Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
20:33, 25 марта 2013

Ербол тағы ерледі

ҚЫТАЙ. 25 наурыз. BAQ.KZ - Қытайдың «Шыңжаң жас әншілері» атты телебайқауда қазақ азаматы Ербол Жеңісбекұлы алтын медальді еншіледі.

 

Blog post image

9-рет өткізіліп отырған телебайқауға қатысқан жас әншілер арасынан үш мықты 15 наурызда ғана белгілі болды. Алтын медальді тағынған қытайлық қандасымыз Ербол Жеңісбекұлы болса, күміс пен қола медальдар ұйғыр қызы Гүлнигар Абдұзайы мен қытай қызы Уаң Юан-Юанге бұйырды. Ербол бастаған бұл реткі сыннан сүрінбей өткен алты әнші алдағы уақытта бүкіл Қытай жастары арасында 15-рет өткізілгелі отырған телефестивальде бақ сынасатын болады.


Ербол Жеңісбекұлы 1990 жылы ҚХР Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Қазір Қытай Орталық ұлттар университетінің музыка факультетінің студенті. Ол бұдан бұрын бүкіл Қытай жастары арасында өткен ән фестивалінде жеңімпаз атанып, миллиард халықтың таңдайын қақтырған болатын. Халқымыздың бұлбұл көмей, жез таңдай ұлдары қайда жүрсе де қазақ атын асқақтатып, абыройын асырып аман-есен жүре берсін деп тілейміз.

 

Майгүл СҰЛТАН

 
0
460
0