрін де құшағына алып, бәрін де теңестіреді. Сондықтан да бұл өмірде әділдік жоқ тәрізді көрінеді. Сондықтанда көп адамдар өз әділдіктерін орнатып, қолдан келсе қоныштан басып қалуға тырысады.

Ондай жандар әдетте, өз қалаулары болмаған кездерде, немесе, жапа шегіп, зәбір көрген кездерде ғана әділдік іздеп, шарқ ұра бастайды. Және, ұпай жинап беделін көтергісі келген кездерде ғана әділдіктің жалынды жақтаушысына айналады. Осылайша өз бастарының пайдасы үшін әділдікті ұран қылып екіленген пенделердің бар екпіндері өз шаруаларын түгендеп алған соң сап тиылып, сабаларына түсе қалады. 

Мұндай жандардың әділдікке деген көзқарастары пендешілік ауанымен үнемі құбылып отырады. Өздеріне зиян әкелген кезде әділетсіздік деп қатаң айыптаған нәрселерін олар өздеріне пайда әкеле бастаған кездерде әділдік деп қызу дәлелдеп бастапқы пікірлерінен оп-оңай айнып шыға келеді. Өздері пайданың үстінде болған кездерде ондай жандарға әділдіктің көк тиынға да қажеті жоқ. Керісінше, олар әділдік атаулыны еш шімірікпестен белден басатын болады. Ал, әділдік іздеген әрбір кісі олардың жолына тұрған адам ретінде қас жауына айналады. 

Мұндай жандар әділдікке өз тұрғыларынан ғана қарап «Анада бар, менде жоқ, анау ақымды жеді, мен желіндім, анау маған қорлық көрсетті, мен қорландым. Бұл неткен әділетсіздік !»- деп қатты назаланады. Ал, «Менде неге жоқ, мен неге желіндім, мен неге зорлық көрдім»-деп ойланып, оның себебіне терең бойлап, жауап табуға мүлде құмартпайды. Керісінше, өздерін жазықсыз жапа шегіп, зәбір көрген момақан қозыдай сезініп, өздеріне әділетсіздік көрсетті деп білген адамға да, қоғамға да бар ашу-ызасын төгеді. Және, қайтсе де өздерінде де болдырып, желінгендерін өндіріп, қорлықтарының қарымтасын қайтарып, бар әділдікті сонымен тамамдауға тырысады. 

Мұндай жандар әдетте өте шыдамсыз да келеді. Сол себепті де олар қашан өз дегендеріне қол жеткізгенше көңілдері көншіп, байыз таба алмайды. Сол себепті де олар шамалары жетсе күшке жүгініп өз әділдіктерін орнатуға тырысады. Міне, осындай әділдік іздеушілердің бас қосып, күш біріктірулерінің нәтижесінде бір әділетсіздердің орнын басқа бір әділетсіздер басқан небір қанды төңкерістер жүзеге асып, тұтас қоғамдар да мезгіл-мезгіл бір аунап тұрып жатады. 

Мұндай жандар «Не ексең соны орасың» деген әділдік заңын мүлде мойындамайды. Сол себепті де олар небір жаман істерді жасайды да, ол істерінен тек жақсы нәтиже ғана күтеді. Олар әділдік заңын белден баса отырып, жамандық арқылы жақсылыққа қол жеткізбек болады. Бұл шын мәнінде ақымақшылық. Әділдік заңы ешқашанда, ешбір жанның ырқына көнбейді. Сол себепті де әр адам өзі қаласа, да қаламаса да жаман істерінің ащы жемістерін сөзсіз тататын болады. 

Егер бұл дүниеде бір адамның жамандығы кездейсоқ жазасыз кететін болса, онда бүткіл жамандықтың да ондай мүмкіндігі бар болғаны. Бұлай жамандық атаулының жазасыз кетуі жаман істерді жақсы көріп, күнаға әбден батқан жандар үшін ғана өте пайдалы. Сондықтанда ондай жандар бұл дүниенің әділ заңдылықтың дүниесі емес, кездейсоқтық жайлаған тәртіпсіздіктің дүниесі болғанын жан- тәндерімен қалайды. Және, солай деп дәлелдемек болады. Өйткені, олар әділдік заңы бойынша зиянда қалушылар. 

Әрине, тірліктің қамы мен бабын іздеп, дүниенің қызықтарынан басын ала алмай жүрген жандар өздерінің іс-әрекеттерінің оң-терісі мен ақ-қарасын анықтап, басын қатырып жатқысы келмейтіні анық. Олар үшін қандай жолмен болса да көздеген мақсаттары мен аңсаған армандарына қол жеткізсе болғаны. Бірақ, олардың мұндай көрсоқырлықтары жаратылыстың әділ екендігін жоққа шығара алмайды. Олар түсінсін, мейлі түсінбесін, қабылдасын, мейлі, қабылдамасын әділдік өз дегенін істеп олар жамандықтарының салдарынан бейнетке ұшыраумен болады. 

Бірақ, мұндай жандар бастарына түскен бейнетті өздерінің жаман істерінің әділ жазасы емес, кездейсоқ тап болған сәтсіздік деп өздерін алдарқатумен болады. Олар кездейсоқтық дегеннің өздері ойлап тапқан жұбаныштары ғана екенін, шындығына келгенде өмірде себепсіз ешқандай жамандықтың да, жақсылықтың да болмайтынын түсінгілері келмейді. 

Олар ойларына келгенін істеп адамның алдында да, Алланың алдында да есеп бермегенді жақсы көреді. Олар қолдарымен істегендерін мойындарымен көтеріп, жаман істерінің ащы жемістерін татқылары келмейді. Сол себепті де олар қуаныш та, қайғы да қатаң заңдылық бойынша емес, көбіне сәтіне орай кездейсоқ келетініне сенуге тырысады. Және, сенеді де. 

Ондай жандар жасап жүрген небір жаман істерін ешкім көріп – білмеген жағдайда өздерін өте жайбарақат ұстап, миықтарынан күліп жүреді. Бірақ, олар назарынан еш нәрсе де тыс қалмайтын Алла Тағаланы ескермей қатты қателеседі. Шын мәнінде жамандық атаулының жауапсыз кетуі дүниедегі ең сұмдық әділетсіздік болар еді. Осыншама әділетсіздікке адамның санасы көндіккенмен оны жаратылыс заңы көтермейді. Ол мүмкін емес. 

Өйткені, жаратылыс иесі Алла Тағала әділ. Олай болса, өздерінікін жөн қылып тиісті жазадан құтылып жүрміз деп ойлайтын кейбір мықтылардың сенімдері басын ғана жасырып көрінбей жатырмыз деп мәз болатын кішкентай балалардың ақымақшылығы ғана. Шындығында Алла Тағаланың әділ заңы бойынша олардың жамандықтары түгел есептеліп, тиісті сыбағалары дайындалып, тек қана өз уақытын тосып төбелерінен төніп тұрады. 

Қандай қайғы- қасірет болмасын жаза болып анықталады. Ал, жаза қашанда әділ болып табылады. Бірақ, адам баласы көбінесе бұл жазаның түп-төркінін тани алмайды. Сондықтан да олар өздерін жазықсыз жапа шеккендей сезініп наразылыққа бой алдырып жатады. Бұл наразылық Алланың әділдігіне сенбеушіліктен туындайды. Сол себепті де ол Аллаға қарсылықпен ұштасып жатады. 

Кейде мұндай наразылықтың төркінінде өз кінасын мойындағысы келмейтін кісінің «не болса да менікі жөн болуы тиіс» деген пендешілік қыңырлығы жатады. Мұндай адам басына түскенге көнгісі келмей ашу-ызаға беріліп, тағдырынан бастап жағалай кіналап, қарғап-сілей бастайды. Және, ол өзінің әділетсіздікке ұшырағанын қызу дәлелдеп, қайтсе де өзін ақтап алуға тырысып бағады. 

Ал, өзін ақтаудың қисыны келмей жатса «бәрінің де жасайтындары осы, ала-бөтен мен неге бәлеге тап болдым, осы да әділдік пе?» деп шағынатын болады. Адам баласы үшін бұл дүниеде өз кінасын мойындаудан өткен қиын нәрсе жоқ шығар. Сондықтан да олар дүниеде әділдіктің жоқ екенін дәлелдеуге, немесе, Алла Тағаланы әділетсіз деп айыптауға бейім тұрады. Егер адамдарға өз кінасын көріп білетін хикмет берілсе, онда олар Алла Тағаланың кеңшілігі болмаса өздерінің қандай зор бақытсыздықтарға тап боларын түсініп өздерінің шүкірсіздіктерінен қатты шошынған болар еді. 

Біле білген адамға Алланы мойындамаудың өзі зор әділетсіздік. Адамға тіршілік ету үшін жер бетін қолайластырған, оған өмір силап осы жерді бастырған, және тиісінше жағдай жасап қажетті нәрселермен қамтамассыз етіп те отырған Алла Тағаланы жоқ деу қисынға сия ма? Негізінде, адам баласы қандай жақсы жағдайға да тез үйреніп, оны солай болуға тиісті нәрсе ретінде қабылдап, бағалау қабілетінен айрылып қалады. Сол себепті де көп адамдар өздері үшін жасалған бар жағдайды қалыпты нәрсе ретінде санап оның бәрін мөлшерлеп, тиянақтап, ретін келтіріп пайдаландырып отырған Алла Тағаланы танып, мойындауды жөн санамайды. 

Адам үшін Алла Тағалаға бой ұсынбаудың өзі зор әділетсіздік. Өйткені, Ол адам баласын жер бетіне иелік еттіріп, оған көптеген нәрселерді бойұсындырып қойды. Егер Алла Тағала кеңшілік етпесе адам үшін үйреншікті болып кеткен үй жануарлары мен құстардың, және хайуандардың ешқайсысы да оған бағынбас еді. Бұған қолға үйретіп, асырауға көндікпейтін көптеген аңдар мен құстардың бар екені нақты дәлел. Өздерінің иелігіндегі барлық жанды да жансыз нәрселердің өздеріне сөзсіз бағынғанын қалайтын адамдардың кейбіреулері өздерінің Иелері болып табылатын Раббыларына бойұсынуды қажет деп санамайды. 

Адам үшін небір жанды да жансыз пұттарға табынып Аллаға серік қосудың өзі зор әділетсіздік. Өйткені, олар өздерін өздері қорғай алмайтын, өздерін өздері емдей алмайтын, өздерін өздері қамтамасыз ете алмайтын, өздерін өздері ажалдан сақтай алмайтын, өздері Алла Тағаланың толық құзырында тұрған біреулер мен бірдеңелерге ес-түссіз құлдық ұрады. Солардың ықыластарын алу арқылы жақсылыққа қол жеткізуді үміт етіп Алла Тағаланы мүлде ескерусіз тастайды. 

Міне, осындай жандар «біз осы Алла Тағалаға қатысты зор әділетсіздіктер жасап жүрміз-ау»-деп қиналмақ түгел, ол жайында тіпті ойламайды да. Бұлай жақсылықты бағаламай Алла Тағалаға әділетсіздік таныту адам баласы үшін зор кіна. Басқа ешбір айыбы болмаса да осы Алланы мойындамау, Аллаға бой ұсынбау, Аллаға серік қосу айыптарының әрқайсысы да оны зор қайғы-қасіретке ұшыратуға толық жетіп жатыр. Олай болса, Аллаға қатысты осындай зор әділетсіздіктер жасап жүрген адамның «менің не жазығым бар еді!»-деп мүләйімсуі бекершілік. 

Мұндай жандар «өмірде ешкімнен де кем болмай, ештеңеден де мұқтаждық көрмей, қашанда мерейім үстем болып жүрсе, міне, нағыз әділдік деген сол»-деп ойлайды. Бірақ, олар «Бұлай болуы мүмкін бе? Мүмкін болса да мен ондай құрметке лайықпын ба?»-деп ойламайды. Өйткені, адам баласы қашанда жер жорғалап жүрсе де өзін көкте самғап жүрген қыран құстай сезінеді. Бақырлық бағасы болса да өз басын сап алтынға бағалайды. Босағадан бас сұғуға тұрмаса да төрдегі орыннан дәмесі болады. Сондықтанда олар өз орындарын білмей өңмендеп дүние игіліктеріне таласумен болады. 

Шындығына келгенде, адам қай уақытта неге тұрады, Алла Тағала да оны артық та емес, кем де емес сондай жағдайда ұстайды. Мен бұдан да жақсы жағдайға лайықпын деп тұлдану ол адамның өзін артық бағалап, астамшылыққа бой алдырғанын ғана көрсетеді. Өзінің неге тұратынын адам білмейді, Алла біледі. Олай болса, Алла Тағаланың әділдігіне күман келтіріп, оны түзеуге тырысу бекершілік. Адам Алла Тағаланың өзіне берген бағасын емес, өзін түзеуі керек. Сонда ғана ол өзінің шын бағасын көтеріп, лайықты игіліктерінің де, қалаулы қызықтарының да мөлшерін арттыра алады. 

Бұл дүниеде әділдік іздеушілер көп, бірақ, өзі әділ бола алатын адам аз. Әділдікті талап етушілер көп, бірақ, өзіне де сондай талап қоя білетін жан сирек. Сол себепті де дүниеде әділетсіздік көп тәрізді көрінеді. Еңбегі желінген адам «мен де біреудің еңбегін жеп едім» деп, өзі қорланған адам «мен де біреуді қорлаған едім» деп ойлап жатпайды. Егер сол адам өзіне де сын көзбен қарап «оның орнында өзім болсам қайтер едім?» деп ойласа көп жағдайда өзінің де сондай әділетсіздіктерге бейім екенін байқап өзгелерді айыптаудан тартынар еді. 

Шын мәнінде өзі әділ адам ғана әділдікті талап етуге құқығы бар. Бірақ, ондай адам ешқашанда өзі үшін әділдік іздемейді. Өйткені, әділдік оның өзін іздеп табады. Ал, өзі әділетсіз адамның өзі үшін әділдік талап етуінің өзі әділетсіздік емес пе? 

Шын мәнінде әділдік иманды, Аллаға құлшылық етіп, жақсы істер жасайтын адамдар үшін ғана пайдалы. Өйткені, әділдік дегеніміз жамандықтың тиісті жазасын тартып, жақсылықтың өзінің лайықты сиын алуы. Ал, жаман істерді көп жасап күнаға белшесінен батып жүрген адамның өзі үшін әділдік іздеп сабылуы өзіне кесілген жазаның тезірек орындалуын талап етіп қуыну тәрізді ессіздік емес пе? 

Бұл дүниеде әділдік жоқ деп налып жүрген әрбір адам ең әуелі «сол әділдік маған жақсылық әкелер ме еді?» деп ойлауы тиіс. Және, осынау тірліктен өзі үшін әділдік іздеп босқа сабылғанша сол әділдікке лайық болуға барынша тырысқаны жөн. Сонда ғана ол екі дүниеде де, ақиретте де зиянда қалмайтын болады.

Шындығына келгенде әділдікті осынау қас-қағым өмірдің тар аясына сиғызу тіпті де мүмкін емес. Сол себепті де адам баласына екі дүние мен ақирет күнін талассыз шындық ретінде қабылдауға тура келеді. Осылай екі дүние мен есеп күні ақиретті қосқанда ғана ақиқаттың тұтас бейнесі қалпына келеді. Сонда ғана әділдік те өзінің толық бейнесінде көрініс табады.

Жақсылық өзінің лайықты сиын алып, жамандық өзінің тиісті жазасын тартады деген ақирет әділдігіне сенбейтін адамға бұл дүниеде өмір сүру өте қиын. Ондай сенімсіз бұл дүниенің ешқандай да мәні де, тиянағы да жоқ. Сол себепті де әрбір парасатты адам Аллаға, ақирет күніне сенуге мәжбүр. 

Аллаға иман келтірген жандар қандай ауыр бейнетке тап болса да оны өзінің әділ жазасы ретінде қабылдап сабыр сақтауға тырысады. Өйткені, олар Алла Тағаланың әділдігіне сөзсіз сенеді, сондықтан да орынсыз наразылық білдіріп жүрегін қарсылыққа беруден сақтанады. 
Олар Алла Тағаланың мейрімі мен рақымына да сөзсіз сенеді. Сондықтан да сабырмен, намазбен Раббысынан жәрдем тілеп, құлшылықтарын арттыра түседі. Сол арқылы олар өздерінің бар қиындықтарын жеңіп шығады. Міне, осылар зор игіліктерге ие болушылар. 

Maсa.кз. 29.03.2011.  http://galym.jimdo.com

gbaqytkereiuly
26 марта 2013, 14:21
296

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10807
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4431
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3806
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3804
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3525
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2986
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3158
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2831
  • 19